Дүйсенбі, 05 Маусым 2023 21:06

Тартысқа толы бокс турнирі

Есік қаласында Алматы облысынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Станислав Тынысбековтің жүлдесі үшін бокстан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық дәстүрлі турнир өтті.

Байрақты бәсекеге еліміздің түпкір-түкпірінен 200-ден астам боксшы қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне отандық бокстың ардақты ардагерлері, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионаттарының жеңімпазы, Ұлттық жекпе-жек федерациясының президенті Сабыржан Махметов, ережесіз жекпе-жектен әлем кубогінің иегері Елмұрат Қайыпжанов, өзге де елге танымал спорт саңлақтары қатысты. Қызыл бұрыш пен көк бұрышта арнайы спорт киімдерімен бұлшық еттері шиыршық атқан түрлі салмақтағы жасөспірімдер барлық шеберліктерін салып сайысты. Қарсыластар аянбады. Бокс қолғабын қанша жұмсақ дегенмен, негізінен жеңіл жарақат ретінде көбінің мұрындары қанады, бірі жеңді, бірі жеңілді. Жарыс қортындысы бойынша, командалық есепте Еңбекшіқазақ ауданы І, Алматы қаласы ІІ, ал Жетісу облысы ІІІ орынға тұрақтады. Соңында жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен, медальдармен марапатталды.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 1786 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет