Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:28

Шебердің қолы - алтын

Сағат Қалыбек ҚХР-ның Мұңғұл күре ауданына қарасты Ақсу ауылында 1972 жылдың 15 маусымында  көп балалы үлкен отбасында өмірге келген. Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі – қолөнермен айналысып жүргеніне де 25 жылдың жүзі болыпты. «Әже, апаларымыздан қалған мұраны жалғастырып келемін. Ежелден келе жатқан  қошқармүйіз деген оюды заманға сай жаңғыртуға өз үлесімді қосып жүрмін. Бұл оюларды бұрын текемет, сырмақтарға қолданса, қазір көрпелерге қолдануда. Мұндай көрпенің авторы Алматыда тұратын Нұргүл Абылайханның жобасы болса, оның дизайнері  Украина мемлекетінде тұратын қазақ қызы Асылым Батыр», – деп өзінің «ALAMAN QURAQ» жобасына қалай қатысып, «КИНЭС» Қазақстан рекордтар кітабына қалай еніп, сертификат иеленгенін әңгімелеп берді.

Сағаттың бойындағы бұл өнер – қаннан біткен қасиет. Оның әжесі қолөнер шебері болған екен. Анасы да, әкесінің қарындасы Өнерхан Дауыт-қызы да осы өнердің қас шебері болып, аты танылған жандар. Осы кісілерді ұстазы санайды. Кішкентайынан ұядан көргенін қияға қанат қаққанда да жал-ғастырып, ою, құрақ көрпелер-ді тігудің шебері атанды. Тұр-мысқа шыққан жердің көсегесін көгерткен Сағаттың енесі де қолөнер шебері болып шықты.

Ата-анасы жасауға берген дүниесінің бірі – аяқпен басып істететін тігін машинасын бүгінгі күнге дейін көзінің қарашығындай сақтап, іске асырып келді. Отаны – Қазақстанға 2006 жылы отбасымен қоныс аударған ол қазір Шелек ауылында тұрады. Екі ұл, бір қыз-дың анасы атанған Сағат екі немере сүйген ардақты әже.

Тігін тігу – өзінің әу бас-тан айналысатын сүйікті ісі. Елге келген соң нәпақа табу үшін тігін машинасына жүгін-ді. Елден тапсырыс алып, киім тікті. 2009 жылы білімін жетілдіру үшін жұмыспен қамту орталығы арқылы Шелек кәсіптік лицейінде (қазіргі политехникалық колледж) тігін мамандығы бойынша оқып, оны өте жақсы бағамен бітіріп те алды.

2018 жылы «Еңбекшіқазақ аудандық қауымдастықтардың жергілікті қоры» қоғамдық қорының төрт айлық оқуын оқып, «Ауыл әйелдерінің табыс мектебі» жобасының жеңім-пазы атанды. Әрі қайтарымсыз 250 мың теңге грантын жеңіп, сертификатпен марапатталды. Одан кейін өзінің дайын жобасын өткізіп, Қазақстан Республикасы Ұлтық кәсіпкерлер палатасының «Бір ауыл – бір өнім» жобасының да жеңімпазы атанып, 300 мың теңге грантқа ие болып, ол қаржыға тоқпен істейтін тігін машиналарын сатып алды. Алматы облысы ҰКП-ның салаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры Е.Дүйсекеновтің Алғыс хатымен марапатталды.

2023 жылы Қонаев қаласын-да өткен көрмеге қатысып, Алғыс хатқа ие болды. Ал 2024 жылдың 8 қыркүйегінде Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен «ALAMAN QURAQ» республикалық қоғамдық қозға-лысы еліміздің әр өңірінен жиналған 450 шебердің басын қосып, 11 450 шаршы метр ді құрайтын құрақ көрпелер тікті. Осы  игі іске қатысқан  8 жастан 85 жас аралығындағы шебер-лердің қатарында жерлесіміз, шелектік Сағат Қалыбек  те бар еді.

Этноауылдағы шараға қатысудың басты мақсаты – мәдени мұраны, ұлттық құндылықтарды насихаттау, Қазақстан халқының бай тарихи, мәдени мұрасын таныстыру болатын. Шебердің еңбегі ортақ емес пе? Ою көрпе, құрақ көрпе, махаббат көрпелерді 3D моделімен заманауи жаңғырту мен тігуге де машықтанған Сағат та осы шараға шақырылған болатын.

«Аламан құрақ» атты пэчворк шеберлерінің бірегей жобасы, бұл – орасан зор оқиға ұжымдық шығармашылықтың күші мен елдің мәдени бірлігін бейнелейтін Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына енген жаңа рекорд болды. Сонымен қатар Қазақстанның үздік қолөнер-шілері өз өнерінің қыр-сырын бөлісетін шеберлік сабақтарын өткізді.

«КИНЭС» Қазақстан рекордтар кітабінің ресми өкілі Қуандық Кудайбергеновтің Са-ғат Қалыбекке де Қазақстан рекордтар кітабына енгені туралы сертификаты табыс етілді. Онда: «...Көрпе тігу барысында «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және төртқұлақ қошқар мүйіз, өсімдік оюлары қолданылды» – деп жазыл-ған. Сондай-ақ осы шараға қатысқан 450 шебердің өмір-баяны мен өнердегі еңбегі жазылған  арнайы кітап шыға-рылмақшы. Соның ішінді Сағат Қалыбектің де есімі алтын әріппен жазылып, ұрпаққа мұра болып қалмақшы.

Иә, халқымыз «Шебердің қолы алтын» деп бекер айт-паған. Азия несие қорының ауылдағы филиалында қо-сымша техникалық жұмыс атқаратын Сағаттың  құрақшы-лық өнерін бағалап әрі Гиннес-тің рекордтар кітабына аты енгенін естіп, осы қордың об-лыстық филиалының директоры  А.Сарсенбаева  мақтау қағазымен марапаттаған.

Бұл жоба мәдени алмасу мен ұлттық дәстүрлерді қолдауға ықпал етіп қана қоймай, халық шаруашылығының ұрпақты қалай біріктіретінінің жарқын мысалы болды. Біз де Сағат Қалыбекқызын жоғарғы жетіс-тігімен құттықтаймыз!

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 204 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет