«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мектепте жүзеге асуда. Көктемгі демалыс күндерінде оқушылардың демалысы мағы-налы да мәнді өтуіне мектеп ұжымы зор үлес қосуда. 5 сынып оқушылары мен сынып жетекші С.Ильясова «Фольклор әлемінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Балаларға халқымыздың ауыз әдебиеті туралы толық түсінік берілді. Сонымен қатар, балалардың ізденуіне ықпал ететін сұрақтар арқылы өз халқының ауыз әдебиетіне құрмет сезімін оятты. Оқушылар мақал-мәтелдерді, олардың қолдану ерекшелігін айтып, танымдық қабілеттерін арттырды. Оқушылар ауыз әдебиетінің тарихи мәнін ашып, ерте заманнан келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы екенін сезінді. Жаңылтпаш, жұмбақ айтып, өз білімдерін дөңгелек үстел барысында көрсете алды.

Эльвира ОМАРБАЕВА,

Төле би мектебі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары.


Жұма, 06 Сәуір 2018 09:32

Қазақ тілі – ұлттың жаны

Ана тілі... Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші. Санамызда тұнып тұрған ойларды әспеттеп жеткізу, ойымызды анық айту – осының бәрі тіл арқылы жүзеге асады.

Тіл болашағы – ел болашағы. Тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Сәбилерге бесікте жатқан кезден қазақтың бесік жырын айтып, өсе келе ертегілер айтып, ана тіліміздің құндылығын бойына сіңіре білуіміз ләзім. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» деген. Біз қазақ елі шешендік өнерге, ақын-дыққа, сазгерлікке жаны құмар халықтардың бірі де бірегейіміз.Біздің мақтанышымыз да, байлығы-мыз да, асыл қазынамыз да өшпес мұрамыз – тіл.

Амал нешік, бүгінгі таңда туған тілімізді шұбарлап, аралас сөй-лейтіндерді жиі кездестіреміз. Қазақ тілін біліп тұрса да, сөй-лемейтін шала қазақтарды көрген-де, қынжылатынымыз рас. Бұл мәселеге тоқтау салатын кез келді. Қазақ тіліне жаны ашитын әрбір азамат осыған жұдырықтай жұмылып атсалысуымыз керек. Бүгінгі қазақ тілінің тағдыры мен болашағы Елбасын да аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуіміз тиіс. Бұл – аз уақыттың арасында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іс» – дегені, қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күшімізді жұмсауымыз керек екенін айқындап тұр.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тіліміз бізге, яғни атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Біз өзіміздің ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев:

«Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім!», – деп жырлағаны қазақ тілінің ешқашан тозығы жетпейтін асыл мұра екенін сипаттап тұрғандай. Міне, осыдан кейін қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, орамды тіл екенін ұғамыз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі таңдағы белең алып тұрған жағдайдың мәселесін шешу жас ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Әлемге әйгілі ел болуымыз, қазақ деген ұлттың бар екенін паш ету – біздің міндетіміз. Елбасының тілдердің үштұғырлығы саясатын қолдап, қазақ халқының үш тілді де яғни қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік меңгерген білімді де білікті ұрпақ болып өсуіне ары қарай дамуына бәріміз жұдырықтай жұмылып, атсалысуымыз қажет. Бізді өмірге әкеліп, оң-солымызды тануға үйреткен ата-анамызды қалай қадірлеу керек болса, өз ана тілімізді де солай аялау қажет. Туған тілінде шұбарлап сөйлеп, ана тіліміздің қасиетін түсіне алмай жүрген адамдарды көргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деп ашына айтқаны ойға оралады. Жәндік сияқты өмір сүрмес үшін, тілімізді қадірлей білейік, ағайын!

Жадыра АЛМАС,

Әймен орта мектебінің

11 сынып оқушысы.

Жұма, 06 Сәуір 2018 09:12

Фракция отырысы

Желілік кестеге сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция отырысы өтті. Отырыста 2018 жылдың 11 қаңтарында жарияланған Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, өздерінің сайланған округтеріндегі сайлаушы-ларға түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу туралы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі, депутаттардың ІІ тоқ-сандағы қабылдау кестесін бекіту мәселелері қарастырылды.

 

Б.Рахимов,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының

консультанты.

 

 

Елдігіміздің, теңдігіміздің нышаны болған Рәміздерімізді қадір-қасиет тұту – ортақ парыз. «Әлемде Мемлекеттік Рәміздерімізге деген құрметсіздікпен күресті тек біздің ел ғана жүргізіп отырған шығар. Бұл түсінген жанға масқаралық емес пе?» деген еді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар рәміздер жөніндегі комиссия отырысында. Шындығында, Ұлттық нышандарымызды насихаттау, оған құрмет көрсетпегендермен күрес жүргізу – сүйегімізге таңба салады.

Әйткенмен, Рәміздерімізге құрмет – парызым дейтіндер әлі де жетіспеуде. Ал олар заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанынан құрылған ҚР Рәміздері жөніндегі арнайы комиссия округтердегі мемлекеттік мекемелерге рейд жұмыстарын жүргізуді 3 сәуірден бастады. Аудан шекарасы Сөгеті ауылдық округінен бастау алған рейд 13 наурызда аяқталады.

Толығырақ рейд жұмыстары біткеннен кейін, газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жұма, 30 Наурыз 2018 09:51

Шелек спорт мектебі – үздік

Сонау 19 ғасырдың соңында Англияда пайда болған еркін күрес бүгінде әлемдік спорт түрінің санатында. Елімізде 1955 жылдан бері осы спорт түрінен жарыстар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. 24-25 нау-рыз аралығында осындай ауқымды турнирдің куәгері болдық. Ашылуында округ әкімдігі мен мектеп басшылығы құттықтау сөз сөйледі.

Ащыбұлақ ауылындағы орта мектептің қабырғасында өткен 2003-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бәсекеге өз ауданымыздан бөлек Талғар, Алматы қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласынан арнайы командалар қатысты. 25 салмақ дәрежесінде бас-аяғы 200-ден астам балуандар боз кілемде белдесті.

Пархад Әлімұлы Ашировтың демеушілігімен, бас төреші болған Еркеұлан Турапбаевтың ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шара шымылдығын МС Сайлаубек, Думан Жармахан, Бауыржан Қоңыр, Дархан Абдраимов өздерінің әуезді әндерімен ашты.

Рухани жаңғыру бағдарла-масы аясында Елбасының «Туған жер» идеясын іске асыру мақсатында өткен турнир нәтижесінде 16 команда ішінен Шелек жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері үздік шығып, командалық есепте 103 балмен бірінші орынға тұрақтады. Ал Алмалы құрамасы 80 балмен екінші және 75 балмен Ащыбұлақ командасы үздік үштікті қорытындылады.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Жұма, 30 Наурыз 2018 09:31

Ұлылар ұрпағына тағзым

Жуырда Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрнекті қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезбен кездесу кеші өтті.

Салтанатты кешке кемеңгер ғалым Мұрат Әуез бен тілші, филолог Қалдыгүл Жаныбаева арнайы шақырылып, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара басында колледж директоры Гүлнар Сағатқызы Мұрат Мұхтарұлына 50 жылдық тарихы бар қара шаңыраққа арнайы табан тіреп, кездесуге уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдірді. Кейіннен студенттер Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінділер оқып, сахналық қойылымдар қойып, әннен шашу шашты. Кештің бел ортасында қазақтың Мұрат Мұхтарұлы мен журналист Қалдыгүл Жаныбаева сахна төріне шақырту алып, әкесі Мұхтар Әуезов пен өз естеліктерін еске түсіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ сұхбат барысында ұстаздар мен студенттер тарапынан жазушыға бірнеше сауалдар қойылып, жауаптар алынды. Кездесу соңында колледж ұжымы Мұрат Әуезді 75 жылдық мерейтойымен құттықтап,арнайы сыйлық пен құрмет гүлін ұсынды. Сонымен қатар кеш қонағы Қалдыгүл Жаныбаеваға да колледж директоры шығармашылық табыс тілеп, колледж атынан арнайы сыйлықты табыстады. Кездесу өз мәресіне жетіп, ұстаздар мен студенттер қонақтармен бірге естелік суреттерге түсті.

Зина ЕРЛЕНОВА.

 

ХХІ ғасырда өмірдің барлық ресурстарының зерттеу салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдерге үздіксіз еңбек ету керек.Осыған орай Елбасы биылғы Жолдауында жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен мұғалімдердің лауазымдық еңбекақысын,сонымен қатар жалпы мұғалімдердің жалақысын біліктілігін растауына байланысты 30%-50% дейін көтеру міндетін қойды.

Иә, білім сапасына қойыла-тын жаңа талаптар білім маз-мұнын игеруде мұғалімнің оқу-шымен қатар тұруын қажет етеді.Сол себепті жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап жүрген – ұстаздар» – деп айтқан. Осы ұстанымды мұғалімдер басшылыққа алып, білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүр. Аталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Алматы облысы бойынша филиалы еліміздегі орта білім мазмұнын жаңарту аясында арнайы көшпелі курстар өткізді. Ауданымыздағы. әл-Фараби атындағы орта мектебінің базасында өткен курсқа бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Оны «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Г.Фазлыева жүргізді. Гүлжауһар Кәкішқызы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасына терең тоқтала отырып, Қазақстан әрқашан өркениетті елдермен иық тірестіруде, дамудың жаңа сатысына көтерілуде жаһандық өзгерістерге сай болуы үшін ең алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керектігі аясында кеңінен әңгіме өрбітті.

Осы тұста «Туған жер» бағ-дарламасының маңызының арта түсетіні белгілі. Сол себепті мектеп оқушыларын ұлтжан-дылық пен патриоттыққа тәр-биелеуде өз халқының терең тарихына бойлай отырып, оның халық үшін қаншалықты ма-ңызға ие екендігін бала бойына сіңіру мұғалімнің айнытпас жауапкершілігі екені белгілі. Яғни, дамудың жаңа кезеңінде алдымен ұлттық болмысымыз бен құндылығымызды сақтауда Ақши ауылында орналасқан Ұста Дәркенбай атындағы қол-өнер мұражайы мен Есік қаласындағы «Алтын адам» мұражайының орны ерекше. Мұнда оқушылар сонау тарих қойнауынан сыр шертіп, мәдениетіміз бен өнерімізге, шеберлігімізге тәнті болады.

Қорыта айтқанда рухани жаңғыру – ұлт өркениетін өсіретін қозғаушы күш. Ал жаңартылған бағ-дарлама негізінде атал-ған, азаматтақ ұстанымға, өзгелермен ынтымақ-тастыққа өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандану мен жаң-ғыртудың әсерінен білім алудың бастау бұлағы.

Динара КАСЫМБЕКОВА,

Ақши ауылы «Бөлек батыр атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

Осыдан 20 жыл бұрын ұлы көш Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасын орталыққа орналас-тыру мақсатында Арқа төсіне бет түзеген еді. Ол кезде дәл осындай зәулім ғимараттары аспанмен таласқан жаңа Астана саламыз дегенге біреулер сенсе, біреулер күмәнмен қарағаны анық. Елбасының көреген саясаты арқасында еліміздің мақтанышына айналған жаңа Астана күн санап құлпыра түсті. Бүгінде қазақстандықтар үшін ортақ қуанышқа айналған Елордамыздың туған күні жыл сайын өзіне лайық сән-салтанатымен аталып өтуде. Биылғы аталым ерекше.

Шелек ауылдық орталық кітапхана мен мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесе отырып «Еңселі Елордам» атты тарихи калейдоскоп, әңгіме-саяхат ұйымдастырып, кездесу кешін өткізді. Кешке «Жас әдебиетшілер» клубының мүшелері, мамандандырылған күзет қыз-меті саптық бөлімшесінің қызметкерлері, Абай атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздары мен осы мектеп жанындағы интернат қызметкерлері елордамыздың мерейлі тойына қатысты жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Кітапхана директоры Мадина Үм-бетова ел болашағы жастарымызға Астананың кешегісі мен бүгінгісі жайлы мағлұмат бере отырып, егемен еліміздің әлем таныған Елордасын мақтан тұту сезімдерін қалыптастырып, жастарды отаншылдыққа,патриотизмге,адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу екендігін атап өтті. Тарихи «калейдоскоп» кезінде 3 аялдама жасалынды. Берілген мәліметтер, айтылған әңгімелер арнайы дайындалған слайдттар көрсету арқылы өрбіді. Бірінші аялдама – Ақмола атауының төңірегінде болды.

Бүгінгі Арқа төрінде бой көтеріп келе жатқан елордамыздың тарихы патша заманынан,сонау 1830 жылдан бастау алды. Нақ осы жылы Батыс Сібір губернаторы Вельяминовтың Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі бұйрығын орындау үшін қасында екі жүз адамы бар Федор Шубин келіп, қаланың қазіргі орнына қазық қақты. Екінші аялдама – Целиноград. 50-ші жылдары астық өндірісін дамыту үшін Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тың жерлерді игеру ойластырылды.

Тарихи саяхат 3 аялдамаға келіп жетті. Ақын Махмұтпай Әміреұлының «Астана – арман қала» өлең жолдарымен айтқанда:

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала

Астана өсуде.

Астана ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шаттана.

Астананы көшіру қажеттілігі әрі сая-си, әрі экономикалық себептермен дәлелденді. Астана – қазақ елінің жүрегі, тынысы, айнасы. Есілдің жағасында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп атайды. 2001 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Резиденциясы салына бас-тады. Осы сынды Астанамызды ажарландырып тұрған әдемі ғимараттар көп.2017 жыл қазақстандықтар үшін маңызды жыл болды. Маңызды жоба «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түпкір-түпкірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналды. Саяхат барысында лэд-экраннан «ЭКСПО тарихы» және «Вся красота ЭКСПО» бейнебаяндары көрсетілді. Кітапхана залында «Еңсесі биік Елорда» көрмесі ұйымдастырылып, «Ел сүйсінген Елорда» слайд-шоу жасалынды. Астана мерейтойына орай жас таланттар Нұрлан Дидар, республикалық «Ақ көгершін» байқауының лауреаты Жансая Қанатқызы, республикалық «Ғұмыр Дария» байқауының лауреаты Қарақат Аршын Отан, туған жер туралы әндер орындап, көпшілікті тәнті етті. Ал «Жас әдебиетшілер» клубының мүшелері бірінен кейін бірі елордамыз жайлы өлеңдерін шабыттана оқыды. Кешті Абай атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Дастан Бейсенбай мен кітапхана директоры Мадина Умбетова жүргізіп отырды.

 

Айжан СЫЗДЫҚОВА,

Шелек ауылы.

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:29

Право выбора есть у каждого

Республиканская информационная кампания «Скажи жизни Да!» в средней школе с.Байтерек прошла под девизом «Жизнь прекрасна!». В течение месяца были проведены психологические тренинги для учащихся старших и средних классов, конкурсы рисунков «Мир глазами детей», акции «Не держите зла, держите шарики!» и «Я выбираю жизнь!». Активное участие в них принимали классные руководители и родители.

Проблема детского подросткового деструктивного поведения в настоящий момент актуальна. Плохая успеваемость, ссоры с родителями, первая любовь — это всего лишь несколько причин деструктивного поведения. был организован совет мальчиков и девочек, где обсуждались актуальные вопросы проблем молодежи. Показ мотивирующих видеороликов, создание памяток с рекомендациями родителям, проведение круглого стола — это вклад педагогов в общее дело психологического оздоровления наших детей. Их задача – помочь ребятам сделать выбор – быть счастливыми, добрыми и милосердными, искренними, мягкими и гибкими, наполнить каждый день смыслом, убедить, что время не стоит на месте. Оно не будет ждать, когда мы захотим жить.

Учителя и психологи в ходе акции постарались довести до учеников мысль, что каждый новый день – это прекрасная возможность изменить себя и свою жизнь, повод стать счастливее, чем вчера.

 

Педколлектив СШ с.Байтерек.

Жұма, 16 Наурыз 2018 15:24

Өмірге «иә» деп айт!

 

Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте республика көлемінде жүргізілген «Өмірге ИӘ деп айт!» науқаны аясында «Өмір тамаша!» атты ұранымен айлық өтті. Ондағы мақсат:өмірге деген бейімділік, оның құндылығын ұрпақ санасында түбегейлі қалыптастыру, түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, айналасымен қарым-қатынасты нығайту. Науқанға ата-аналар, сынып жетекшілер мен оқушылар белсене қатысты.

Ең алдымен, ата-аналар мен балаларға арналған пси-хологиялық көмек көрсету мақсатында, ақпараттық-та-қырыптық бұрыш жасалды. Мектеп оқушыларына жас ерек-шеліктеріне байланысты, ата-аналар, мұғалімдерге "Интернетте қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?", "Балаларды бірге сақтайық!" деген жадынамалар, "Біз өмірді таңдаймыз!", "Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?" тақырыптарында ақпараттық парақшалар таратылды.

"Өмір тамаша! Босқа қауіпке жол берме!" тақырыбында 5 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелдер өткізілді. "Қауіпсіз интернет" тақырыбында 6-8 сыныптарында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Онда оқушы-лардың интернеттің адамға зияны туралы дұрыс көзқарастары байқалды.

2-5, 8-11 сыныптар арасында "Ғаламтордың балаларға пайдасы мен зияны" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Жоспар бойынша 2-3 сынып арасында "Өмір тамаша!" тақырыбында суреттер байқауы өтті. Байқау кезінде оқушылардың салған суреттерінің мәніне қарап, эстетикалық жағынан да ескеріліп орындар тағайындалды. Бұ-рышқа ең үздік суреттер ілінді. Кйіннен "Өмір туралы менің түсігінім" тақырыбында 7-8 сынып арасында шығарма бай-қауы өткізілді. 85 оқушының ішінен 6 "А" сынып оқушысы Аяулым Амантай, Ермек Даулетбек (6 "Ә" сынып), Орынбек Асхат (7 "А"сынып), Бағдаулет Ұлар, Тұрсынғазы Гина (8 "А" сынып оқушылары) шығармалары үздік деп танылды.

Алдағы уақытта ата-аналарымен "Балалардың Интернеттегі және әлеуметтік желілердегі іс-әрекетіне ата-аналардың бақы-лауын күшейту мәселелері" тақы-рыбында жиналыстар, оқуылар арасында түрлі тренингтер өткізу жоспарлануда.

 

Гүлсім ӘМІРХАНОВА,

әлеуметтік педагог.

Соңғы жаңалықтар

Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…
Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет