Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 11:47

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫН МАҢЫЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТУДЕ

Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда көптеген проблема жиналып қалды. Біз олардың себептеріне терең талдау жүргізіп, оларды жедел шешуге кірістік.
 
 
 
Мысалы, менің ойымша, мониторинг жүргізу процесін реттеуден (бұған дейін жазғанымдай) бөлек, Қор тарапынан медициналық ұйымдардың қаржылық тәртібін қамтамасыз ету үшін қолданылатын шаралардың «қаталдығын» біраз жұмсартатын уақыт келді.
Мұнда бақылау механизмінің икемдірек әрі теңгерімді болуына басымдық беру көзделіп отыр.
Бұл бағытта алдағы 1-2 айда бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Бірінші. Қор «алдымен төлем — содан кейін мониторинг» қағидатына көшеді (бұдан былай барлық ықтимал кемшіліктер бойынша қайта тексерудің аяқталуын күтудің қажеті болмайды).
Екінші. «Сызықтық шкаланы» ай сайын емес, тоқсан сайын қолдану мүмкіндігін енгіземіз, бұл бір айдағы жоспардан тыс орындалған жұмыстармен басқа айдағы жоспардың орындалмауын теңестіруге мүмкіндік береді (алайда, медициналық ұйымдардың да өз жұмысын нақты жоспарлап, тез әрекет етуі талап етіледі).
Үшінші. «Қосарланған алу» мүмкіндігін жоямыз – яғни, қарапайым тілмен айтқанда: егер анықталған бұзушылықтар (кемшіліктер) бойынша сома алынған болса, онда сызықтық шкаласы бойынша қосымша алым жүргізуге қажеттілік туындамауы мүмкін.
Біз қаржылық тәртіптің маңызын жақсы түсінеміз, бірақ пациенттердің нақты қажеттіліктері мен дәрігерлердің мүмкіндіктері де соншалықты маңызды. Сол себепті біз тепе-теңдікті табуға тырысып жатырмыз.
Біздің мақсатымыз — әділ, ашық әрі түсінікті жүйе құру. Мұнда дәрігер жүйемен күреспей, өз жұмысын атқаруы тиіс.
Оқылды 385 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет