Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025 17:05

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мәлімдеді.


Апта бойы еліміздің әр өңірінде мектептер мен колледждерде ақпараттық кездесулер, жастар денсаулығы орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер мен тренингтер, сондай-ақ мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылуда. Аталған іс-шаралар жыныстық жетілу, жеке гигиена, контрацепция, қауіпсіз қарым-қатынас, отбасын жоспарлау және зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы — адам папилломавирусына (HPV) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцина егу басталды.
Спикердің айтуынша, бұл – аурудың алдын алуға бағытталған маңызды қадам. Бүгінгі таңда Алматы облысында осы диагнозбен тіркелген әйелдердің саны 1100-ден асты. Бұл жағдай аурудың өзектілігін айғақтайды.
Бедеулік мәселесіне тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған «Аңсаған сәби» бағдарламасы экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) секілді заманауи емдеу әдістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп, мыңдаған отбасыға үміт сыйлауда.
«Репродуктивті денсаулық апталығы – бұл жастардың, ата-аналардың және бүкіл қоғамның назарын денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттайтын маңызды алаң. Бұл – тек ақпарат тарату емес, сонымен қатар алдын алу, ерте диагностика және сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыруды көздейтін бастама. Осындай кешенді жұмыс арқылы біз жастардың денсаулығын сақтап, болашақ ұрпақтың амандығына негіз қалаймыз», – деді спикер.

Оқылды 206 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет