Дүйсенбі, 23 Маусым 2025 11:21

Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс?

 Жазда - күн ұзарып, ауа райы ысып, шөл қандыратын салқын әрі пайдалы сусындарға сұраныс артатын мезгіл. Адам ағзасы жазда көп мөлшерде тер арқылы сұйықтық жоғалтады. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін қандай сусын ішкен дұрыс екенін білу маңызды.

      Таза ауыз су - ең қажеттісі. Таза су - шөлді қандыратын ең табиғи әрі қауіпсіз сусын. Әсіресе ыстық күндері ағзаға күніне кемінде 1,5-2 литр су қажет. Су ағзадағы зат алмасуды реттеп, токсиндерді шығаруға көмектеседі.

      Табиғи компоттар мен морстар. Жеміс - жидектен дайындалған морс пен компот - дәруменге бай сусындар. Таңқурай, шие, қарақат сияқты жидектерден дайындалған компоттар иммунитетті нығайтып, сергітеді. Ең бастысы - қантты аз қосқан дұрыс.

       Үй жағдайындағы лимонад. Лимон, бал және жалбыз қосып дайындалған үй лимонады - шөлді басатын, әрі пайдалы сусын. Газды сусындарға қарағанда, үй лимонады ағзаға зиян келтірмейді.

      Айран мен қатық. Қазақтың ұлттық сусыны - айран мен қатық - жазда нағыз ем. Ол шөлді басып қана қоймай, ас қорытуға да пайдалы. Сонымен қатар, ағзадағы пайдалы бактерияларды қалпына келтіреді.

      Шөп шайлар. Жалбыз, түймедақ, лимон шөбі сияқты-табиғи тыныштандырғыш әрі сергіткіш сусын. Мұндай шайларды салқындатып ішсе, жазда ағзаны тазартып, сергектік береді.

            Қандай сусындарды ішпеген дұрыс - жазда шөлді қандырамын деп төмендегі сусындарға әуес болу зиян әкелуі мүмкін:

       Газдалған тәтті сусындар - құрамында көп мөлшерде қант пен химиялық қоспалар болады.

      Энергетикалық сусындар - жүрекке кері әсер етіп, қан қысымын көтеруі мүмкін.

     Тым суық және мұз қосылған сусындар-тамаққа әсер етіп, суық тиюге себеп болады.

      Әлсіз алкогольді сусындар (сыра т.б.)- жүрекке, асқазан ішек және басқа да ішкі ағзаларға кері әсер етіп денедегі сұйықтықтың алмасуын бұзуы  мүмкін.

     Жаз мезгілінде шөл қандыртып қана қоймай, ағзаға пайдалы әсер ететін сусындарды дұрыс таңдай білу қажет.

      Табиғи,  дәруменге бай, қантсыз немесе аз қант қосылған сусындар-денсаулық кепілі.

Өз денсаулығыңызға қамқорлықпен қарап, шөл басуға дұрыс сусын таңдаңыз!

 

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 518 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет