Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:00

Жақсылықтың шыңына бастайтын жарыс

Жасөспірімдерді спортқа баулып, дені сау ұрпақ өсіру – мемлекет саясатының негізгі бағытының бірі.

Соған сай жуырда Шелек ауылында жаңадан бой көтерген Жақсылық  Үшкемпіров атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде грек-рим

күресінен жасөспірімдер арасында республикалық   турнир өтті.

 

Осы күрес түрінен Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері атанып, спорттың  да, еңбек-тің  де шыңына айналған Жақ-сылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жарысқа 12 команда, 200-дей жасөспірім балуандар боз кілемде бақ сынасты. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент қаласы, Жетісу, Түркістан облысы, Жамбыл, Қарасай, Балқаш, Іле, Түрген, Райымбек, Кеген және Еңбек-шіқазақ аудандарының таң-даулы балуандары белдерін бекем буып, топқа түсті.

Турнирдің ашылу салтанатында ел Гимні орындалып, арнайы келген қонақтар – балуанның туыстары,  Грек-рим күресінен  әлем, Азия, халықаралық жарыстарда топ жарған балуандар, облыс, аудан әкімдігінің қызметкерлері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары мен белсенді азаматтар таныстырылды. Салта-натты жиында сөз алған облыс-тық «Аманат» партиясының төрағасы Қуат Байғоджаев, Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев  Жақсылықтың спортта қол жет-кізген жеңістері мен ел экономикасын өркендетуде өзіндік үлес қосқан ерен еңбегін тілге тиек етіп, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Жеңіс күнінің қарсаңында, Жақсылық аталарының шық-қан шыңына бастайтын, үш күнге созылған кілем үстіндегі белдесудің  қорытындысы бойынша, салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды иеленген спортшыларға арнайы медальдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 1463 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет