Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 12:28

Әлемнің мәні – әйелде

Жаймашуақ ғажайып көктемнің сырға толы мерекесі халықаралық әйелдер күні екені сөзсіз. Себебі, сұлулық пен жылулықты өн бойына жиған нәзік жандылармен ғана мына әлем ажарлы. Мереке қарсаңында өз саласының үздігі болып танылған әйелдермен сұхбат жасайтын дәстүріміз жүйелі жалғасуда. Осы орайда мәдениет саласының үздігі, Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің директоры, дәстүрлі әнші, сазгер, ұстаз Арайлым Мамырбекқызымен тілдескен болатынбыз.

– Құрметті Арайлым Мамырбек-қызы, сіздің қазақы дәстүрлі өнердің көрнекті өкілі, білікті басшы екенді-гіңіз бізге белгілі. Дегенмен де қазақ қоғамындағы әйелдің рөлі қандай болу керектігіне өз пікіріңізді қос-саңыз?

– «Қай жерде мейлі қай елде, әлем-нің мәні – әйелде» деп ақын Жүрсін Ерман айтпақшы, қай заманда, қай халықта болмасын әйелдің орны ерекше деп есептеймін. Қазақ халқында әйел адамға өмірдің әні мен сәні, үйіміздің жылуы, ер адамның ақылшы-сы, балаларының тәрбиешісі деп қара-ған. Асыл дінімізде де қыз баласын сыйлаған, құрмет көрсеткен. Қасиетін бәрінен биік қойып, қонақ деп төрге отырғызған.

Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, ана, әпке, апа, әже. Бағзы заманнан бері ұрпақ тәрбиесіне әйел адам жауапты болған. «Баланың жақсысы наға-шыдан» деген сөз текке айтылмаса керек. «Алып анадан туады» деген сөздің астарында терең мағына жатыр. Қазаққа небір тұлғаны сыйлаған сол –аналарымыз. Әулиелігімен танылған Домалақ ана, Ұмай, Қызай, Зере, Бегім, Айғаным аналарымыз сынды көптеген қазақ қыз-дары өлмейтін өнегесін қалдырғаны мәлім.

Қазіргі заманда да әйел адамның орны орасан зор. Әйел адамдарды басшы тұлғалар қатарынан, бизнесте, экономикада, саясатта басқа да кәсіп салаларында кездестіріп қалатынымыз рас. Олардың саны күн сайын артып та келеді. Дегенмен де «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» – деп бабаларымыз айтқан. Алла Тағала солай жаратқандықтан, әйелдер қанша жерден жұмыс істеп, ер адамдармен тең құқылымыз десе де, ер адамдардан мықты емес. Бұл үйге қамалып қалу керек деген сөз емес. Бүгінгі таңда заманға сай отбасына да, жұмысына да үлгеріп, отбасында аяулы жар, ардақты ана, үлгілі келін, қызметінде биік-биік белестерден көрініп, абыройлы басшы болып жүрген нәзік жандылар жетерлік. Дәстүрді дәріптеп, салтты сақтап жүсек, қызметтің ешбір кедергісі болмас.

– 20 жылдан астам уақыт мәде-ниет саласына өміріңізді арнап келе-сіз. Өнер өлкесіндегі жастардың бойынан табылуға тиіс қасиет-терді, тәжірибеңізге сүйеніп ақыл-кеңесіңізді айтсаңыз.

– Өнер адамдары табиғаты өзгеше, жан-дүниесі нәзік келетіні белгілі. Дегенмен көптеген майталмандар «Өнер жолы – ауыр жол» деп жатады. Бұл пікірмен келіспеу мүмкін емес. Асанәлі Әшімов те «Өнердің жолы тар, бірақ бар» деп айтқан. Өнер дегеніміз – кие, қасиет, екінің біріне бұйырмайтын бақ деп білемін. Ал, сол өнерді шыңдамау, еңбектенбеу, тұралап қалу – үлкен күнә. Жастар өнерін қор қылып алудан сақ болуы керек. Өнер адамы танымал жұлдыз болмай жатса, мойымай таланттарды тәрбиелеп, жұлдызын жағуға септігін тигізуі қажет. Жастар «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абайдың айтқанын, «Үйрету арқылы үйренесің» деген қазақтың қанатты сөзін естен шығармау, адалдықты ластамау, өнерді тастамау керек деп есептеймін.

– Бала тәрбиесі деп қалдыңыз, шәкірттеріңіздің де көп екенін білеміз. Бала тәрбиесінде қаталдық танытасыз ба?

– Қатал ана емеспін. Барынша ерке-летіп, еркін өсіргенді құп көремін. Екі ұлым бар, мінездері ерке емес, бірақ мен үнемі еркелетіп жүремін. Ақылды болып ер жеткендеріне қуанамын, шүкір етемін. Сонымен қатар вокалдан сабақ беремін, тәлім алатын шәкірттерім көп, оларға да жұмсақпын.

Негізінен балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан басталады. Ал отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады. Отанның ұлы ұғым екенін ұғынып, елінің қорғанына айналады деп білемін. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей, бәріміздің басымдық беруге тиісті дүниеміз – бала тәрбиесі.

– Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін рахмет. Мерекеңіз құтты болсын!

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 4854 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет