Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:33

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары ұлттық құндылықтары болып саналады. Сан ғасырлардан жалғасып келе жатқан халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері. Ал осы құндылықтарды танып білудің қайнар көзі – кітап екені даусыз. Осыны ескерген елімізде ауылдардағы жабылып қалған кітапханалар қайта ашылуда.

 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректермен материалдардың дені кітапханада сақталады. Ақыл-ойдың ордасы,  қоғамда орны айрықша рухани ордамыздың ортасы кітапхана», – деп атап айтқандай, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы кітап оқып, көңілге тоқу.

Жуырда ізгі бастаманың жалғасындай болып, Асы ауылының мәдениет үйінен қайта ашылған кітапханада  «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» атты  аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – мамандардың өзара тәжірибе алмасуына, ұлттық құндылық-тарды насихаттауға үлес қосу. Оның тәрбие-дегі, білім берудегі рөлі, салт-дәстүр мен ұлттық болмыстың қазіргі қоғамдағы маңызы туралы өзекті мәселелер туралы сөз  қозғалды.

Семинарға қатысқан аудандық кітапхананың әдіскері Гүлия Саурықова және Асы ауылдық округі әкімінің орынбасары Еламан Әжібек сөз сөйлеп, семинардың мақсаты мен тәрбиелік маңызы жайлы қысқаша мәлімет берді.  Кітапханашылардың озық  істері ортаға  салынып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинардың келесі кезеңі ұлттық құндылықтар көрмесін таныстырумен жалғасты. Асысаға ауылының кітапханашысы Еркежан Тергенбаева ауылдың  атақты бүркітші Алдаберген марқұмның ұлы Медет Шалиповты келген қонақтарға таныстырды. Құсбегі Медет Алдабергенұлы бүркітті қолға үйрету мен баптау туралы толыққанды мәлімет берді.  Ал Шелек тарихи-өлкетану музейінің  «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»  атты тақырыпта  жылжымалы көрмесін қор сақшысы Қуанәлі Алмасбек таныстырып, тұрмыстық заттардың тарихымен маңыздылығы туралы айтып берді.

Шара барысында ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мен өнерлі жастарының концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 312 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет