Бейсенбі, 08 Тамыз 2024 15:15

Құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат ШАКЕНОВ: Ауқымды жобалар жүзеге асуда

Әр мамандықтың қоғамнан алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы десек артық айтқандық емес. Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық. Елімізде жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылар күні мерекеленеді. Осы орайда, кәсіби мереке қарсаңында Еңбекшіқазақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Шакеновпен сұхбаттастық.

– Құрметті Қайрат Төленұлы, Есік қаласы тұрғындарының өзекті сұрағынан бастасақ. Абылайхан атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары тұралап қалды. Мектеп құрылысы қашан аяқталады?

– Қазіргі таңда мектептердің барлығы облыстық білім басқармасының теңгерімінде болғандықтан, құрылысқа тапсырыс беруші – білім басқармасы. Яғни толық бақылау білім басқармасында. Ол жердегі мәселе белгілі. Әуел бастан құрылыс жобасы дұрыс жасалмаған. Салдарынан мердігер жобада көрсетілмеген жұмыстарды істеуден бас тартып отыр. Сол себепті кешеуілдеп тұрған жайы бар. Қазіргі таңда тапсырыс беруші мен мердігердің арасында сот процесі жүргізіліп жатыр.

– Сонымен қатар, ауданымыздағы ең үлкен нысан аудандық орталық аурухана да күрделі жөн-деуден өтіп жатқанынан хабардармыз. Ол жердегі жұмыс қарқыны қалай?

– Аталған құрылыс жұмыстарын «СП NEFT» ЖШС жүргізуде. Жұмыс қарқынды, құрылысшылар қазіргі таңда сыртқы жұмыстарын жасауда. Бұл жерде де тапсырыс беруші – денсаулық сақтау басқармасы.

– Ауданымызда тұрғын үй мәсе-лесі қашан да өзекті. Бұл орайда азаматтарымызды тұрғын үймен қамту жұмыстары қалай жүзеге асып жатыр?

– Бүгінгі таңда аудан бойынша 40 пәтерлі үш үйдің құрылысы бітіп тұр. Жалпы 120 пәтерді құрайтын атал-ған тұрғын үйлерге 1,8 млрд теңге жұмсалды. Құрылыстың мердігері «SHEBERBUILD» ЖШС. Қазіргі уақытта ол үйлердің айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 10 күннің шамасында тапсырылған жұмыстар толықтай аяқталады. Сондай-ақ, Есік қаласының төменгі тұсынан 30 пәтерлі үш, 40 пәтерлі бір тұрғын үй салынып жатыр.

Сонымен қатар, сол маңнан 60 пәтерлі 3 тұрғын үй салынатын болады. Тұрғын үй бой көтеретін орындарда дайындық жұмыстары басталып кетті. Ал Шелек аймағында 60 пәтерлі 2 тұрғын үй бой көтеруде. Пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі.

– Бірнеше жыл бұрын ауданымызда учаскелік полиция пункті мен тұрғын үй салу жұмыстары бас-талған еді. Игі іс жалғасып жатыр ма?

– Иә тұрғындар қауіпсіздігі үшін бұл жобаның маңызы зор. Соған сай бүгінде Ават, Бөлек, Қырбалтабай, Қорам, Қызылшарық, Тескенсу, Түрген ауылдарында тұрғын үймен бірікті-рілген учаскелік

полиция пунктінің құры-лыстары аяқталды. Жалпы жеті ауылда бой көтерген нысандар бойынша Алматы облысы әкімдігінің қаулысын шығару үшін хат жолданды. Қаулы шыққан соң Алматы облысы полиция департаментінің теңгеріміне өткізіледі. 

– Жасыратыны жоқ ауданымызда заман талабына сай келмейтін ескі мектептер көп. Білім беру саласындағы осы түйіткілдердің түйінін тарқату мақсатында қан-дай жұмыстар атқарылуда?

– Дұрыс айтасыз, балалардың жайлы мектепте оқыса деген халықтың тілегі бәрімізге аян. 2021 жылы Төле би ауылында 450 орындық мектеп құрылысы басталған еді. Бүгін-де 70 пайыз жұмысы аяқталып тұр. Нысанның жалпы құны 3 млрд теңге-ден астам. Аталған қаражаттың 1 млрд 788,7 млн теңгесі игерілді. Биыл 25 қаңтарда тапсырыс беруші Алматы облысы құрылыс басқармасы тарапынан құрылысты аяқтауға қажетті 1 млрд 317 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Алайда, қаражат әлі бөлінген жоқ. Жаңа оқу жылына дейін құрылыстың аяқталмай қалу қаупі бар. Шелек ауылы Х.Бижанов атындағы орта мектепке қосымша спорт және акт залын салу жұмыстары жоспарға сай жүзеге асуда. Биылғы жылы қазан айының 10-на дейін аяқталуға тиіс. Сондай-ақ, Есік қаласы мен Шелек ауылында 900 оқушыға арналған мектептер салынуда.  Рахат ауылдық округінің саяжайлар аумағында 1475 оқушыға арналған білім ошағы бой көтеруде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 10 мектеп салу жоспарлануда. Бүгінде Бәйдібек би мен Алмалы ауылында 600 орындық, Сатай ауылында 900 орындық, Бәйтерек ауылында 1200 орындық білім ошақтары салынуда. Алдағы уақытта Бәйдібек би, Қорам, Түрген, Тескенсу, Қайназар, Бәйтерек ауылдарынан да талапқа сай мектептер салынатын болады.

Тескенсу ауылында да 50 адамдық дәрігерлік амбулатория бой көтеруде.

– Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

 

Тілдескен

Р.НАРХАНОВ.

 

Оқылды 3685 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « НПП «Атамекен» помогает предпринимателям

Соңғы жаңалықтар

Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…
Қар 14, 2024

Eлянұр – әлем чемпионы

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасында өткен әлем чемпионаты өз мәресіне…
Қар 14, 2024

Бекзада өнер бәйгесі

Қазақ халқының ежелден келе жатқан аңшылық, саятшылық кәсібі бүгінде ұлттық спорт түріне…
Қар 14, 2024

Ұрпаққа тарту

Жасөспірімдеріміздің сапалы мектепте білім алуы болашақтың жарқын болуына жасалған…
Қар 14, 2024

Атқарылған жұмыстар сараланып, …

Осы аптада Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің алқа отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Талғат…
Қар 07, 2024

Жазушының шығармаларымен танысты

Қаратұрық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 5…
Қар 07, 2024

Алихан әлемдік деңгейге көтерілді

Ауданымыздың жас спортшысы Алихан Ермекұлы 2024 жылдың 26-27 қазан айы аралығында…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет