Кедергісіз келешек
Өмірде бастарына түскен қиындыққа мойы-май, тек жақсылықтан үміттеніп алға ұмтыла-тын адамдар жетерлік. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар. Олардың ерлігі, өмірге деген көзқарастары аз күндік қиындыққа шыдамайтын сау адамдарға мәңгілік үлгі екендігі анық. Сондай қайсар жанның бірі – Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының тұрғыны Еркінов Дидар Нұрланұлы.
Дидар Еркінов 2004 жылдың 1 наурызында өмірге келген. Өкінішке қарай, туылғаннан мүмкіндігі шектеулі, қол-аяғында кінәрат болғандықтан басқа балалар секілді асыр салып емін-еркін ойнай алмайды. Өмірдің не екенін ерте сезінген Дидар, Алланың басқа салған сынағынан сүрінбей өтіп келе жатыр. Бүгінде ол Азат орта мектебінің 5 сыныбын аяқтады. Денсаулығына байланысты мектепке бара алмағандықтан, мұғалімдер оны үйіне келіп оқытады. Білімге деген құлшынысы жоғары жеткіншектің сабақ үлгерімі жоғары екен. Математика мен тарих пәндерін ерекше жақсы көретін Дидар барлық пәндерді 4 пен 5-ке оқып жүр. Озат оқушының бірі боп жүргені ата-анасының көңіліне қуаныш сыйлап, мерейін өсіруде.
Ерекше тоқталып кететін жәйт – Дидар осы күнге дейін спортпен шұғылданып, қолөнермен және сурет салумен айналысып келеді. Сондай-ақ, түрлі жарыстарға қатысып жеткен жетістіктері мен алған асулары аз емес. Алматы облысы ІV жазғы Параолимпиадалық ойындарында жеңіл атлетикадан, нақтырақ айтсақ 100 метрге жүгіруден 2-ші орынға, ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық V спартакиадасында жүлделі 3-ші орынға ие болды. Сурет салумен 8 жасынан бастап айналысатын балақайдың туындылары көптеген байқауларда жүлде алып жүр. Ол тарихи суреттерді, батырлардың бейнесін салғанды ұнатады. «Әлем – балалар көзімен» байқауында Құрмет грамотасымен, Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Бала – өмірдің гүлі» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде қолөнер бойынша бас жүлдені жеңіп, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды. Талантымен талайды тәнті ете білген өнерпаз республикалық «Мектеп», «Жыл он екі ай» журналдарына шығып үлгерген.
Анасы Бақыт Әденқұлова – Дидар «өзін өзгелерден кеммін» деп ешқашан еңсесін түсірген емес. Тиісінше, достары да көп, балалармен тез тіл табысады. Қолынан келген мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, сауығып кету үшін бәрін істеп талпынуда. Бүгінде баламыз бассейнге барады, шахмат, дойбы үйірмелеріне қатысады. Жақында Дидардың аяғына ота жасалып, оң өзгерістер байқалып, бізге жақсы үміт сыйлауда. Бала үшін барыңды беретінің белгілі, еткен еңбектеріміздің ақталуын Алладан үнемі тілейміз. Баламызға қамқорлығын аямайтын мектеп директоры Шолпан Қошақановаға және үйімізге келіп білім беріп жүрген барша ұстаздарына алғысым шексіз – дейді.
Иә, өмір сынағын көтере білген Дидардай дарын иесін Алла тағаланың сүйікті пендесі деп білеміз. Оның барға тасымайтын, жоққа жасымайтын мінезі, өмірге деген сүйіспеншілігі мен көзқарасы – өзімен жасты дос-тары түгіл, үлкендерге де үлгі. Дидардың алақандай жүрегіндегі, алатаудай армандарының орындалуын, өмірден өз орнын тапқан арыстай азамат болуын шын жүректен тілейміз!
Ринат НАРХАНОВ.
суретте: «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчество-лық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов Дидар Еркіновты марапаттау сәті.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ал олардың дұрыс тәлім тәрбие мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету – жарқын болашақтың бас-тауы. Жақында Есік қаласында, Ават, Түрген, Бәйдібек би ауылдық округтерінде Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай «Нұрлы Жол» бағдарламасындағы Тәуелсіздікті нығайтуға негізделген қоғамның жалпы жүйе құндылықтарын қалыптастыруға, «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» идеяларын насихаттауға арналған аудан жастарымен кездесу өткізілді. Келелі кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, «Жетісу жастары» ұйымының «Конгресті жас-тар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жомарт Қаратас, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушы маманы Ерлан Матай, жастарға қызмет көрсету бөлімінің бас кеңесшісі Дәурен Нұртаев, аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айбек Ілебаев қатысты.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, бүгінгі жастар – жарқын болашаққа апаратын алтын көпір. Сол көпірдің тұғыры бекем болуы жастардың өз қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та жыл сайынғы Жолдауларында жастар мәселесін ұмыт қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға деген қамқорлықты ұлғайта түсті. Осы орайда жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын насихаттау, талқылау мақсатында облыстық ақапараттық-насихат тобы мен аудан жастары арасында отырыс өтті. Жиынға облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Рүстем Қанапиянов, облыстық дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкері Ерлан Матай және аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Айбек Ілебай қатысты.
Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде. Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Осы тұста ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бізге рухани азық болды.
Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқататын бағдарламалық мақала мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағыт-талған құжат. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді Мұхтар Әуезов. Әрбір қазақстандық өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруді үйренудің жолдарын білуі тиіс. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспеттес. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, барлық мемлекеттің алдында заманға сәйкес жаңғыру міндеті тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс.
Қазір өзгерістерді тек қолдау ғана емес, іс жүзінде қолға алу да маңызды, ол әрбір қазақстандықтың өмірінде басталуы тиіс. Психологтардың айтуынша, түптің-түбінде барлық өзгерістер адамның мінез-құлқының өзгерістеріне келіп саяды. Біздің барлық қорқыныштарымыз, шектеулеріміз, тілемейтін ойларымыз тек өз басымызда ғана. Сондықтан, жеке мақсаттарды іске асыруымыз тек біздің өзімізге, алдағы міндеттерді қалай сезініп, түсінетімізге, табысқа жетуге қаншалықты ынталы екенімізге, әрқайсымыздың өз өмірімізде оң өзгерістер болуы үшін қандай әрекеттер жасауымызға байланысты.
Аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады Елбасы мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Демек, Мәңгілік ел болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениет-ті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.
Нұржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары,
Әдеп жөніндегі уәкілі.
Бүгінгі күнде бала тәрбиесіне қатысты ұстаздар тарапынан көптеген ізденістер жоспарланып, жүзеге асырылуда. Әрине, ұрпақ тәрбиесінде рухани тұғырды нығайту аса қажет.Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» еңбегінде қоғамдық сананы жаңғырту басты шарттарының бірі – өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау және іргелі негіз – патриотизм болып табылатындығын көрсеткен.
Бастауыш сынып оқушыларына бұл бағытта арнайы жоспар жүйесінде тәрбие сағаттары, түрлі шаралар ұсыну жолға қойылған. Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлар және патриотизм өзара байланыса отырып, ұлттық идеяны қалыптастыратынын ойласақ, біз кішкене баланың бойында азаматтық сана, ұлттық рух қалыптасуын көздейміз. Осыған байланысты патриотизмге баулу, ұлттық мемлекет стратегиясының іргелі бағдарлары кеңінен қарастыры-луда. Олардың еліне, жеріне деген сезімі қаланады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басты мақсаты да сол – өз ауылы, қаласы, жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген махаббат, мақтаныш пен адалдық, адамгершілік борыш сезімінің қалыптасуы.
Осы бағытта өзім жан жақты жұмыс жасап, шараны ата-аналармен ғана емес, қоғам қайраткерлері, түрлі мамандық иелерімен біріге өткізуге тырысамын. Қазақстандық азаматтарды тұтастырып тұрған үлкен мұраттар мен идеялар бар: ол – мемлекетіміздің гүлденуі, үлкен жетістіктерге қол жеткізуі. Олай болса, соны жас ұрпаққа жеткізу қажет, солардың бойына сіңіру керек.
Әр ауыл мектебі – мемлекеттің шағын бөлшегі, әрбір бала – қоғамның белсенді мүшесі. Демек, бұл бізге мектептегі әр оқушыға елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтын келешек отансүйгіш азамат деп қараумен қатар, өзінің және айналасындағы өзгелердің өмірін, білім мен тәрбие алуын, құқығын, міндетін зерделеп, реттей алатын толыққанды белсенді азамат деп қарау және олардың көзқарасымен, пікірімен санасу міндеттерін жүктейді.
Оқушылар жазғы демалыста ауыл адамдарымен бірлесе отырып, туған ауыл тарихы туралы деректер жинап, әңгіме, реферат жазып, ауыл тақырыбында сурет салу және мүшәйраға өз шығармашылығын ұсынуға тапсырма алды.
Мектеп ұстаздары және басқа тұлғалар туралы деректер жинақтауды да жоспарлап отырмыз. Осы шаралардың қай қайсы да оқушы, бүгінгі ауыл баласы – ертеңгі ел тұлғасы жүрегіне ұшқын тастағаны, рухани қуат сыйлағаны сөзсіз.
Енді осы жұмыстарды жүйелеп, арнайы жұмыс бағ-дарламасы ретінде жалғас-тыруды ойластырудамыз, бұл – бала жүрегіне елжандылық пен рух сыйлайтын игі іс. Расында, рухани жаңғыру – тәрбие бесігінің алтын діңгегі.
Дана ЖАНСЕРКЕЕВА,
Көктөбе орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген еді. Демек, ұлттық-рухани тамырымыздың негізі – отбасынан бастау алады десек қате болмас. Халқымыздың тамыры терең тартқан, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтың бірі де – отбасы құндылықтары. Үлкенін үлгі тұтып, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы «Отан – отбасынан басталады» десе, көреген Елбасы: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп қоғам үшін маңыздылығын көрсетіп берді.
Отбасылық құндылықтардың орталығы ол – Ана. Ана рухани құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруші, от басындағы берекені бекемдеуші. Ал, әке сол ұяны сақтаушы, қорғаушы, жарына – тірек, ұрпағына – үлгі болу керек. Осы тұста ана мен әкеден де жоғары ата мен апа статусы бар екенін естен шығармайық. Ана мен әкені бағыттап, ұлттық дәстүрді үйретіп отыратын адамдардың бүгінде: енесі келінін аңдып, сыртынан жамандап бөтенсіткені, аталар көшенің әңгімесі мен көршінің көлігінен басқаны айта алмағаны – ұлттық құндылықтарды құлдыратуда. Кесірінен, қаншама жас отбасылар бір-бірін түсінбей екіге ажырауда. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы ресми деректерге қарағанда, қалалық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайызға жетсе, ауылдық жерлердегі ажырасу деңгейі 27 пайызды құраған. Сондай-ақ, ажырасулардың 40 пайызы алғашқы бес жылда орын алатыны да ойландырады. Ең сорақысы, соңғы бес жылда еліміздегі тіркелген некенің саны азайып, ажырасулардың саны көбейген. Неге десеңіз, түбімізден, салтымыздан ажырап бара жатқандаймыз. Жас қыздар келін болудың мәнін түсінбесе, кей енелер дәстүрді дәріптемек түгілі, жас жұбайлардың арасына от салуда... Осы тұста ұлт құндылығы жайлы батыр Бауыржан Момышұлынан асып ештеңе айта алмаспыз: «Қай ұлттың болмасын ана тілі, ата дәстүрі, салт-санасы – сол халықтың өзіндік қадір-қасиетін, жан-дүниесін, тұрмыс-тіршілігін көрсететін төс белгілері. Олар – бүкіл бір халықтың өмір жолында ғасырлар бойы мысқалдап жинаған рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ардақ мұрасы. Онсыз қара шаңырағы бар іргелі ел болып, бүтін ұлт болып қалу мүмкін емес. Ана тілі, ата дәстүр өзінен-өзі жалғаспайды немесе біреу сырттан келіп сен үшін көсегеңді көгертіп сақтап та бермейді. Халықтың өз бет-бейнесінен айырылуы не сақтап қалуы – әрбір ұрпақ өкілінің өзінен кейінгі ізбасарларына бабалар аманатын қай сапада жеткізуіне байланысты». |
Өз ұлтымызға ғана тән құндылықтарымызды бүгінде біреу білсе, жүзі білмейді. Ауыз толтырып, түсінікті де ұғымды қылып айтар қариялар да шамалы. Құндылықтарымызды біліп, оны білмегенге жеткізу мақсатында батыр баба Бауыржан Момышұлының қолына су құйып, шәйін демдеп, тәлімін тыңдап тереңіне жеткен келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабының желісі-мен ұмыт қалған салттарымызды қайтадан санамызға сіңіруді жөн санадық. Әсіресе, енелер мен аналар, келіндер мен қыздар үшін, себебі бесік тербетушілер ғой, аса құнды мәліметтер легі болмақ. Солардың алғашқысы – Құрсақ шашу. Мұндай салтты сіздің отбасыңызда орындап па еді? Әлде құлағыңызға алғашқы рет жетіп тұр ма? Қалай болғанда да ендігі жерде біліп, қажет болса орындай жатарсыз.
Ата-ананың басты арманы орындалып, шаңыраққа келін түсті. Сөйтіп, келін түсіп бір тілегіне жеткен тілеуқор ана уақыт өткен сайын келіннің бойындағы, жүріс-тұрыс, әдетін-дегі кішкентай өзгерістің өзін қалт жібермей, оның себебін турасынан сұрамай, қамқорлы-ғын жасай жүріп бақылауға алады. Тек ене ғана емес, абысын-ажын, ауылдағы жанашыр аналар жақсылықтың нышаны қашан байқалар екен деп қадағалап күте бастайды. Күндердің күнінде келіннің асқа тәбеті тартпай, қалтарысқа барып лоқсып жүргенін көрген әйелдердің бірі оның енесіне келіп: «Келініңіздің құрсағы аққа жарыған екен» деп, немесе «Келініңіз ақ алғысты болыпты» деп әдемілеп, астарлап жеткізеді. Қуанышты хабарды алған жөн білетін енелер ризашылығын білдіріп, «Құлақсүйіншісін» беретін болған. Ұрпақ қамын ойлаған көргенді ене арнайы дастархан жайып, ауылдағы әйелдерді «құрсақ шашу», кейде «құрсақ той» деп аталатын дәстүрлі қонаққа шақырады. Шақырылған әйелдер құрқол келмейді, әрқай-сысы өз үйлерінен әртүрлі тағам әкеледі. Ондағы мақсат – келіннің жерік асын табуға жәрдемдесу. Құрсақ шашудың негізгі мәні де, мақсаты да осын-да жатыр. Өйткені, бойына алғаш бала біткен тәжірибесіз келіншек бұрын-соңды өзінде болмаған сезім-түйсіктерді басынан кешеді. Көңілінің неменеге соғып тұрғанын, тәбетінің қандай асқа ауатынын дөп басып айта алмай, не екенін анық түсінбей аласұрып қиналады. Осы бір аса жауапты кезеңде ақыл-кеңес айтып, жерігін табу-ға көмектесіп мейірім таныту сауабы мол қасиетті іс саналады. Құрсақ тойда жас келін әлгі әйелдер әкелген тағамның бірін сүйсініп жесе, оны әзірлеп әкелген әйел қуанып, мәртебесі асып-ақ қалады екен. Содан келіннің жерігі қанғанша сол дәмді ас иесі жасап беріп қамқор болады.
Барлық игіліктердің бәрі отбасы болып құрылғаннан кейін жалғасады, жүзеге асады. «Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деген де содан болар. Қазақтың салты мен дәстүрі, ғұрпы мен әдеті – отбасылық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Сондықтан, Зейнеп апамыздың кітабының желісі бойынша бұл бастаманы әрі қарай да жалғастыратын боламыз. Күретамырымыздан ажырамай, келешегіміздің қамы үшін атқарылатын, жазылатын дүниелерге Сіздің де атсалысуыңызға болады, құрметті оқырман!
Алмагүл НҰҒМАН.
Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанында ұлтаралық татулықты және келісімді нығайту мақсатында қызмет ететін Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасауда. Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің құрамында 22 адам бар. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық саяси тұлғалар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар.Сондай-ақ, аудандық қоғамдық келісім кеңесімен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтердің деңгейіндегі жергілікті 26, елді-мекендерде 15 және ірі кәсіпорындарда 4 қоғамдық келісім кеңестерінің ақпараттық топтары құрылып, мүшелікке жалпы 200-ден астам адам қамтылған.
Құрылған қоғамдық келі-сім кеңесінің мүшелері 5 институционалдық реформа-ның төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» аясында басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің 7 бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күнде аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрт отырысы өткізіліп, қаралған мәселелердің көбісі өз шешімін тапты. Қоғамдық келісім кеңесінің екінші бағыты – қайырымдылық шарасы бойынша демеушілер есебінен 6 млн.теңгеден астам қаражатқа 524 адамға қамқорлық акциялары өтті. Соңғы кездерде медиация арқылы әртүрлі деңгейдегі күрделі дау-дамайлар сот алдындағы келісім шарттар арқылы дұрыс шешімін тауып келеді. Жалпы медиация саласы бойынша 30-ға жуық іс қаралып, тараптарды татуластыру, келісімге келтіру арқылы жұмыстар жүзеге асырылды. Барлығы ауданымызда 54 ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етуде. Ұлттардың ішіндегі басым көпшілігін құрайтын 10 этно-мәдени бірлестік бар және олар достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған істерді жоғары деңгейде атқарып келеді. Аудандық, облыстық және республика деңгейінде өткізілетін барлық іс-шараларда ауданымыздағы этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері толығымен қатысып, ұлтаралық татулық пен достығының нығаюына өз үлестерін қосуда.Сондай-ақ, Есік қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарында, қоғамдық келісім кеңесінің, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенді мүшелері бас қосып, өзекті мәселелерді шешуге, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосуда. Одан бөлек, аудандық және әрбір ауылдық округте ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары тағайындалған. Олардың құрамына әрбір ауылдан мүшелері сайланып, мәдени-көпшілік және қоғамдық маңызды іс-шараларға кеңінен қатыстырылуда. Өңіріміздің ұлтаралық татулықты насихаттауда өзіндік үлестерін қосып келеді.Мәселен, округ аумағындағы түрлі ұлт, этнос өкілдері арасында қоғамдық келісім, бірлік, татулық сияқты идеяларды насихаттай отырып, тұрмыстық кикілжіңдер мен түсініспеушіліктерді шешуде үлкен маңызды рөл атқарып, тұрғындар арасында жиындар өткізілуде. Бұл тұрғыдан аталған қоғамдық ұйымдармен аудандық ішкі саясат бөлімінің арасында тығыз байланыс орнатылған. Мемлекеттік орган-дарының қоғамдық-саяси аху-алдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік шиеленістерді шешудің алдын алу және болдырмау бойынша «Қоғамдық бірлік» атты аудандық мобильді жұмыс тобы құрылған. Құрамына жергілікті және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген. Осы топ арқылы орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша жеделдетіліп орынға шығып, топ мүшелері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасай отырып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы лот бойынша әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілуде. Осы жылдың басында «Еңбекшіқазақ ауданында қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мен этносаралық қарым-қатынасты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар өткізу» арнайы лот ойнатылып,жеңімпаз болған «Елім-ай» қоғамдық қоры 9 түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде, 2000-ға жуық адам тікелей куә болды.
Жалпы, бүгінгі таңда қоғам-дық келісім кеңестерімен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-эконо-микалық, мәдени және басқа да салаларды қамтитын ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 47 кездесу, 43 дөңгелек үстел, 20 семинар, 12 фестиваль, 8 форум өткізіліп, 30000-ға жуық адам қамтылды. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің жұмысшы органы ішкі саясат бөлімінің тарапынан аудан тұрғындарының арасындағы қоғамдық саяси ахуал деңгейін анықтау мақсатында әр тоқсан сайын кешенді сауалнамалар алынып, анализдік талдау жүргізіліп отырады және күнделікті бақылауға алынып, мониторинг жасалады. Аудан көлемінде ұлтаралық татулықты насихаттайтын көрнекі үгіт құралдары үнемі жаңартылып тұрады.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде 2018 жыл бойынша «Мы – единый народ», «Татулық – таудай қазына», «Достықты ту еткен фестиваль» сияқты тағы басқа да тақырыптарда жалпы 40-тан астам мақалалар жарық көрді. Аталған жұмыстардың нәтижесі ретінде қазан айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің V облыстық форумында үздік жұмыс көрсеткені үшін Еңбекшіқазақ ауданының қоғамдық келісім кеңесі бас жүлдені иеленді. Көпұлтты еліміздің басты міндеті – ел тәуелсіздігін баянды етіп, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына ену, «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру. Сондықтан да этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды біріктіру, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ұлт бірлігіне жетудің маңыздылығын насихаттауда аудан әкімдігі тарапынан барынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
М.ИСЛАМОВ, Еңбекшіқазақ аудандық
ішкі саясат бөлімінің
басшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары.
Лидер нации, председатель партии «Нұр Отан» Н.А.Назарбаев презентовал обществу «Пять инициатив Президента».
Хотелось бы отметить, что наш Президент, как дальновидный политик и стратег, в полной мере делает все возможное для народа Казахстана, для повышения благосостояния всех казахстанцев. Благодаря его программе «Пять инициатив Президента» появится возможность получить ипотечный кредит со ставкой вознаграждения не более 7% годовых, доступное и качественное высшее образование, улучшить условия проживания студенческой молодежи .
Долгосрочные стратегии, озвученные в Посланиях и программах Главы государства Н.А.Назарбаева, позволят нам, гражданам быстро развивающейся и процветающей страны, с активной поддержкой начинаний нашего Президента, сделать новый, еще более масштабный шаг по пути социальной модернизации.
К.БАЙГОДЖАЕВ,
первый заместитель председателя Енбекшиказахского районного филиала партии «Нұр Отан».
Мы – вместе, Мы– один народ
В Обращении «Пять социальных инициатив» Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев особое место уделил стремлению народа Казахстана к миру и добрососедству: «Именно благодаря единству народа и выверенной политике государства мы смогли с честью пройти все испытания. Сегодня уже в четырех областях Казахстана – Алматинской, Жамбылской, Западно-Казахстанской и Южно-Казахстанской открыты монументы Благодарности казахскому народу. Все эти памятники добровольно построены разными этническими группами Казахстана в благодарность земле и народу, поддержавшим их в трудную годину. И это вызывает ответную благодарность казахского народа за столь глубокое уважение к нашей национальной истории. Это взаимное уважение и доверие создают единство нашего народа. Это важное нравственное начинание, которое подтверждает широту души всех казахстанцев. Я убежден: благодарность возвышает всех. Каждый казахстанец внёс свой вклад в рост современного Казахстана. Я особо признателен этнокультурным объединениям. Вместе – мы прошли очень сложные времена. Я благодарен нашему народу, который всегда поддерживал меня в решающие моменты Независимости». Высокая оценка деятельности этнокультурных центров и объединений, данная Главой государства, зиждется на их постоянной и безусловной поддержке государственной национальной политики сплочения всех этносов. Благодаря этой политике, каждый этнос, не теряя своей самобытности, имея возможность сохранять свой язык и культуру, объединен под казахским шаныраком с другими этносами, составляющими единый народ Казахстана.
Один из самых активных этнокультурных центров Енбекшиказахского района – турецкий, объединяет свыше 18 тысяч турок-ахыска, компактно проживающих в городе Есике, в Шелекском, Тургенском, Коктобинском, Рахатском и других сельских округах.
В 1991 году был создан ОО «Республиканский турецкий этнокультурный центр», действуют его областные, районные и поселковые филиалы. С его поддержкой в РК регулярно издаются журналы и газеты на турецком языке, регулярно выходит на казахском, турецком и русском языках газета объединения «Ахыска».
Енбекшиказахский районный филиал ОО «Республиканский турецкий ЭКЦ» основан в 2000 г. Задачи районного ЭКЦ – укрепление межнационального согласия, вопросы быта, участие в районных культурных мероприятиях и праздниках, воспитание молодежи в духе казахстанского патриотизма, сохранение национальных обычаев и традиций. С первых дней его возглавляет предприниматель Ибрагим АЛИЕВ. Он расказывает:
– Огромный вклад в работу региональных филиалов делает председатель Республиканского турецкого этнокультурного центра, президент Всемирной ассоциации турок-ахыска Зиятдин Касанов.
Под его руководством республиканским объединением оказывается всесторонняя финансовая поддержка конкурсов по знанию государственного языка, выпуску книг турецких писателей, факультативному изучению родного языка, проводятся фестивали культуры, открываются спортивные секции, в том числе и в Енбекшиказахском районе. С участием Республиканского турецкого ЭКЦ был установлен памятник основателям Казахского ханства Керею и Жанибеку в г.Есике.
В программе нашего Главы государства предусмотрено полное овладение гражданами Казахстана знанием государственного языка. «Казак тiлi – Казакстан халкын бiрiктiретiн тiл – Казахский язык – важнейший фактор объединения всех казахстанцев”. Турецкий этнокультурный центр республики совместно с другими этнокультурными объединениями на базе алматинских вузов организует олимпиады по знанию казахского языка, в которых дети из нашего района всегда занимают места победителей и призеров.
В рамках государственной стратегии укрепления связей с со странами тюркского мира в 2010 г. турецкий город Тарсус стал побратимом г.Есика. Мэр Тарсуса встречал делегацию общественности нашего района, а затем вместе с предпринимателями, общественными деятелями нанес ответный визит на родину Золотого Человека. Обмен визитами завершился подписанием договора о сотрудничестве в сферах предпринимательства и культурного обмена. По поручению акима района активное участие в акциях народной дипломатии принимали представители районного турецкого ЭКЦ.
Приезжают в район гости из Турции с целью знакомства с образованием и культурой Казахстана. Турецкий этнокультурный центр района организует для них посещение музея на Есикских курганах, природных достопримечательностей Иле-Алатауского государственного национального парка.
Ежегодно одаренные дети, по всему Казахстану до 600 человек, по согласованию с госструктурами образования, направляются на обучение в вузы Турции. Детям из нашего района (не только турецкой, но и других национальностей) районный этнокультурный центр помогает в подготовке к тестированию, в выездных посещениях консультаций. Также с помощью Республиканского турецкого ЭКЦ организовано посещение мест исторического проживания, проводятся симпозиумы по истории турок-ахыска. В г.Алматы состоялся «круглый стол» в Доме дружбы по обсуждению Обращения «Пять инициатив Президента», гду участвовали и представители турецкого ЭКЦ района.
Под руководством председателя комитета по культуре республиканского ЭКЦ Гюльпери Касановой в нашем районе проводился конкурс «Мисс Ахыска», в котором девушки соревновались в знании обычаев и традиций турок-ахыска, родного языка, этикета, демонстрировали показ современных мод и национальных женских костюмов, артистические способности, ораторское мастерство, музыкальные и вокальные данные. На культурные и спортивные мероприятия нашего ЭКЦ мы приглашаем представителей других этнокультурных центров района, постоянно участвуем во всех государственных праздниках и мероприятиях, Днях культуры района в г.Талдыкоргане. На выставках демонстрируем бережно собираемые предметы быта предков, национальные костюмы, образцы национальной кухни, с искусством турецкого танца знакомит ансамбль «Картал». Ежегодно в священный месяц Рамазан этнокультурный центр распределяет мясо и другие продукты для малоимущих и многодетных семей всех национальностей, проживающих в сельских округах. Актив районного турецкого ЭКЦ, в который входят бизнесмены, старейшины, общественные деятели всесторонне помогает решать все организационные проблемы. Среди них могу назвать председателя совета старейшин ЭКЦ Сайрапа Чачидзе, председателя женсовета Халиду Сафарову, активистов Исмаила Тамазова, Рустама Иминова, Рустама Алиева, Рафика Наргилова, Закира Чулагова, Сардала Сулиева, Тавбира Чикаева, Халида Амзаева, Мустафу Кулаева, Агапашу Дулаева, Мусу Амзаева, Васипа Исмаилова, Мурата Лазгиева и многих, многих других.
Особо отмечу работу заместителя председателя районного ЭКЦ Нурмухамеда КУЛАЕВА. В с. Тургень он является председателем сельского турецкого ЭКЦ, на базе которого районный этнокультурный центр проводит большинство мероприятий, таких как День матери, Наурыз, государственные праздники, соревнования по борьбе. В нынешнем году турецкий этнос с.Тургень под началом Нурмухамеда Кулаева внес весомый вклад в проведение праздников «Зимушка-зима» и Наурыз мейрамы в Тургенском ущелье.
В ХХ веке для турок-ахыска, депортированных в 1944 году в Казахстан из Грузии, была реальная угроза исчезновения языка, традиций, обычаев. Но нам удалось выжить и сохранить самобытность благодаря гостеприимству казахского народа. В свою очередь турецкий этнос хранит память о помощи, оказанной в тяжелые времена, и старается максимально способствовать всестороннему развитию Казахстана, который стал Родиной для нескольких поколений не только турецкого, но и других населяющих его народов.
И.ТУРАНИН.
На снимке: (справа налево): в гостях у редакции председатель турецкого ЭКЦ Ибрагим Алиев и его заместитель, лидер турецкого ЭКЦ с.Тургень Нурмухамед Кулаев.
Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығы-нан ірі мегаполис саналатын ауданымыз инновация-лық игіліктерді әлдеқашан пайдаланып үлгерді. Бұған ауданымызға іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қанық болды. «Адал» агро өнеркәсіптік кешенін, «Амал био» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралап, жаңашылдықтың жайымен толық танысты.
Шаруашылығының негізі сүт өнімдерін құрайтын «Адал» ұжымы жыл санап әлемдік жаңалықтарды жарысып енгізуде. Бұл турасында компанияның бас директоры Серік Смаилов министрге толық баяндап өтті әрі түйткілді мәселенің де ұшын шығарды:
– Біз ең бірінші сүт өнімдерінің табиғи қуаттылығын сақтау-ды ұмытпауымыз тиіс. Осы мақсатта 100 басқа дейін ірі-қараны ұстайтын кооператив-терді барынша жан-жақты қолдауға бармыз. Себебі, байқап отырғанымыздай, қазір жасанды сүт өнімдері сауда айналымында әлі жүр – деді. Амандық Ғаббасұлы да бұл турасында: – Бүгінгі таңда Алматы облысында былтыр 150-ден астам сүт өткізу кооператив-терін құрдық. Одан 4500 тонна сүт алынды. Ал жасанды тауар өнімдерін нарықтан аластату үшін облыс бойынша күніне 500 тонна сүт өнімдері жетіспейді. Бұл әлі де жұмылып жұмыс істеуді талап етіп отыр – деп ойын білдірді. Шындығында, «Адалдың» маркасы жапсы-рылған сүт өнімдері респуб-лика жұртына кеңінен танымал. Мұндағы мамандар әлемдік бәсекеге төтеп беретін озық технологиялардың қыр-сырын меңгеру үстінде. Оны күнделікті жұмыстың арқауына айналдыру мақсатында ізде-ністер үдетуде.
Керегесін көтеріп, уығын қадаған 19 жыл ішінде «Адал» компаниясы өнім өндірудің сан-салалық күрделі жолында түгесілмей келеді. Мәселен ірі-қара санын 2205-ке жеткізді. 40 басқа арналған мал бордақылай-тын алаң ашылды. Өз меншігіндегі егістік алқаптарының да көлемін ұлғайтып, 3124 гектарға жеткізді. Оның 2703 гектары суармалы. Алқапта бидай, жүгері, көпжылдық шөп секілді дақылдардың бәрі бар. Осының нәтижесінде малға берілетін азық-түліктің мол қоры жасақталып отыр. Әсіресе, сиырларды тиісті рацион бойынша азықтандыру тәртібі қалып-тасқан. Жүгері өндіруді де жолға қойып келе жатқандығын мақтанышпен айтты компания басшысы: – Жүгері өсірудің жаңа тәсілдерін меңгеріп келеміз. Былтырғы жылы гектарынан 88 центнер өнім алдық. Биыл бұл көрсеткішті 88,6-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз – дейді. Үздіксіз ізденіс нәтижесінде цифрлық технологиялар да кешенде кеңінен пайдаланылады. Бәрі бір орталықтан басқарылады және бақыланады.
Сүт зауытының әлеуеті де зор. Өнімнің 56 түрі өндіріліп, жалпы көлемі 17222 тоннаға жетіп отыр. Халықаралық сапа белгісі стандарттары да толық ескерілген.
Кездесу барысында Өмірзақ Шөкеев жұмысшылардың тұр-мыс-тіршілігіне де назар аударды. Мамандармен еркін форматта пікір алмасты, ұсыныстарын тыңдады.
Одан кейін Үкімет басшы-сының орынбасары Елбасының «Туған жер» идеясын республика боп тұңғыш қолдап, 30 млн теңгеге Ащыбұлақтағы саябақты қалпына келтіріп берген «Amal Bio» серіктестігіне қарасты интенсивті бақтар-ды аралап көрді. Суы мөлдір, топырағы құнарлы ауданымыз-дың Қаражота округіне қарасты 80 гектарына отырғызылған интенсивті бақ көрсе көз тоярлық. Енді оның көлемін 300 гектарға дейін арттыру жұмыстары жүргізілуде. Алынған өнімді жыл он екі ай сақтаудың да жолдары жүйеленген: сыйымдылығы 6000 тоннаны құрайтын қойма жұмыс істеп тұр. Серіктестік басшысы Асқар Сабировтың айтуынша, мұндағы мамандардың дені шетелдерде білім алып, олардың озық технологияларын меңгерген жастар. – Білім бәсекесі заманында біз сан соғып қалмауымыз тиіс. Сондықтан әлемдік озық технологияларды еркін игерген жастарды барынша қолдап келеміз. Тіпті, ауыл жастарының ішінен жаңашылдыққа жаны құмар жастар шықса, шетелге оқытып, қайта өзімізге жұмысқа алуға да жағдай жасауға бармыз – дейді Асқар Сабиров.
Өмірзақ Шөкеев дәл осындай жаңашылдықпен әлемдік бәсекеге қабілетті бола алатын кәсіпкерлердің қатарын көбейту мәселесі тұрғандығын айтты журналистерге берген сұхбатында: – Біз Елбасы тапсырмасымен мал шаруашылығын қарқынды дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындап жатырмыз. Сол бағдар-ламаны барлық өңірге таныстыру мақсатында пікір алмасу жұмыста-рын жүргізіп келеміз. Бұған дейін Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында болдық. Міне, бүгін Алматы облысының шаруаларымен кездесіп отырмыз. Мұндағы мақсат – бағдарлама тек қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтижелерімен көрінуі тиіс. Айталық, елімізде ірі шаруашылықтар саны 30-дан асса, оны жүзге жеткізу, 16000 фермерлер санын жүз мыңға дейін өсіру жоспарда. Бұл өз кезегінде аграрлық салаға 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді – деді.
Аудан экономикасының күретамыры саналатын ауылшаруашылығы биыл 92,1 млрд теңгенің өнімін өндіреді деген жоспар бар. Интенсивті бақтардың санын тағы 400 гектарға ұлғайту да болжануда. Әрине, бұл жүйелі жұмыс, нақты стратегиялық жоспардың жемісі. Әрі іргелі өңіріміз ғылым мен тәжірибенің ашық алаңына айналып келе жатқандығын да байқаймыз. Демек, бұл көрсеткіштеріміз алар асуларымыздың «әліппесі» ғана болмақ.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА