Дүйсенбі, 23 Маусым 2025 11:27

Тәттіден уланудан сақ болыңыз

  Жаз мезгілінде тәтті тағамдарға деген сұраныс артады. Түрлі балмұздақ, торт, кәмпиттер мен десерттер - балалар мен ересектердің сүйікті тағамдарына айналады. Алайда осы тәттілер дұрыс сақталмаса немесе санитарлық талаптарға сай дайындалмаса, адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі  мүмкін.  Оның ішінде – уланудың қауіпі. Улану жағдайлары көбінесе сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен тәтті өнімдерді тұтыну салдарынан орын алады.

   Тәттіден уланудың белгілері:

  • Іш өту, құсу
  • Іш ауыруы, іштің бұрап ауруы
  • Бас айналу, әлсіздік
  • Дене қызуының көтерілуі
  • Тәбеттің жоғалуы

      Бұл белгілер тағам арқылы уланудың алғашқы көріністері болуы мүмкін.      Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн.

   Уланудың алдын алу жолдары:

  1. Тәттілердің сақталу мерзіміне мән беріңіз. Сатып алғанда қаптамасындағы жарамдылық мерзімін мұқият тексеріңіз.
  2. Сақтау шарттарын қадағалаңыз. Балмұздақ пен крем қосылған торттар тоңазытқышта сақталуы тиіс.
  3. Көшеде дайындалған өнімдерді тұтыну кезінде сақ болыңыз. Гигиеналық талаптарға сай келмейтін жерден алынған тәттілер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
  4. Балалардың тәттілерді тұтынуына бақылау қажет. Балалар тәттілерді мөлшерден тыс көп жесе, улану қаупі артады.
  5. Тәттілерді үй жағдайында дайындағанда тағамның құрамына кіретін өнімдердің сапасын бақылап, сенімді болу үшін оларды мұқият өңдеп, тазалап –жуып, талапқа сай жағдайда дайындап, пайдаланған жөн.

       Тәтті тағамдар-қуаныш пен мерекенің ажырамас бөлігі. Дегенімен оларды таңдау мен тұтынуда мұқият болу  -әр адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі. Саналы түрде әрекет етіп, уланудан сақ болайық!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 423 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет