Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:22

Дарын иесі Дидар

Кедергісіз келешек

 

Өмірде бастарына түскен қиындыққа мойы-май, тек жақсылықтан үміттеніп алға ұмтыла-тын адамдар жетерлік. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар. Олардың ерлігі, өмірге деген көзқарастары аз күндік қиындыққа шыдамайтын сау адамдарға мәңгілік үлгі екендігі анық. Сондай қайсар жанның бірі – Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының тұрғыны Еркінов Дидар Нұрланұлы.

Дидар Еркінов 2004 жылдың 1 наурызында өмірге келген. Өкінішке қарай, туылғаннан мүмкіндігі шектеулі, қол-аяғында кінәрат болғандықтан басқа балалар секілді асыр салып емін-еркін ойнай алмайды. Өмірдің не екенін ерте сезінген Дидар, Алланың басқа салған сынағынан сүрінбей өтіп келе жатыр. Бүгінде ол Азат орта мектебінің 5 сыныбын аяқтады. Денсаулығына байланысты мектепке бара алмағандықтан, мұғалімдер оны үйіне келіп оқытады. Білімге деген құлшынысы жоғары жеткіншектің сабақ үлгерімі жоғары екен. Математика мен тарих пәндерін ерекше жақсы көретін Дидар барлық пәндерді 4 пен 5-ке оқып жүр. Озат оқушының бірі боп жүргені ата-анасының көңіліне қуаныш сыйлап, мерейін өсіруде.

Ерекше тоқталып кететін жәйт – Дидар осы күнге дейін спортпен шұғылданып, қолөнермен және сурет салумен айналысып келеді. Сондай-ақ, түрлі жарыстарға қатысып жеткен жетістіктері мен алған асулары аз емес. Алматы облысы ІV жазғы Параолимпиадалық ойындарында жеңіл атлетикадан, нақтырақ айтсақ 100 метрге жүгіруден 2-ші орынға, ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық V спартакиадасында жүлделі 3-ші орынға ие болды. Сурет салумен 8 жасынан бастап айналысатын балақайдың туындылары көптеген байқауларда жүлде алып жүр. Ол тарихи суреттерді, батырлардың бейнесін салғанды ұнатады. «Әлем – балалар көзімен» байқауында Құрмет грамотасымен, Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Бала – өмірдің гүлі» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде қолөнер бойынша бас жүлдені жеңіп, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды. Талантымен талайды тәнті ете білген өнерпаз республикалық «Мектеп», «Жыл он екі ай» журналдарына шығып үлгерген.

Анасы Бақыт Әденқұлова – Дидар «өзін өзгелерден кеммін» деп ешқашан еңсесін түсірген емес. Тиісінше, достары да көп, балалармен тез тіл табысады. Қолынан келген мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, сауығып кету үшін бәрін істеп талпынуда. Бүгінде баламыз бассейнге барады, шахмат, дойбы үйірмелеріне қатысады. Жақында Дидардың аяғына ота жасалып, оң өзгерістер байқалып, бізге жақсы үміт сыйлауда. Бала үшін барыңды беретінің белгілі, еткен еңбектеріміздің ақталуын Алладан үнемі тілейміз. Баламызға қамқорлығын аямайтын мектеп директоры Шолпан Қошақановаға және үйімізге келіп білім беріп жүрген барша ұстаздарына алғысым шексіз – дейді.

Иә, өмір сынағын көтере білген Дидардай дарын иесін Алла тағаланың сүйікті пендесі деп білеміз. Оның барға тасымайтын, жоққа жасымайтын мінезі, өмірге деген сүйіспеншілігі мен көзқарасы – өзімен жасты дос-тары түгіл, үлкендерге де үлгі. Дидардың алақандай жүрегіндегі, алатаудай армандарының орындалуын, өмірден өз орнын тапқан арыстай азамат болуын шын жүректен тілейміз!

Ринат НАРХАНОВ.

суретте: «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчество-лық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов  Дидар Еркіновты марапаттау сәті.

 

Оқылды 3160 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Дарын иесі Дидар Жолың болсын, Жас Түлек! »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет