Елбасы өз жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», – дей келе, жастардың шығармашылығын, тұрмысы мен әл-ауқатын арттыру мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
Осы тұста облыс әкімінің «Көшбасшы 2018» жастар сыйлығына ауданымыздың атынан үміткер жандардан келер жылдан қандай өзгеріс күтетіндігі туралы бірауыз пікірін білдік.
Қайсар Асқарұлы. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы. «Жас мемле-кеттік қызметкер» номинациясы бойынша үміткер:
Ұлт болашағы білімді жас пен білікті ұрпақтың қолында. Әрбір адам «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деген ұранмен өмір сүру керек. Елбасымыз бүтіндей бір жылды «жастар жылы» деп атауының себебі де осы секілді. Жастардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, ел болашағына қызмет етуін, халқына пайдасы тиер азамат болуын мақсат тұтады. Сондықтан әр маман өз саласында үздік болуға ұмтылып, ел келешегіне тамшыдай болсын үлес қосамын деген үлкен жауапкершілікпен жүреді деген ойдамын.
Нұртас Қайрат. Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің әншісі. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша үміткер:
Жалындап тұрған шағында әрбір адам өз мүмкіндігін мейлінше пайдалануға, бойында-ғы талантын көрсетуге ұмтылады. Келер жылы жастардың шығарма-шылығына көбірек көңіл бөлініп, түрлі конкурстар, іс-шаралар ұйымдастырылып, өнерлі өрендерге биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндіктер туады деген сенімдемін.
Ермек Мырзахан. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі-нің маманы. «Ауыл шаруашылығының үздік маманы» номинациясы бойынша үміткер:
Ауыл шаруашылығы білімді жас мамандар арқылы өркендейді. Шетелдерде жиі тәжірибе алмасуға жіберіліп, жаңа технологияны мең-геруге мүмкіндік берілсе, мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, дамуымызға үлес қосар еді. Ел экономикасына үлесін қосып, кәсіпкер-лікпен айналысамын деген жастарды демеп, қолдау білдірілсе деген тілектемін.
Гүлнар Ошанова. Балтабай орта мектебінің мұғалімі. «Үздік жас ұстаз» номинациясы бойынша үміткер:
«Білекті бірді жыға-ды, білімді мыңды жыға-ды» демекші, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда жастардың сапалы білім алуына, ғылыми дамуына көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Елбасымыз білікті мамандар дайындау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесін басты назарда ұстайды. Түрлі конференциялар, дебаттар, олимпиадалар ұйымдастырылып, жас ғалымдардың жаңалық ашуына ықпал жасалынса, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілсе, алда атқарылатын жұмыстарға мотивация береді деген үміттемін.
Сауалнама жүргізген
Жансая ЫСҚАҚ.
3 ноября в г. Семей прошел третий республиканский конкурс «Фестиваль искусств». Участниками конкурса стал и танцевальный ансамбль «Санам» из села Ават, которым руководит хореограф Жанна Ахметова. Ансамбль Жанны Таиржановны выступил с ошеломляющим успехом, покорив талантом и мастерством исполнения жюри и зрителей. Танцовщицы из «Санам» «взяли» не только 1-е и 2-е места, но также были удостоены главной номинации конкурса – «Гран-при». Хотим поздравить ансамбль «Санам» и его руководителя с заслуженной наградой и пожелать им новых творческих побед.
Бибинур ХАЙВАДУЛЛАЕВА,
инструктор по работе с молодежью
акимата Аватского сельского округа,
член молодежного крыла «Жас Отан».
Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жергілікті басқару» факультетінің грантын алған Тимурбек өз қуанышымен бөлісті: – Білек емес, білім жарыстыратын заманда тегін оқуға қол жеткізу оңай емес. Алайда менің бағыма осынау зор құрмет бұйырып отырғаны үшін ел тізгінін ұстаған ағаларыма алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта сапалы білім алып, білікті кадр атанғым келеді», – дейді.
Иә, Тимурбек оқыған Түргенде Д.Қонаев атындағы орта мектепті 29 түлек тәмамдады. Олардың 18-і ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде, 11-і білім грантына ие болды. Айтып өтейік, берекелі білім ордасынан 4 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат иегері шықты.
Өз тілшіміз.
Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жағымды жаңалықтарымен қуантты. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауына түрлі номинация бойынша қатысқан балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Алдияр Сейтжан қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Арлан Ахметжан мен Асель Жанетханқызы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломды Іңкәр Сабыр, Саят Нұрғат, Дильмухамед Төлепберген жеңіп алды. Ал Айзере Қайнарқызы І дәрежелі дипломмен үздік шықты. Талантты балғындардың тәрбиешілері – Қымбат Дайыр, Даметкен Сактаганова, Нұрия Бердирахманова, Элмира Қасқырбаева, Айкен Масимгазиева алғыс хаттармен марапатталды.
Балақайларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Саяхат барысында оқушылар алма ағашының заманауи, жаңа технологиямен өсірілетінін, көлемі аз жерден көп өнім алуға болатындығына көз жеткізді. Бас агрономның айтуынша, мұндай бақтардың көлемі артып, төңірекке алманы өңдейтін завод ашылады, яғни келешекте агроном, технолог, тракторист-машинист мамандары қажет. Осылайша, оқушылар да болашақта қандай мамандық иелеріне сұраныстың жоғары болатынын біліп қайтты. Бұл сая-хат оқушылар үшін «Болашаққа бағдар» болады деп сенемін.
Гүлнар Тұрсынбек,
Қаратұрық ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.
Бала-лардың демалысының жан-жақты талапқа сай болуы үшін жұмыс жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Балалардың өз Ота-нын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Алтын адам» мұражайына саяхат жасап, өлкенің тарихымен танысты. «Солнышко» тобының жетекшісі Ф.Ш Тамазова оқушылармен қызықты ойын түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау үшін спорттық жарыстар өткізді. Барлық іс-шараларға балалар қызығушылықпен қатысты. Оған қоса, мектеп кітапханасына саяхат ұйымдастырылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алысты. Ауыл маңына серуен құрған балалар табиғат аясында да әңгіме-сұхбат өткізді.
Топ жұмысының қорытындысы ретінде ата-аналармен «Менің баламның демалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ата-аналар пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.
П.Мамирова,
«Төле би атындағы орта мектеп-мектепке
дейінгі шағын орталығымен» КММ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Лагерьде 2 мектеп алды даярлық тобы, 1-4 сынып оқушылары, барлығы 100 бала демалды. Еңбек практикасына 5-10 сынып оқушылары, барлығы 81 бала көгалдандыру жұмысына қатысты.
«Біз бақытты баламыз!» тақырыбында іс-шара өткізіліп, оқушылар лагерь қауіпсіздік ережелері мен танысты. 1-4 сынып оқушылары біркүндік Алматы қаласындағы мұра-жайларға экскурсияға және табиғатқа саяхатқа шықты. Лагерь тәрбиешілері Д.Бекмухаметова мен С.Нургазиева «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында кітап оқу жарысын өткізіп отырды. Мақсаты – балалардың сөйлеу мәнерін дамыту, түсініп оқи білуге дағдыландыру. Оған қоса лагерь тәрбиешілері мен пән мұғалімдерінің ұйымдас-тыруымен «Білгенге-маржан», «Книга спрашивает – книга отвечает», «Жолың болсын, балақай!», «Actions song», «Кем быть?», «Аппликациялық жұмыс», «Where is it », «Ойнайық та , ойлайық » , «Бақытты балалық шақ», «Эстафеталық ойындар», «Қозғалыс ойындары» сынды танымдық, ойын сабақтары мен спорттық жарыстар, тренингтер өтті. «Балдәурен» лагерінің VI-ауысымының жабылу салтанатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 4 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. «Қазағым менің!», «Ана туралы жыр» әндері шырқалып, «Қара жорға», флешмоб билерін көрермен назарына ұсынды.
Ш.ҚАСЫМЖАНОВА,
Көлді орта мекетбінің педагог-ұйымдастырушысы.
Мектеп жанындағы лагерьде күнделікті қырықтан астам бала демалып, түрлі шараларға қатысты. Ағылшын тілінен дәріс алып, Шелек өңіріндегі бау-бақшаны тамашалады. Бөлек ауылындағы саябаққа саяхатқа шыққан балалар өз әсерлерін қағаз бетіне түсірді. Ата-аналар әр шараға баға беріп, мектеп ұжымына алғыстарын айтты. Әр оқушы жаз қызығын тамашалап, тынығып, жаңа оқу жылына көңілді күймен келуге дайын.
Г.Давленова,
мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Жұмыссыздықты жою – Мемлекет басшысының маңызды тапсырмасы. Осы тапсырма аясында көптеген шаралар атқарылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Осыған орай, жақында Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
«Альтаир» ӨК, «ДСУ-13» АҚ бастаған он шақты жұмыс беруші компания мен оқу орындары қатысқан жәрмеңкеге Есік гуманитарлық-экономкалық, Шелек политехникалық, Есік медициналық және Есік кәсіптік-техникалық колледждерінің бітіруші түлектері келіп, мамандығына сәйкес жұмыстар іздестірді. Мұнда тек аудан аумағында ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан жұмыс табуға болады. Ал өзге облыстарда сұраныстар негізінен мұғалімдер, дәрігерлер, мал дәрігерлері мен техникалық мамандықтарға артуда. Хабарлама бойынша өзіне керекті жұмыс тапқан азамат аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеледі. Жұмыс беруші жақпен байланысқан орталық құжаттарын рәсімдейді. Айта кетерлігі, басқа облыстардағы жұмыс берушілер бір жыл бойы мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
Сардарбек НҰРАДИН
Алтын белгі – өрелі ой, терең білім,
Болашақтың көрсетер кемелдігін.
Жарқыраған жасындай жас түлектер,
Жалынды отты көреміз сенен бүгін!
Кедергілер кездессе сүрінбесін,
Қиындықтар тап болса түңілмесін.
Жас түлектер, ақта енді ел үмітін,
Алға қарай тарта бер білім көшін.
Тұмса табиғаты талайды тамсандырған көне Сақтың атамекені Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды: келешегінен зор үміт күтер Алтын түлектерін қарсы алды. Биыл ауданымызда жүзден жүйрік көрініп, білім кеңістігінде қалықтаған 74 Алтын белгі иегері шықты.
Өткен аптамыз айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағындағы «Алтын белгі – 2017» шарасы. Мектеп қабырғасындағы 11 жылын босқа өткізбей, білімнің биігін бағындыру үшін барын салып оқыған ауданымыздың мақтаныштарын арнайы аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы құттықтады.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген бабаларымыздың тауып айтқан тәмсіліне таңқаласың. Рас, бұл заманда білімсіз кімді жығады? Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, ха-лыққа арнаған әрбір Жолдауында, білімді басты назарға қойып отырады. Мемлекетіміздің жастарға сыйлаған шексіз мүмкіндігін толыққанды пайдалана білу екінің бірінің қолынан келмей жатыр. Өйткені, «білім – инемен құдық қазғандай». Сондықтан алтын белгі иегерлеріне арналған ауқымды шараға арнайы қатысып, алғашқы сөзді алған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы барша ата-аналарды, ұстаздарды және түлектерді еңбектерінің жемісімен құттықтай келе:
– «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, туған елдің абыройын көтергенін көруі. Жас түлектердің арманы – бе-рекелі де баянды бақ, мазмұнды да мағыналы болашақ. Оның өзі – тұзы жеңілге емес, тұғыры биік, талабы кеңге, білімі терең, еңбегі көпке ғана бұйыратын дүние. Ол үшін ілім мен білім жолындағы тынымсыз талпыныс пен үздіксіз ізденіс қажет. Бұл біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан, ой-өрісі ғарышпен таласқан заңғар заманның басты әрі бірегей талабы.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші, жыл сайын «Алтын белгі»-мен үздік аттестатқа иегер түлектеріміздің саны артуда. Өткен оқу жылында «Алтын белгіні» 16 түлек, үздік аттестатты – 50 түлек иеленген еді. Ал, ағымдағы жылы орта мектепті бітіруші – 1645 түлектің қорытынды аттестаттау нәтижесінде аудан бойынша 74 түлек «Алтын белгі», 55 түлек үздік аттестат иегері атанды. Биылғы мектеп бітірген уақыт Қазақстандағы «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келіп тұр. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстанды әлемнің көптеген елі білмеген. Ал өткен жиырма бес жыл ішінде Қазақстанды бүкіл дүние жүзі елдері танып қана қоймай, абыройы асқақтаған ел ретінде мойындап отыр. Еліміздің жаңа тарихында осындай жетістіктерге жетуімізге жастарымыздың да қосқан үлесі орасан зор. бұлардың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны баршаға аян. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі ірі-ірі қауымдастықтардың төрінде отырып, төрелігін беретіндей дәрежеге жетті.
Қымбатты жас түлектер, тәуел-сіздігіміздің тұрақты, ертеңіміздің шуақты болуы сіздердей жастарға байланысты. Бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер, ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Өз басым бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне жететіндеріңізге кәміл сенімдімін. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер – деп түлектерге ақ жол тілеген аудан басшысы көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Әсерлі де әдемі шараның барысында Бинәлі Әбдіқапасұлы сахна төрінде 74 «Алтын белгі» иегерлеріне, 12 халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыстады.
Баланың жетістік-ке жетуінде ата-ананың өлшеусіз үлесі бары анық. Сондықтан ақылына көркі сай, парасатты ұл-қыздарды тәрбиелеп, осы күнге жеткізген ата-аналардың атынан Ғазиза Қырбасова аудан әкіміне, ұлағаты ұстаздарға ақжарма алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі. «Алтын белгі» иегерлері Қаратұрық ауылы, Еңбек Ері А.Бертаева атындағы орта мектеп түлегі Еркеназ Тұрғынбай мен Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп түлегі Мағжан Тұрсынбайға сөз ұсынылды. Жастарымыз өз кезегінде түлектердің атынан аудан басшылығына, білім берген ұстаздары мен ардақты ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Өздеріне артылған үмітке үлкен жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың беделін асқақтатуға, ел сенімін ақтауға уәде берді.
Мәнді де маңызды мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. «Нұр-Ай» тобы, Қабыл мен Ерке, Ернар Мұқан, Дәурен Сәрсенбаев, Ұлан Қали есімді әншілеріміз жүрек тебірентер әндерін шырқады. Іс-шараның соңында түлектер аудан әкімімен естелік суретке түсті.
Осылайша білімге құлаш сермеп, армандарына күміс қанат байлаған түлектердің алар асуы, бағындырар белесі көп болсын дейміз!
Ринат НАРХАНОВ.