Мәдениет – мем-лекетіміздің дамуына үздіксіз қызмет ететін мәртебелі сала. Ұлтымыздың беделін әлемге танытатын өнер ошағы. Сол мәдениет саласында 27 жылдан бері аянбай қызмет етіп жүрген Қайназар мәдениет үйінің директоры, «Үздік мәдениет басшысы» атағымен марапатталған Райхан Жанбосынова.
Райхан Сексенбайқызы аудан ішінде алғашқы болып «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Елбасымыздың салиқалы саясатын насихаттау мақсатында ауыларалық гастрольдық концерттерін қойып жүр. Концерттің негізгі мақсаты – өнер өмірдің ажырамас бөлшегі болғандықтан, жастардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, таланттарын шыңдау үшін шығармашылықтарымен тұрғындарды таныстыру.
Райхан Жанбосынованың өзі басқарып отырған мәде-ниет үйіндегі ұжымымен және өнердегі шәкірттерімен атқа-рылып жатқан бұл бастамасы ауыл тұрғындарының көңілі-нен шығуда. Осы уақытқа дейін Шелек, Қаражота, Ақтоған, Қар-балтабай, Қаракемер, Түрген ауылдарында шығармашылық кештерін қойып, көрерменнің қошеметіне бөленіп, оң бағасын алды. Райхан Сексенбайқызы көптеген шәкірттерді баптап, болашағын жарық қылуға үлесін қосқан жан, бүгінде өзі тәлім беріп жүрген – Базарбек Сатен, Азиза Төребаева, «Бахар» ән-би тобы шәкірттері болашағынан зор үміт күттіретін өнер иелері боларына сенімді.
Ел үшін еңбек етіп, өнер өлкесінде өзіндік жолын сал-ған Райхан Жанбосыноваға шығармашылығыңыз шарықтай берсін дейміз!
Ринат НАРХАНОВ.
Ауданымыздың үш мектебіне батыр бабамыздың, алаш ардақтысының,
еңбек ерінің есімдері берілді
Қазақтың ұлан өлкесі сынға түскен сонау бір сұрқай шақтарда басын бұғауға бермей, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы азаттық үшін арпалысқан оғландар есімі ұрпақ жадынан сөнбейді. Соның бірі – ХVІІІ ғасырда ғұмыр кешкен жоңғар басқыншылығына қарсы Хангелді, Наурызбай сияқты батырлармен бірге азаттық жолында күрескен – Бөлек батыр. Бүгінде Аңырақай аталып кеткен Далатау жазығында болған қалмақтардың бас батыры Аңырақайды тізе бүктірген баһадүр бабамыздың есімін енді жас ұрпақ мәңгі атап жүрмек. Себебі, өзінің туған өлкесі Ақшидегі мектеп Бөлек батыр есімімен аталды. Игі шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, Алматы облыстың мәслихатының депутаты Жангелді Осан қатысып, ақшиліктерді торқалы тойымен құттықтады.
Алдымен сөз алған Бинәлі Әбдіқапасұлы: – Міне, бүгін мектептің аты беріліп, өнегелі өткенімізден ұлттығымызды айшықтайтын тұнып тұрған жәдігерге айналған бабамыздың есімі тарих беттерінде осылайша алтын әріптермен жазылып, халқымыздың жан сырын тербеткен ізгі арман-тілектері орындалып отыр.
«Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр», – демекші қашанда ер есімі ел есінде болуы қажет. Өйткені, осындай ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен алмағайып заманда қазақ жерінің тұтастығы жолында жан алысып, жан беріскен атақты тұлғалардың ғибратқа толы өмір жолы – жастарымызға үлгі-өнеге, – деп барша жиылған қауымды мерейлі тоймен құттықтап, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.
Сөз алған ауылдың ақсақалы, Батыр есімі мектепке берілуі үшін 10 жылдан астам бір кісідей тер төккен Махмұт Андақбай: – Бүгін ауылымызда торқалы той. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кешудеміз. Батыр атында бір округ, көше бар. Енді бүгін жас ұрпақ білім нәрімен сусындайтын алтын ұяның да есімі берілді. Осындай қуаныштың басында тұрған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлына тұрғындар атынан алғыс білдіремін, – деп, аудан басшысының иығына қазақы салт бойынша шапан жапты. Кейіннен мектеп директоры Салтанат Жошыбаева да ақжарма тілегін жеткізді. Батыр есімі берілгендігі туралы маңдайшаны ашу құрметі қонақтар мен ауыл ақсақалдарына берілді.
Мектеп ішінде Батырға арнайы стенд әзірленіпті. Онда Бөлек батырдың портреті, орталық мұражайда сақталған дулығасының суреті және Елбасы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласында айтып өткен «100 жаңа есім» идеясы негізінде ауылдан шыққан тарихи тұлғалардың есімі мен жеке суреттері қойылған. Ұста Дәркембай Шоқпарұлы, ақын Тұманбай Молдағалиев, академик Жолмұхан Түрікпенұлы, физика-математика ғылымдарының профессоры Әділхан Әбілдаев, жаратылыстану ғылымдарының академигі Анарбек Бекботаев секілді елге белгілі азаматтар стен-діде таңбаланып тұр. Осындай атқарылған жұмыстарды барлаған аудан әкімі ауыл ақсақалдары мен тұрғындарына алғысын білдірді.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Шебердің қолы ортақ
Өзі түйін түймеген,
Зат қадірін біле ме?
Өзі түсіп күймеген,
От қадірін біле ме?
Ағаш жонып көрмеген,
Шот қадірін біле ме? – деп танымал шебер, марқұм Дәркенбай Шоқпарұлы айт-пақшы, қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Ал, Ақтоған ауылының тұрғыны Ақберген Шубаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп, алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі.
Бабалар қашап кеткені,
Тарихтың көне беттері.
Тайсалмай тағдыр тезіне,
Сарғайып бізге жеткені, – деп Ақберген Батырханұлы жырлағандай, бабалардан қалған өнерді жалғастырып, ағаштан ою ойып, темірден түйін түйіп жүрген азамат. Біз керексіз деп мән бермейтін нешетүрлі заттардан тың дүние жасап шығару тек талантты танытып қана қоймайды, көрегендікті де қажет етеді. Қисайып немесе небір пошымдағы ағаштан, не тамырдан әлдебір бейнені елестетіп, оны жасап шығару – шебер-лік емей немене. Жүнді, теріні өңдеп, малдың мүйізін, асығын, сүйегін сүріп, кәдеге асыру – зат қадірін, ал сол затты ығына, бейіміне қарай жонып, шауып іске асыру шот қадірін білгендік. Енді, темірді отқа балқытып, неше түрлі өрнектеп кәдеге асыру – от қадірін білгендік. Міне, сондай қасиет Ақберген шебердің бойынан табылады.
Отбасы Отаны Қазақстанға көшіп келіп, Ақберген Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатында білім алады. Өзі оқып алған техник, гидротехник мамандығымен бірге, жастайынан әкесінен үйреніп, дағдыланған қолөнер саласын да қатар алып жүреді. 1990 жылдан Дәркенбай Шоқпарұлының қармағында тәжірибе жинақ-тайды. 1991-2000-шы жылдары мектеп оқушыларына қолөнер саласы бойынша үйірме ашып, жұмыс жүргізеді. Ақтоған мекте-бінде шебердің бұйымдарына арналған арнайы бұрыш та бар. Қазір оның қолынан шыққан туындылары осы өңірдің отбасыларында баршылық. Тапсырыс бойынша түрлі бұйымдар жасау-мен айналасуда. Ел көбінесе еліктің не басқа жануардың сирағы мен тұяғынан сапталып, қайыспен өрілген қамшы, ұлттық өрнектермен әшекейленген ерто-қым, белдік, торсық, тағы басқа да бұйымдарына қызығушылық танытып, тапсырыс береді екен.
Ақберген шебер ғана емес, ақындық талабы да таудай екен. Сәті түскен кезде қағаз бетіне ойдан туған шумақтарын түртіп қоятын да әдеті бар. Мен оны Шелекте тапсырыс берген адамдарға, қамшы, ағаш рамкаға кенептен не өңделген теріден керіліп, алуан-алуан бейнелер салынған бұйымдар жасап әкеліп жүрген кезде жолықтырдым. Мына суреттегі дүниелер соның бір дәлелі ғана. «Ел іші – өнер кеніші» деген осы емес пе?
Анарбек БЕРДІБАЕВ.
Жуырда Есік қаласындағы Спорт сарайында ҚР спорт ардагері Саматов Аманбек Фазылұлы атындағы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Аманбек Саматов 1967-1971 жылдары Алматы қаласында Дене шынықтыру институтының күрес бөлімін бітірген. Оқуын тәмамдаған соң туып өскен жері ШҚО Аягөз ауданындағы Сергеополь орта мектебінде 1979 жылға дейін дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінен ұстаздық етеді. Сонымен қатар, классикалық және қазақша күрестен облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, үнемі жүлделі орындардан көрініп жүрген. 1987 жылы Есік қаласына қоныс аударып, спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы, «Спорт және туризм» бөлімінің басшысы, Есік қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Көктөбе селолық округінің әкімі болып ел үшін аянбай қызметтер атқарады. Спорттан бір сәтке алыстамай ірі жарыстарда төреші болған Аманбек Саматовтың баптаған шәкірттерінің көбі спорттың биік шыңдарын бағындырған майталмандарға айналды. Аудандық спорт бөлімінде қызмет істеп жүрген шағында ағамыздың ұлттық спорт түрлерін дамытуға өлшеусіз еңбегі сіңді. Сол шақта ұлттық спортымыз қарқынды дамып, ауданымыздағы бәйге аттары облыстық, республикалық жарыстардан орын ала бастады. Бұл жерде Аманбек Фазылұлының қомақты үлесі көрініп тұратын. Саламатты өмір салтына бар ғұмырын арнаған ел ағасы бүгінде 68 жаста, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің қызығына кенеліп жүрген зейнеткер. ҚР спорт ардагері атанған ердің ерен еңбектері еленіп жүр. Ел ішінде зор беделге ие ағамызға арналған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде.
Ауқымды жарыстың ашылуында сөз алған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, спорт ардагерлері Серік Бейсенбеков, Айдархан Сүлейменханов, Болатжан Теңізбаев, Мұратбек Қасымханов, Улияс Анаятов секілді азаматтар Аманбек Саматовқа құттықтау лебіздерін жеткізді. Спорт шеберінің өнегелі өмірінен сыр шертіп, ел үшін, спорт үшін атқарған орасан зор еңбектерін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Грек-рим күресінен бозкілемде белдескен бала балуандардың тыңғылықты дайындықпен келгендері байқалды. Сайыс аса тартысты өтті, көптеген әдемі әдістер мен көріністердің куәсі болдық. Жас спортшылардың жеңіске деген құлшыныстары, жігер-намыстары спорт ардагерлері мен көрермендердің айызын қандырды. Аталмыш додада Есік, Гүлдала, Достық, Талғар, Аягөз, Жамбыл, Алматы, Қапшағай өңірлерінен келген балуандар бақтарын сынады. Турнир 3 күнге созылды, бірінші күнінде 30, 36, 42, 47, 54, 63, кг салмақтарындағы үздіктер анықталды. Екінші, үшінші күндері командалық жарыспен күрес бәсекесі қыза түсті. Командалық есепте І орынды Жамбыл командасы еншілесе, ІІ орынды алматылықтар алды, ІІІ орынға талғарлықтар жайғасты және үздік төрттікке Есік командасы енді.
Жүлдеге ие болған спортшылардың барлығына медаль, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтар табысталды.
Сайыс соңында Аманбек Фазылұлы жарысты ұйымдастырушыларға, сонымен қатар демеушілер «Альтаир» ӨК директоры Сейітхан Қырқынбаев пен жеке кәсіпкер Али Арсамаковқа, жас спортшыларға алғысын білдіріп, ақ тілегін ақтарды.
Ринат НАРХАНОВ.
Пікір-сайыс
Үштұғырлы тіл саясаты – егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынасты қалыптас-тыруда ерекше рөл атқарады. Тілдердің үштұғырлығы идеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты анықтама берген. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіруге жол ашатын тіл. Алайда, бүгінгі қазақ қоғамында үштұғырлы тілге қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Осы сан алуан ойларды бір арнаға тоғыстыру мақсатында жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде директордың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Нүсіпова, колледж әдіскері М.Қондыбаева және гуманитарлық білім беру бөлімінің меңгерушісі Қ.Бекбосынованың ұйымдастыруымен «Үштұғырлы тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында дебат өткізілді.
Ұштұғырлы тіл саясаты аясында ой-пікірлерді талқыға салу мақсатында қолға алынып отырған шарада даттаушы және жақтаушы жақтар өзара пікір алмасты. Шара үш тілде жүргізілді. Алдымен сөз алған жақтаушы жақтың өкілдері колледж директоры Гүлнар Жошыбаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Малике Аманбаева, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Наталья Пивоварова ақпараттық технология дамыған заманда ана тілімізбен ғана шектелу өте тиімсіз екендігін жеткізді. Айтуларынша, Әлем кеңістігіне жол бастаған білімнің көшіне ілесу үшін бүгінгі жастарымыз бірнеше тілді меңгеруі тиіс. Әлем тарихында танымал болған ұлы данышпандардың өміріне үңілсек, олардың барлығы да бірнеше тілді қатар меңгеріп, өркениетті елдердің дүниетанымы, түсінік-парасаты арқылы жаңа әлемге еніп, қабілеттерін шыңдаған. Қазіргі уақытта да солай, біз бірнеше тілдерді меңгеру арқылы дамыған елдерден өзімізге керектіні алып, үздік отыз елдің қатарына кіруге жол ашамыз. Ал халықаралық қарым-қатынас тілін білмеген ел әлемдік сахнадан өз орнын табуы екіталай. Осыны айтқан жақтаушы жақ бірнеше тілді баланың санасына сіңірудің жолдарын қарастырып, бізге берер пайдасын талқылады.
Ал биология пәнінің мұғалімі Бақытгүл Баратова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Гүлбану Сүлейменова, тарих және құқық пәндерінің оқытушысы Динара Нүсіпова даттаушы жақтың атынан өз ойларын ортаға салды. Айтуларынша, ешқайсысы үштұғырлы тіл саясатының жүргізілуіне қарсы емес. Тек, балаға осы тілдерді оқытуда бірнеше мәселелер ескерілмей қалған. Айталық, дамыған елдерден үлгі алар болсақ, оларда бастауыш мектепті бітіргенше балаға өзінің ана тілін үйретіп, сол тілде білім береді. Оқушы бастауышты бітіргеннен кейін ғана басқа тілдерді меңгеруге кіріседі. Бұл – оқушылардың тіл үйренуіне еш кедергі келтіріп жатқан жоқ. Керісінше, жастары осындай бағдарламамен білім алған ел дамыған елдердің қатарында көш бастап жүр. Бізде мүлде басқаша, өзінің тілін толық білмейтін бүлдіршіндеріміздің санасына балабақшадан үш тілді құямыз. Ол бала келешекте үш тілді де толық меңгеріп кететініне ешкім кепіл бола алмайды. Сондықтан, біз де оқушыларымызды бас-тауыш сыныпты бітіргенше қазақ тілімен сусындатып, кейіннен, орыс және ағылшын тілдерін оқу бағдарламасына енгізуіміз керек. Осындай ұсыныстарын жеткізген даттаушы жақ дамыған елдердің арасында көш бастап тұрған Жапония мемлекетінің оқу бағдарламасын негізге ала отырып, пікірлерін айтты.
Дебат барысында қос тарап лэд-экран арқылы бейнероликтер тамашалап, оған өз ойларын қосты. Сонымен қатар, «Үштұғырлы тіл идеясын қалай түсінесіздер?», «Үштұғыр-лы тіл идеясын Қазақстан қоғамы бірізді қабылдамауының себебі неде деп ойлайсыздар?», «Қазақстан Республикасының латын әліпбиіне өтуінен не күтесіздер?», «Үштұғырлы тіл бағдарламасының келе-шегі қандай?» сұрақтары аясында ой-пікірлерін ортаға салды дебатқа қатысу-шылар. Көрермендер де тақырыпқа орай ұсыныстарын айтты. Жас мамандар жоғарыдағы пікірлерді ескере отырып, «Үш тұғырлы тілді Қазақстан» тақырыбында жоба (постер) құрастырып, дебат соңында қорғап шықты. Колледж психологі Жеңісгүл Жапарханқызы психологиялық тренинг жүргізді.
Шара барысында қатысушылардың пікірлері екіге жарылды. Бірі, баланың кішкентай күнінде есте сақтау қабілеті жақсы болғандықтан, балабақшадан тілді үйрету керек десе, енді бірі, бұл бүлдіршіндердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді деп топшылады.
Түптеп келгенде, қос тарап та үштұғырлы тіл саясатын қолдайды. Алайда, осы саясатты жүзеге асыруда көптеген нәрселерді ескеру қажет. Сонда ғана қазақстанның білімді ұрпағы еліміздің өркендеуі жолында қызмет етіп, Тәуелсіз елдің байрағы дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінері сөзсіз.
Сардарбек НҰРАДИН.
Кедергісіз келешек
Өмірде бастарына түскен қиындыққа мойы-май, тек жақсылықтан үміттеніп алға ұмтыла-тын адамдар жетерлік. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар. Олардың ерлігі, өмірге деген көзқарастары аз күндік қиындыққа шыдамайтын сау адамдарға мәңгілік үлгі екендігі анық. Сондай қайсар жанның бірі – Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылының тұрғыны Еркінов Дидар Нұрланұлы.
Дидар Еркінов 2004 жылдың 1 наурызында өмірге келген. Өкінішке қарай, туылғаннан мүмкіндігі шектеулі, қол-аяғында кінәрат болғандықтан басқа балалар секілді асыр салып емін-еркін ойнай алмайды. Өмірдің не екенін ерте сезінген Дидар, Алланың басқа салған сынағынан сүрінбей өтіп келе жатыр. Бүгінде ол Азат орта мектебінің 5 сыныбын аяқтады. Денсаулығына байланысты мектепке бара алмағандықтан, мұғалімдер оны үйіне келіп оқытады. Білімге деген құлшынысы жоғары жеткіншектің сабақ үлгерімі жоғары екен. Математика мен тарих пәндерін ерекше жақсы көретін Дидар барлық пәндерді 4 пен 5-ке оқып жүр. Озат оқушының бірі боп жүргені ата-анасының көңіліне қуаныш сыйлап, мерейін өсіруде.
Ерекше тоқталып кететін жәйт – Дидар осы күнге дейін спортпен шұғылданып, қолөнермен және сурет салумен айналысып келеді. Сондай-ақ, түрлі жарыстарға қатысып жеткен жетістіктері мен алған асулары аз емес. Алматы облысы ІV жазғы Параолимпиадалық ойындарында жеңіл атлетикадан, нақтырақ айтсақ 100 метрге жүгіруден 2-ші орынға, ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық V спартакиадасында жүлделі 3-ші орынға ие болды. Сурет салумен 8 жасынан бастап айналысатын балақайдың туындылары көптеген байқауларда жүлде алып жүр. Ол тарихи суреттерді, батырлардың бейнесін салғанды ұнатады. «Әлем – балалар көзімен» байқауында Құрмет грамотасымен, Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Бала – өмірдің гүлі» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде қолөнер бойынша бас жүлдені жеңіп, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды. Талантымен талайды тәнті ете білген өнерпаз республикалық «Мектеп», «Жыл он екі ай» журналдарына шығып үлгерген.
Анасы Бақыт Әденқұлова – Дидар «өзін өзгелерден кеммін» деп ешқашан еңсесін түсірген емес. Тиісінше, достары да көп, балалармен тез тіл табысады. Қолынан келген мүмкіндіктерді толықтай пайдаланып, сауығып кету үшін бәрін істеп талпынуда. Бүгінде баламыз бассейнге барады, шахмат, дойбы үйірмелеріне қатысады. Жақында Дидардың аяғына ота жасалып, оң өзгерістер байқалып, бізге жақсы үміт сыйлауда. Бала үшін барыңды беретінің белгілі, еткен еңбектеріміздің ақталуын Алладан үнемі тілейміз. Баламызға қамқорлығын аямайтын мектеп директоры Шолпан Қошақановаға және үйімізге келіп білім беріп жүрген барша ұстаздарына алғысым шексіз – дейді.
Иә, өмір сынағын көтере білген Дидардай дарын иесін Алла тағаланың сүйікті пендесі деп білеміз. Оның барға тасымайтын, жоққа жасымайтын мінезі, өмірге деген сүйіспеншілігі мен көзқарасы – өзімен жасты дос-тары түгіл, үлкендерге де үлгі. Дидардың алақандай жүрегіндегі, алатаудай армандарының орындалуын, өмірден өз орнын тапқан арыстай азамат болуын шын жүректен тілейміз!
Ринат НАРХАНОВ.
суретте: «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчество-лық бірлестігінің президенті Әбен Нұрманов Дидар Еркіновты марапаттау сәті.
Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні
Ауданның бас дәрігері Болат БАЛАҚОЙШИЕВ:
Қоғамның басты байлығын бақылау – міндетіміз
Осы жыл басынан бері ауданымыздағы денсаулық сақтау саласына мемлекеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл бірінші байлық сақшыларына жасалған қамқорлық емес пе. Яки, өңіріміздегі 83 емдеу мекемесі, ондағы 300 дәрігер, 1242 орта буынды және 552 кіші буынды медицина қызметкерлері мемлекет қамқорлығында деген сөз. Олардың міндеті – ауданымыздың 300 мыңға жуық тұрғынына сапалы қызмет көрсету. Төл мерекелері қарсаңында ауданның бас дәрігері Болат Балақойшиевпен сұхбаттасқан едік...
– Құрметті Болат Рысбайұлы, мемлекет қамқорлығын жоғарыда атап өттік. Аудан дәрігерлерінің қамқорлыққа қайтарымы қалай?
– Иә, осы жылдың 5 айында ауданның денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аудан тұрғындарын скринингтік тексеру жұмыстары жалғасуда. Осы тәсілмен бүгінгі таңда қан тамырлар ауруына 11911 адам қаралып, ішінен 330 науқас, қант диабетіне 12173 адамның 37-сі, көкірек безі ісік ауруына 2128 әйелдің 54-і, глаукома ауруына 13192 адам қаралып, оның 5-еуінің науқас екені анықталды. Бүгінгі күні осы бағдарламаға байланысты сапалы және қолжетімді тегін медициналық көмек көрсету мақсатында шалғай ауылдарда жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасауда. Бұл кешеннің құрамында жоғарғы білікті дәрігерлер: терапевт, көз дәрігері, лор, хирург, узи дәрігері, стоматолог, гинеколог, ЭКГ, көз қысымын өлшейтін қондырғы, УЗИ, рентген қондырғылары аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда 15 ауылды аралап, шамамен 7000-ға жуық адам скринигтік тексеруден өтті. Осы ретте қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 5 айдың қорытындысы бойынша 40,2-ден 30,7-ге азайып отырғанын мақтанышпен атауға болады.
– Бүгінде материалдық-техника-лық базаларыңыздың жағдайы нендей?
– Материалдық базаны жақсартуда біраз жұмыстар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, 160 млн 200 мың теңгеге Алмалы ауылында күніне 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және 67 млн 700 мың теңгеге Алға ауылында күніне 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары аяқталуда. Аталған ғимараттар ағымдағы жылдың 3 тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. Бүгінде 274 млн 600 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар алдық.
– Бұл тұрғыда түйткілдер де бар шығар?
– Әрине, жұмыс бар жерде мәселелер де болады. Кейбір елді-мекендерде амбулаториялар немесе фельдшерлік пункттер ғимаратының жоқтығынан түйткілдер орын алуда. Айталық, Төле би, Достық, Ақбастау, Жаңашар, Балтабай және Нұрлы ауылдарына дәрігерлік амбулаториялар, Сазы, Сатай, Көкпек, Екпінді, Ақжар, Шалқар, Лавар, Торғайбаз, Сартау, Қайрат, Таутүрген, Казатком, Амангелді және Майское ауылдарына фельдшерлік пункт ғимараттары керек. Сонымен қатар, Есік қаласының саяжайына болашақта дәрігерлік амбулатория салу да қажет.
– Алдағы уақытта қай елді-мекендерге амбулаториялар салынуы бірінші кезекте тұр?
– 2020 жылға дейін Қорам, Жаңашар, Көктөбе, Ащысай, Достық, Ақбастау, Қызылшарық және Балтабай ауылдарына күніне 50 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс бердік. Бұйыртса, шешімі табылады деген үміттеміз.
– Мамандар тапшылығы сезіліп отырғанын білеміз. Алайда, шешімі қандай болмақ?
– Иә, өз кәсібін тыңғылықты білетін білікті мамандар қай кезде де тапшы болған. Сондықтан жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында Алматы қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінде жуырда өткен «Бос орын жәрмеңкесі» жиынында шамамен 26 жас маман біздің ауданда жұмыс істеуге ниет білдірді. Оның 5-еуіне қазіргі таңда медицина университетімен орталық аурухана арасында жұмысқа орналастыру келісім-шартына қол қойылып, тиісті құжаттары әзірленуде
– Әр сәби баянды болашағымыздың жарқын жалғасы. Бұл ретте Сіздердің яғни, аудан дәрігерлерінің жауапкершілігі атанға артарлық жүк екені айқын ғой?
– Иә, шарана жатырға біткен күннен бастап оның дамуына, аман-есен жарық дүниеге келуіне ең бірінші ана, екіншіден дәрігерлер жауапты. Осы ретте туу көрсеткіші 2016 жылдың 5 айымен салыстырғанда 2167-ден 2391-ге немесе 9,3% көбейіп отыр. Ана өлімі тіркелмеді.
– Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында әріптестеріңізге лебізіңіз...
– Тоқтаған жүректі қайта соқтырып, үміт сәулесін сыйлайтын жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Әрдайым сенім биігінен көрініп, емделушілеріңіздің ақ алғысын арқалап жүріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
– Әңгімеңізге рахмет! Мерейлі мерекелеріңізбен, Ақ халатты Абзал жандар!
Әңгімелескен
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Биылғы жылдың 9-10 маусымы Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылады. Дәл сол күні елімізде тұңғыш рет с орталығында өткен кеш барысында мультимедиялық шоу көрсетіліп, елорда халқы мен қонақтарын тамсандырды. Концерттік бахалықаралық көрменің тұсауы кесілді. Ашылу салтанатына 17 мемлекеттің басшылары келді. Конгресғдарламада бас-аяғы 300 өнерпаз өнер көрсетті. Қойылымда кинетикалық декорация, жарықдиодты экран, трекингі бар проекторлық жүйе мен қашықтықтан басқарылатын дрон сынды соңғы үлгідегі сахналық инновациялық технологиялар қолданылды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты көрменің ашылуымен құттықтады. Елбасы 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өтті. – Біздің өтінішімізді және ұсынған тақырыбымызды қабыл алғандары үшін барлық елдерге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауқымдағы көрме – бір мемлекеттің ғана атқарған ісі емес, бұл – осында өз жетістіктерін көрсетуге келген халықаралық қоғамдастықтың еңбегі, – деді. Бүгінде ресми мәліметтерге сүйенсек, көрмеге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициялары әкелінді. Орталық БАҚ мәліметтері негізінде әзірленді.
Қадірменді замандас, білімді де білікті азамат атану адам бойында сирек кездесетін асыл қасиеттер. Олар еліне сіңген ерекше еңбегімен бағаланбақ. Жайшылықтағы сыпайылық, мәдениеттілік, кішіпейіл бауырмалдығы
басым азаматтың қызметте темірдей тәртіпті талап етуін, жауапкершілігі зор басшылығын көріп сегіз қырлы, бір сырлы деп қорытындыға келесің. Сыйласу соңғы сырласуға ұласып,
бұл ойыңның дұрыстығы дәлелденеді.
өп арасынан ерекше көрінетін сол азаматтардың бірі – аудандық, облыстық ішкі істер бөлімімен дараланған полиция генерал – майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболов.
Жетпіс жастық ғұмырын енді тізгіндеген Сағынжан Еңбекшіқазақ ауданындағы «Көктөбе» кеңшарына қарасты кешегі «Совет» ауылында 1947 жылдың көктемінде кіндік қаны тамған. Осы ауданның «Жаңашар» орта мектебін бітірісімен әскерлік міндетін өтеуге аттанады. Ол КСРО ішкі істер министрлігінің Алматыдағы арнаулы милиция мектебінің заң факультетіне 1969 жылы оқуға түседі. Жас офицер өз білімін толықтыру үшін 1979 жылы Ленинградтағы заң инс-титутын, 1997 жылы КСРО ішкі істер министрлігі Академиясын аяқтайды.
Оқығаны, көңілге тоқығаны көп Сағынжан өмір баспалдағы атанған еңбек жолын облысымыздағы Қарасай (бұрынғы Қаскелен) ауданында қатардағы қарапайым учаскелік инспектордан бас-тайды. Өжет, өткір жас іскер қағылез қабілетімен ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, одан кейін басшысы болып жоғарылайды. Басшыға жұмыс ауыр, жауапкершілік зор. Алматының іргесіндегі көп ұлтты ауданда сапырылысқан халық. Соған сай ірілі-ұсақты қылмыс та жетерлік. Бәріне сын көзбен қарау, заңды тергеу әрі орнықты анықтау нәтижесінде ауданда тәртіп түзеледі, қылмыс азаяды. Облыс көлемінде алдыңғы орынға көтерілген басшыны облысымызда жаңадан ұйымдасқан Күрті ауданының ішкі істер бөлімін басқару тапсырылады. Жаңа ауданға Нүсіпжан Нұрманбетов әкім болып тағайындалған екен. Басқару қабілеті толысқан аудан әкімімен қызмет істеу қиынға соқпады. Көп мәселені бірлесе, ақылдаса отырып оңды шешімін тапқаны. Жаңа ауданда жаңаша бастама жетерлік. Заң талабын қатал ұстау, мәселені әділ шешу Сағынжанда ежелден қалыптасқан қасиет. Еңбегі жанданып мұнда абыройға бөленеді. Алматыға іргелес Қарасай мен Күрті ауданында 1971-1984 жылдар аралығында өткен он үш жыл айтуға оңай болғанымен қызығынан да қиындығы басым келді. Есесіне шыңдалды. Жинақталған озық тәжірибе абыроймен атаққа да бөлеген. Республика басшылары енді оны облысқа көтеруге назарға алады.
Асыл-Кеней Сағынжан Байболовтың 1993 жылдан Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарының ішкі істер департаментін басқарған күрделі кезең өзінше бір таусылмас тарихи әңгіме. Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі бұл облыстар республика көлеміндегі ең ірі аймақ. Облыстық ішкі істер департаментін іскерлікпен басқарған полиция генерал-майоры мұнда да күрделі міндетін абыроймен атқарып, сенімнен шыға білді.
Сағынжанды 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен ҚР ішкі істер Министрлігінің жедел шара кадрларын дайындайтын оқу орнына бастық етіп жібереді. Бір жылдан кейін ТМД елдеріне қатысушы мемлекеттер Бас Үкіметінің шешімі бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының террорға қарсы орталық басқармасының бірінші орынбасары болып, оны да абыроймен атқарады.Осындай көп жылғы еңбегі бағаланып, 2003 жылы ҚР Ішкі Істер Министрінің орынбасары қызметіне теңестірілген қызметте жүріп, құрметті еңбек демалысына шығып, зейнеткер атанған.
Генерал дәрежесіне жеткен М.Үрімханов, С.Күдебаев, А.Оспанов, Г.Өтебаевтар, полковник А.Қарабеков, У.Өмірбек, Ж.Дүйсенбаев, А.Мұқажанов-тар осы Сағынжанның тәлім-тәрбиесінен қанаттанған өзара тәжірибе алмасқан әріптес шәкірттері. Майор С.Дәулетияров, А.Алтынбеков, Т.Бөкенбаевтар, М.Уайсов-тар да ішкі істер бөлімінен еңбек зейнетіне шыққан ардагерлер. Аудандағы Ильян Жакеев, Абыхан Жексенбеков, Балқия Мырзаханова сынды жерлестері, Қалимолда Байболовтай жора-жолдастары да жетерлік.
Полиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболовтың 60 жылдық торқалы тойын республикамыздағы өзі қызмет істеген облыстар мен аудандар асқақтата атап өткен-ді. Ішкі істер басқар-масының ардагері еңбек зейнетіне шықса да қоғамдық жұмысынан әлі де қол үзген емес. Ол бүгінде облыстық ішкі істер департаменті ардагерлерінің төрағасы. Жұбайы Сабирамен Асылжан мен Ерасыл секілді ұлдар өсіріп, Ләйлә атты қыз тәрбиелеген ардагер ата-ана.
Мансабы, атақ-дәрежесі жоғары болғанымен адамгершілігі, кішілігі мен кісілігі басым азамат өзінің жолын қуған талай жоғары лауазымды ізбасарларды тәрбиелеп, оларға ардагер ұстаз атануда.
Нұрсадық Сарғожаев.
Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының
Құрметті азаматы.
Дәл осылай қазақ келешегінен зор үміт күтетін, бойында қандай да бір қабілет, тулаған талант барын таныған соң айтқан. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген дана сөзге сүйеніп, ондай өренді жастайынан баптап, келешегіне жол сілтеп отырған. Шынашақтай ауылдың қара домалақ қара баласы Дәурен Сәрсембаев та өзіндік дарынымен ел аузына іліккен жастардың бірі болды.
Бақай тауының бөктерінде 1988 жылдың наурызында өмір есігін ашқан Дәурен жас кезінен-ақ «көмейі-не бұлбұл ұялаған», әнші бала атанды. Әкесі Әуесханның «күміс көмейі» домбыраны қолына алып, өз бетінше талпынып, кейін мектепте өнерлі өрендер қатарынан көрініп, талай байқауларда танылып жүрді. Таланты бар Дәуренді ұстазы да дөп басып, талай ән байқауларына салып, шыңдаған-ды. Мектепті бітірісімен Алматы аграрлық колледжіне түсіп, бітірген. Алайда, Дәуреннің бүйрегі өнер жағына бұрды да тұрды. Ақыры Құрман-ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, өзі армандаған дәстүрлі ән маманы атанады. Оқып жүргеннің өзінде талай байқауларға қатысады. Соның бірі – оқу орнының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай әлемі» атты республикалық студенттердің өнер фестивалінде жүлделі екінші орынды иеленіп, лауреат атанады. «Жырлайды жүрек» атты облыстық әншілер байқауында үшінші орынды иеленеді.
2012 жылы өз ауылына келіп, мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып үш жыл, одан кейін директоры болып екінші жыл еңбек етіп келеді. 2013 жылы аудандық «Екі жұлдыз» ән байқауында бірінші орынды жеңіп алады. Ал, 2010 жылы Қарқаралы республикалық фестивалінде екінші орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Аудандық мәдени іс-шараларға қосқан қомақты үлесі үшін аудандық мәдениет бөлімінің алғыс хатына да ие болды.
Бұрынғы жылдардағы ол өткізген шараларды айтпағанның өзінде, директор болғалы бергісін тілге тиек етсек, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне, әйелдер мерекесіне, жыл басы – наурыз мейрамында «Достық – біздің тірегіміз», Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдығына арнаған ауқымды шара, «Жайдарман» көңілді тапқырлар, «Бейбіт күннің түп-тамыры – Ата заң», «Алаш ардақтылары – біздің жүрегімізде», Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Тілге құрмет – елге құрмет», «Қарттарым – асыл қазынам», мектеп ұжымымен бірге «Ұлағатты ұстазым», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім», тағы басқа да көптеген танымдық, тәрбиелік маңызы зор шаралар өткізіп келеді. Біз де Дәуренге жұмыста табыс, өнерде ізденіс пен жетістік тілейміз.
Анарбек МӨКІШҰЛЫ.