Бейсенбі, 23 Мамыр 2024 11:57

Мәліктің мәртебесі

Мәлік Нәдірбеков Қаратұрық ауылдық округіне қарасты Достық ауылының тумасы.  Ол – КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Мәлік ел біріншілігінде бес рет үздік шыққан, ауыл жастары арасында Одақ чемпионы атанған. Ол әйгілі балуан әрі жаттықтырушы ретінде өзін жақсы қырынан таныта білген, еркін күрестен Қазақстан спорты тарихының есімдері алтын әріппен жазылған балуандардың ішіндегі бірі әрі бірегейі. Мәлік Нәдірбеков еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының тізгінін ұстап, қаншама білекті  балуандарды тәрбиелеп шыққан білікті бапкер. Оның ел спорты үшін еңбегі еленбей қалған жоқ. Еркін күрестен КСРО кезінде боз кілемнің төрінде, Одақта  қазақтың абройын асқақтатқан балуандардың  қатарында аты ерекше аталады.

Міне, осындай ерен еңбегі-мен мәртебесі биік Мәлік Нәдір-бековтің  жүлдесіне арналған еркін күрестен 2011, 2012 және 2013 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық турнир өтті. Жаңа пайдалануға берілген Шелек дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде алғаш рет өткізілген бұл жарысқа Қонаев қаласының, Алматы қаласының, Жетісу облысының, Райымбек, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарынан 200-дей жас балуан қатысты. 14 салмақ бойынша ұлдар, 6 салмақ бойынша қыздар өзара бақ сынасты.

Жарыстың ашылу салтанатына облыстық спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков, аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Елмұрат Қайыпжанов, КСРО спорт шеберлері атанған ардагер балуандар Рыскелді Жақабаев, Дәулетбек Тілеужанов, Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуат Абдакимов сөз сөйледі. Мәртебелі  Мәлік пен жұбайына шапан жауып, мерейін өсірсе, балуан тарапынан да келген қонақтарға сый-сияпаттар жасалды.

Екі күнге созылған жарыс-та ұлдар арасынан Жамбыл ауданының «Үшқоңыр» командасы жеңімпаз атанды. Еңбекшіқазақ ауданының  «Тұран» командасы ІІ орынды, ал Шелек ауылы №2 БЖСМ-і ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ қыздар арасынан Еңбекшіқазақ ауданының командасы жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды Қонаев қаласының, ІІІ орынды Жамбыл ауданының «Үшқоңыр» командасы бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегер-лерге арнайы медальдар мен алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді. Команда бойынша жеңімпаз, жүлдегерлерге кубок табысталды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 1279 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Аудан біріншілігі мәресіне жетті Еске алу турнирі »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет