Бейсенбі, 15 Мамыр 2025 12:38

Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің директоры Бауыржан ШАЯХМЕТОВ: «Әркім өз ісінің үздігі болу керек»

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англияның  премьері  Уинстон Черчилльге қаржы министрі ел бюджетін көрсетеді. Сонда «Мәдениеттің шығындары қайда?» деп сұрапты. «Соғыс кезінде қайдағы мәдениет?» депті қаржы министрі. Сонда Черчилль: «Егер мәдениетті қорғап қалмасақ, біз онда не үшін соғысып жатырмыз?» деген екен. Әлемдік тұлға Нельсон Мандела: «Егер тілің мен мәдениетіңді сақтай алмасаң, шекараңды аша сал, бәрібір неңді қорғайсың? Бұл енді сенің елің емес» депті.

Расында да, әлем тарихындағы есімі алтын әріппен жазылған тұлғалар турасын айтқандай елдің ең басты қорғаны – тілі мен мәдениеті.

Мәдениеттің байланыспайтын саласы кемде-кем. «Нар түйе алтын арқаласа да, ауызы жантақ жейді» дегендей, мәдениеттің отымен кіріп күлімен шығатын жандардың еленбей жататын сәттері аз емес. Бұл туралы мәжіліс депутаттары тарапынан Парламентте де көтерілген еді.

Дегенмен айтпағымыз мұндай шағым емес. Елімізде жыл сайын мамыр айының 21 жұлдызында «Мәдениет қызметкерлері күні» мерекесі аталып өтеді. Аталған мерекенің қарсаңында ауданымыздағы мәдениет саласының өркендеу жолында аянбай қызмет етіп келе жатқан,

Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры, Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Шаяхметовпен сұхбат құрдық.

 

– Құрметті Бауыржан Тұрлығазыұлы сіздің ауданымыздағы мәдениет саласында қаншама жылдар бойы қажырлы қазметтер атқарып, көптеген үлкен жетістіктерге жеткеніңіз бізге мәлім. Дегенмен, сұхбат кіріспесінде оқырмандар үшін өзіңіз жайлы мәлімет берсеңіз.

– Рахмет, мен 1968 жылы Жаркент ауданы, Әулиеағаш ауылында дүниеге келдім. 1986 жылы Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық білім ордасын тәмамдадым. Оқуым аяқталған соң Есік қаласындағы музыкалық мектептерде, тоқырау заманында аудандық мәдениет үйінде, 1999 жылы Маңғыстау облысына барып 2005 жылға дейін Ақтау қаласындағы облыстық филармонияда қазметтер атқардым. 2005 жылы ауданымызға қайта оралып, Қайназар ауылдық мәдениет үйіне директор болып тағайындалып, 2007 жылы аудандық мәдениет үйіне директор болып келдім. Есік гуманитарлық-экономикалық кол-леджінде сабақ берген кездерім де бар. Жалпы айтқанда 1986 жылдан бері мәдениет саласынан ажырамай келе жатырмыз.

– Өзіңіз 15 жыл музыка мектептерінде жан-жақты білім алған, баян аспабын кәсіби меңгерген жан болғандықтан өнер адамы екеніңіз анық. Мәдениет ошақтарында өнер қонған жандар топталатыны бел-гілі. Осы орайда өнер адамдарымен жұмыс істеудің сырларына тоқтал-саңыз?

– Расымен бала күнімнен өнер өлкесінде келемін. Мәдениет қызметкер-лерімен жұмыс жасау оңай емес әлбетте. Мәдениет қызметкері дегеніміз – ол халықтың адамы. Халыққа тән өнер мен дәстүрді ғасырлардан ғасырларға мұра етіп жеткізуші осы өнер адамдары. Ал таланты мен өнері бар жандардың мінездері де алуан түрлі, күрделі болады. Қажет болса ханға да турасын айтып жүре береді. Талап етілген шеңбер мен тәртіпке бағына бермейді. Себебі олар еркіндікті сүйеді. Сондықтан да әрқайсысымен мінезіне сай қарым-қатынас орнатып, тілін тауып, жағдайын түсініп жұмыс жүргізуге тура келеді. Сонымен қатар, мәдениетте жүрген жас буын мен орта буын тұрмыстың қамымен тойларда қызмет етеді. Оған да шектеу қоя алмайсың. Дегенмен осы ұжымымызбен талай мерекені жоғары деңгейде өткізіп, елдің алғысына кенеліп, шәкірттер баулып, атымызға кір келтірмей қызметімізді жасаудамыз.

– Сіздің әкеңіз марқұм Тұрлығазы Шаяхметов зиялы қауым өкілі, музыканың майталманы болғанын білеміз. Өнерге келуге сол кісі себеп болған шығар?

– Иә, өнерге келуіме тікелей себепші болған – әкем еді. Ол кісі кәсіби дирижер, музыканың жілігін шағып, майын ішкен жан. Менің де бойымнан талант ұшқынын байқап, барын салып баулыды. Тұманбай Молдағалиев, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Қаршыға Ахмедияров, Төлепберген Абдрашев сынды өнердің марғасқаларымен дос болатын. Ол кісілердің талай басқосуларын көріп, әңгімелері мен шығармаларын естіп, болмыстарына еліктеп өстім.

– Ендігі кезекте ауданымыздағы мәдениет саласының ахуалына тоқталсақ. Мәдениет үйлерінің тыныс-тіршілігін баян етсеңіз?

– Бүгінде ауданда 22 мәдениет ошағы, оның ішінде 18 мәдениет үйі мен 4 ауылдық клуб бар. Олардың барлығы жергілікті бюджетпен қаржыландыры-лады. Аудан көлемінде мәдениет үйлері мен клубтарда 200-ге жуық адам қызмет атқарады. Бүгінгі күнге дейін көптеген күрделі мәселелер өз шешімін тауып келеді. 2010-2015 жылдарда аудандағы 12 мәдениет үйлері толық күрделі жөндеуден өткен болатын. Бұл да кейінгі жылдары мәдениетке деген көп көңіл бөлгеннің жемісі. Әрбір күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйлері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, толыққанды жұмыс-тарын жүргізуге барлық мүмкіндіктер жасалған.

Ауданымызда 5 бірдей халықтық атағы бар ұжым бар. Бұл зор көрсет-кіш. Және бұл атаққа лайықты бірне-ше ұжымдар бар. Ұжымымыздың ұйымшылдығының арқасында жеткен жетістіктеріміз аз емес. Мәдениет үйлері арасындағы сайыстарда сан мәрте бас жүлдені еншілеп, 2010 жылы Газель, 2012 жылы УАЗ автокөліктерін ұтқанбыз. Мәдени жарыстарда алдыңғы қатардан түспей келе жатқанымызды мақтанышпен айта аламын.  Аудандық мәдениет үйінде 17 үйірме жұмыс істеп тұр.  Аудан бойынша 143 үйірмеде 2 мыңнан астам бала тәлім алуда.

Биылғы жылы ауданымызда «Екі жұлдыз» байқауы, «Наурыз» мерекесі, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы, Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы өте жоғары деңгейде мерекеленді. Ұжымымыздың бірлігі мен тиянақты тірлігі барлық шараны абыроймен өткізуде.

Айта кететін дүние – аудандық мәдениет үйі облыс бойынша алдыңғы қатарда тұрған мәдени ошақ. Себебі сахнамыз лэд экранның, музыкалық қондырғылардың ең сапалысымен жабдықталған. Сондай-ақ, бұл өте құтты шаңырақ. Жас күнінде бізде жұмыс атқарып қазір үлкен қызметтерде немесе елге танымал өнер адамы болып жүрген шәкірттеріміз жетерлік.

– Ауылдарда ғимараттары тозған және жекеменшікке өтіп кеткен мәдениет үйлері бар екенін жасыра алмаймыз. Бұл тұрғыда қандай жұмыстар атқарылып келеді?

Сұрағыңыз өте өзекті. Қаншама жылдан бері осы салада қызмет атқарып келгендіктен, аудандағы мәдениет саласындағы барлық мәселе маған етене таныс. Әрбір ауылда мектептің бары сынды, мәдениет үйінің де болуы шарт деп білемін. Себебі мәдениет үйі жұмыс жасаған жерде рухани тәрбие қатар жүріп, жастар болашағының кемелденуіне жол ашылады. Аудан әкімдігі тарапынан бұл мәселелер назардан тыс қалған емес. 2022 жылы Бөлек ауылында үкіметке қайтарылған мәдениет үйінің күрделі жөндеу құрылыс жұмыстары биыл басталды. Аталған ғимаратқа 547 млн қаражат бөлінген, жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, Ават, Түрген, Қаракемер, Қайназар ауылдық  мәдениет үйлеріне Газ  жылыту жүйесін орнату мақсатында жобалық сметалық құжаттар табыс-талып сұранысқа берілді. Бәйтерек, Жаңатұрмыс, Қайыпов ауылдарына мәдениет үйін тұрғызу жоспарлануда. Толқын ауылындағы мәдениет үйін қайтару құжаттары жақында бітті. Ол ғимаратты да жаңартатын күн алыс емес деп есептесек болады. Жалпы барлық нәрсе бір күнде орынына келмейді. Жекеменшікке өтіп кеткен мәдениет үйлерін қайтару жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Ұзақ уақытта іске асатын, күрделі жұмыс болғандықтан жаймен шешімдері табылып келеді.

– Қайтадан өнерге келсек. «Өнер жолы ауыр жол» дегенді көптеген тұлғалардан естіп жатамыз. Үйір-мелерге қатысып, өнерін шыңдаған жасөспірімдер жетерлік. Өнердің өкілі ретінде жас буынға қандай кеңестер айтасыз?

– Өнер жолы оңай еместігі рас. Алайда, шын таланты мен ынтасы бар адам ешбір қиындыққа қарамай өнерден қол үзбейтіні анық. Ата-анасы қарсы болып, басқа оқуға түсіргенімен, кейін өнерге қайта оралған жандар арамызда көп. Яғни, бойында өнері бар адам өнерден алшақ жүре алмайды. Жас буынға айтарым кез-келген адамның өзіне тән қабілеті болады. Өнер ғана емес, мүмкін ол техникаға, аспаздыққа, спорт сынды белгілі бір кәсіпке икемі болады. Сол қабілетті ата-анасы жасынан танып, дамыту үшін жағдай жасау керек. «Сүйікті ісімен айналысқан адам – еш уақытта шаршамайды» деген тәмсіл бар. Сондықтан да әркім өз мамандығының үздігі бола білсе абырой мен жетістіктер өзі келеді.

– Сүбелі сұхбат бергеніңіз үшін рахмет! Келе жатқан кәсіби мереке-леріңіз құтты болсын!

Тілдескен

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1199 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Әлемнің мәні – әйелде

Соңғы жаңалықтар

Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет