Бейсенбі, 22 Маусым 2017 18:36

Жолың болсын, Жас Түлек!

Алтын белгі – өрелі ой, терең білім,

Болашақтың көрсетер кемелдігін.

Жарқыраған жасындай жас түлектер,

Жалынды отты көреміз сенен бүгін!

 

Кедергілер кездессе сүрінбесін,

Қиындықтар тап болса түңілмесін.

Жас түлектер, ақта енді ел үмітін,

Алға қарай тарта бер білім көшін.

    Тұмса табиғаты талайды тамсандырған көне Сақтың атамекені Есіктегі Жамбыл атындағы жастар саябағы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болды: келешегінен зор үміт күтер Алтын түлектерін қарсы алды. Биыл ауданымызда жүзден жүйрік көрініп, білім кеңістігінде қалықтаған 74 Алтын белгі иегері шықты.

      Өткен аптамыз айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі – Есік қаласындағы Жамбыл атындағы жастар саябағындағы  «Алтын белгі – 2017» шарасы. Мектеп қабырғасындағы 11 жылын босқа өткізбей, білімнің биігін бағындыру үшін барын салып оқыған ауданымыздың мақтаныштарын арнайы аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы құттықтады.

      «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген бабаларымыздың тауып айтқан тәмсіліне таңқаласың. Рас, бұл заманда білімсіз кімді жығады? Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында, ха-лыққа арнаған әрбір Жолдауында, білімді басты назарға қойып отырады. Мемлекетіміздің жастарға сыйлаған шексіз мүмкіндігін толыққанды пайдалана білу екінің бірінің қолынан келмей жатыр. Өйткені, «білім – инемен құдық қазғандай». Сондықтан алтын белгі иегерлеріне арналған ауқымды шараға арнайы қатысып, алғашқы сөзді алған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы барша ата-аналарды, ұстаздарды және түлектерді еңбектерінің жемісімен құттықтай келе:

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, ұстаздар мен ата-аналардың арманы – ұл-қыздарымыздың азамат атанып, туған елдің абыройын көтергенін көруі. Жас түлектердің арманы – бе-рекелі де баянды бақ, мазмұнды да мағыналы болашақ. Оның өзі – тұзы жеңілге емес, тұғыры биік, талабы кеңге, білімі терең, еңбегі көпке ғана бұйыратын дүние. Ол үшін ілім мен білім жолындағы тынымсыз талпыныс пен үздіксіз ізденіс қажет. Бұл біздің бүгінгідей жаңалығы желмен жарысқан, ой-өрісі ғарышпен таласқан заңғар заманның басты әрі бірегей талабы.

    Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші, жыл сайын «Алтын белгі»-мен үздік аттестатқа иегер түлектеріміздің саны артуда. Өткен оқу жылында «Алтын белгіні» 16 түлек, үздік аттестатты – 50 түлек иеленген еді. Ал, ағымдағы жылы орта мектепті бітіруші – 1645 түлектің қорытынды аттестаттау нәтижесінде аудан бойынша 74 түлек «Алтын белгі», 55 түлек үздік аттестат иегері атанды. Биылғы мектеп бітірген уақыт Қазақстандағы «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келіп тұр. Осыдан жиырма бес жыл бұрын Қазақстанды әлемнің көптеген елі білмеген. Ал өткен жиырма бес жыл ішінде Қазақстанды бүкіл дүние жүзі елдері танып қана қоймай, абыройы асқақтаған ел ретінде мойындап отыр. Еліміздің жаңа тарихында осындай жетістіктерге жетуімізге жастарымыздың да қосқан үлесі орасан зор. бұлардың басында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны баршаға аян. Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан әлемдегі ірі-ірі қауымдастықтардың төрінде отырып, төрелігін беретіндей дәрежеге жетті.

     Қымбатты жас түлектер, тәуел-сіздігіміздің тұрақты, ертеңіміздің шуақты болуы сіздердей жастарға байланысты. Бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер, ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Өз басым бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне жететіндеріңізге кәміл сенімдімін. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер – деп түлектерге ақ жол тілеген аудан басшысы көпшіліктің қошеметіне бөленді.

     Әсерлі де әдемі шараның барысында Бинәлі Әбдіқапасұлы сахна төрінде 74 «Алтын белгі» иегерлеріне, 12 халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

    Баланың жетістік-ке жетуінде ата-ананың өлшеусіз үлесі бары анық. Сондықтан ақылына көркі сай, парасатты ұл-қыздарды тәрбиелеп, осы күнге жеткізген ата-аналардың атынан Ғазиза Қырбасова аудан әкіміне, ұлағаты ұстаздарға ақжарма алғысын білдіріп, түлектерге сәттілік тіледі. «Алтын белгі» иегерлері Қаратұрық ауылы, Еңбек Ері А.Бертаева атындағы орта мектеп түлегі Еркеназ Тұрғынбай мен Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп түлегі Мағжан Тұрсынбайға сөз ұсынылды. Жастарымыз өз кезегінде түлектердің атынан аудан басшылығына, білім берген ұстаздары мен ардақты ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Өздеріне артылған үмітке  үлкен жауапкершілікпен қарап, ауданымыздың беделін асқақтатуға, ел сенімін ақтауға уәде берді.

   Мәнді де маңызды мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. «Нұр-Ай» тобы, Қабыл мен Ерке, Ернар Мұқан, Дәурен Сәрсенбаев, Ұлан Қали есімді әншілеріміз жүрек тебірентер әндерін шырқады. Іс-шараның соңында түлектер аудан әкімімен естелік суретке түсті.

     Осылайша білімге құлаш сермеп, армандарына күміс қанат байлаған түлектердің алар асуы, бағындырар белесі көп болсын дейміз!

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 3227 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дарын иесі Дидар Жолың болсын, Жас Түлек! »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет