Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 20:31

Екі миллионыншы келуші тіркелді

Астана уақыты бойынша, сағат 20:21-де есепке алу жүйесі ЭКСПО-2017 көрмесінің екі миллионыншы келушісін тіркеді. Ол 34 жастағы оралдық кәсіпкер – Ғайса Жұмалиев. Лондон бизнес мектебінің түлегі атап өткендей, ол бизнес саласында еңбек етіп жүргеніне биыл бес жылдың жүзі болыпты. Бұл оның көрмеге бірінші келуі емес. Көрме келушісі Астанаға жұмыс сапарымен ат басын бұрыпты. Бүгін ол «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндеріне орай жерлестерін қолдауға келген. Ғайсаның айтуынша, бұл оқиға ол үшін күтпеген жағдай болды, әсіресе оны үйде күтіп отырған отбасына әйелі және егіз ұлдары таңқалады.

«Жекеменшік сектордың өкілі және Қазақстанның азаматы ретінде, Қазақстанда осындай жоғары деңгейде көрменің өткізіліп жатқаны, мені әрине, қуантады. Мен бірнеше жыл шетелде тұрдым,оның екі жылында оқыдым, төрт жыл жұмыс істедім. Жүзден аса мемлекет өз павильондарын көрсеткені мен үшін қуантарлық жайттардың бірі болды. Біз көпке танылдық, сонымен қатар, жетекші мемлекеттердің жаңа инновациялық технологияларын өзімізге қабылдай аламыз. Қазіргі уақытта, көріп тұрғанымыздай, көптеген турис-тер бізде қонақта және бүкіл әлем біздің елімізді жақсы қырынан көруге мүмкіндік алды. Қазақстанға «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге мүмкіндік туғанына менің туған жеріме деген мақтаныш сезімін оятты», – деп атап өтті екі миллионыншы келуші.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов көрме келушісін құттықтап, оған естелік сыйлықтарды тарту етті. Ұлттық компания басшысы өз сөзінде атап өткендей, жоспардағы меже уақытынан бір ай бұрын орындалды.

«Ғайса бізді бақытты етті деп айта аламын. Көрме, бәріңіз білетіндей, бұл Елбасымыздың салиқалы саясатынан туған үлкен жоба. ЭКСПО-2017 көр-месінің әрбір қатысушы өз елінің тек жақсы қырларын көрсетуге тырысады. Біз көрме соңына дейін 30 күн қалғанда жоспарлы көрсеткіш – екі миллион келушіге қол жеткіздік. ЭКСПО-2017 көрмесінің халы-қаралық павильондар мен нысандарының келуші санына тоқталатын болсақ,олардың көрсеткіші 15 млн-нан асып кетті», – деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, ұлттық компания басшысы атап өткендей, «ЭКСПО-2017» арқасында, Астанамыздың экономикалық жағдайы жақсара түсіп, айтар-лықтай өсім көрді.Сонымен қатар, Астана тұрғын-үй жалға беру 33%-ға, қонақүйлердің сұранысы 28%-дан 60%-ға дейін өсті. Туризм саласының дамуына келсек, көрменің өту барысында туроператорларға жүгіну 78%-ға дейін жетті.Күн сайын Астанаға тікұшақпен ұшатын адамдар саны 7 мың және 16 мың адам темір жолмен келеді. Бұл ретте тауар айналымы Астанада 20%-ға өсті, ал қызмет көрсету саласына сұраныс 2,5%-ға дейін көтерілді.

Айта кетейік, 11 шілде күні Халықаралық мамандандырыл-ған ЭКСПО-2017 көрмесі миллионыншы келушіні қарсы алған болатын. Бұл қуанышқа Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны ие болды.

 

Қоғаммен байланыс департаменті.

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 12:46

ГЭС - перспективы для бизнеса

«Энергия будущего» - под таким девизом в эти дни проходит Всемирная выставка инновационных технологий ЭКСПО-2017, посвященная главным образом «зеленой экономике» и альтернативной энергетике. Около 100 стран демонстрируют мировые достижения в использовании возобновляемых источников энергии.

Предгорье Алатау насыщено потоками ледниковых рек, которые являются неограниченным по времени, возобновляемым энергоресурсом.

Это поистине «энергия будущего»: чистая, безопасная и сверхдешевая. Малая гидроэнергетика стала важнейшей частью экономических программ Китая, США, стран Западной Европы. Экономия нефти и газа, сбережение окружающей среды, финансовая доступность делают мини ГЭС незаменимым альтернативным источником энергии. То, что малые ГЭС не требуют длительных сроков строительства и обладают низкой капиталоемкостью, т.е. недорогие в монтаже и эксплуатации, делает их возведение доступным для инвесторов на уровне среднего бизнеса. Т.е. малые гидроэлектростанции – фактически не только «зеленая», но и «народная» энергетика, стимул для развития местного предпринимательства. Электричество – ходовой товар, спрос на него не падает, а почти нулевая стоимость гидроресурсов с гарантией окупает затраты.

Казахстан – одна из первых стран СНГ, где в 2005 году была принята национальная концепция развития малой гидроэнергетики. Алматинская область добилась серьезных достижений в сфере «зеленой» энергетики, во многих районах возводятся малые ГЭС и ветроэлектростанции. А в Алматинской области среди пионеров строительства мини ГЭС на горных реках выступил Енбекшиказахский район. Девять лет назад в Есикском ущелье ТОО «ЭнергоӘлем» ввел в строй первую очередь каскада мини-ГЭС на р.Есик (в нынешнее время уже действуют три ГЭС общей мощностью свыше 5 МВт).

В 2016 году на р. Тургень начались испытания мини-ГЭС мощностью 1,4 МВт, инвестором строительства которой выступило ТОО «Электрокабель».

Предприятие ТОО «Электрокабель» (завод которого работает в г.Есике) было основано в 2002 году предпринимателем из с. Тургень Тавабиром Чикаевым, и за короткий срок под руководством Тавабира Хайрулаевича стало ведущей компанией на энергетическом рынке страны.

Кроме выпуска самонесущих изолированных проводов для воздушных линий, силовых кабелей компания ведет строительство подстанций, монтаж распределительных сетей, проектирование объектов энергетики, обеспечение электроснабжения микрорайонов Алматы. За вклад в развитие энергетической отрасли республики ТОО «Электрокабель» отмечено наградами Правительства Республики Казахстан и акимата города Алматы.

С учетом перспектив «зеленой экономики» руководство ТОО «Электрокабель» приняло решение о вложении средств в новую для компании отрасль – гидроэнергетику. За счет собственных средств компания инвестировала строительство мини ГЭС в Тургенском ущелье балансовой стоимостью 1 млрд 251 млн тенге. В 2017 году, после годовых испытаний оборудования и экспертиз, гидроэлектростанция заработала на полную мощность, поставляя электричество в систему распредсетей АО «Алатау жарық компаниясы». Гидроэлектростанцией управляет Хабиб Айвазов. Под его руководством с первых дней монтажа работают квалифицированные специалисты, прошедшие дополнительное обучение.

Наша компания, – говорит Хабиб Айвазов, – в числе ведущих предприятий Казахстана в области энергетики. Мы прилагаем максимум усилий для реализации государственных программ ресурсо- и энергосбережения, экологической безопасности производства электроэнергии. Возведение и эксплуатация ГЭС прошли все экспертизы, полностью согласованы с Иле-Алатауским государственным национальным природным парком, претензий к нам не поступало. Мы благодарны за организационную поддержку акиму района Бинали Абдыкапасовичу Ыскаку, акимату Тургенского сельского округа, местному сообществу.

Непосредственно технической частью заведует главный инженер Евгений Алексеев, энергетик со стажем 25-летней работы в КазНИИ энергетики имени Ш.Чокина. С разрешения руководства компании Е.Алексеев ознакомил прессу с текущим производством. Забор воды для турбин станции идет из русла реки Тургень. Оттуда она направляется на бетонную плотину, соответствующую всем требованиям сейсмостойкости. Далее по двум водотокам вода направляется на станцию, где установлены два генератора мощностью 1000 и 400 кВт, дающие среднегодовую выработку электроэнергии 9,5 млн кВт/ч. Оборудование поставлено из Китая, у которого большой опыт в развитии малой гидроэнергетики. Совместно с китайскими специалистами завода-производителя были проведены установка и испытание генераторов. Вес цикл производства, начиная с регулирования водотока на плотине, полностью компьютеризирован и автоматизирован. На станции круглосуточно дежурят два оператора, отслеживая все параметры. Оборудование надежное, пока никаких сбоев не было.

Альтернативная энергетика: гидро-, солнечная, ветровая, все больше влияет на энергообеспечение Казахстана, с каждым годом ее удельный вес в энергетической системе страны растет.

Концепция по переходу к «зеленой экономике», утвержденная Указом Президента Республики Казахстан от 30 мая 2013 года № 577 разделена три этапа. Первый этап, рассчитанный до 2020 года, нацелен на создание «зеленой» инфраструктуры, на базе которой в 2020-2030 годах планируется второй этап высоких технологий. Третий этап 2030-2050 г.г. – будет уже переходом национальной экономики на принципы «третьей промышленной революции».

В Алматинской области сосредоточено 65% гидроэнергоресурсов Казахстана. За ними будущее. И современный бизнес все активней включается в развитие такого высокотехнологичного, экологически чистого производства, как гидроэнергетика. ГЭС, построенная ТОО «Электрокабель», – прекрасный тому пример.

 

И.ТУРАНИН.

 

На фото: так выглядит мини ГЭС на р.Тургень.

 

 

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 12:10

Здоровье —– в качестве продуктов

Районное управление по защите прав потребителей, всем известное как райСЭС, вновь поменяло свой статус и ведомственную принадлежность. Из подчинения министерства экономики оно вновь перешло в ведение министерства здравоохранения и теперь называется районным управлением по охране общественного здоровья (РУООЗ). Но и прежде, и теперь, несмотря на смену «вывесок», управление выполняет функции санитарно-эпидемиологического надзора. Кроме обычных проверок санитарного благополучия хозсубъектов, госучреждений, каждое лето, в сезон урожая, санитарные врачи регулярно организуют на рынках акции, посвященные безопасности продуктов питания. В начале августа текущего года такая акция «Қауіпсіз тағам тауда» состоялась на рынке «Султан» г.Есика.

Недавно назначенный новый руководитель управления Асхат Манкеев лично выступил перед покупателями и торговцами с разъяснением целей данного мероприятия. Это не только потребительский ликбез, но и практическая помощь работникам и посетителям рынка. В ходе акции, которую вели сотрудники отдела санитарно-гигиенического надзора РООЗ Алма Акпанова, Гульбаршин Канагатова, Нина Андрютина совместно с коллегами из центра экспертиз под руководством врача-лаборанта Жанар Чижимбетовой, покупатели и продавцы могли на месте, в передвижной лаборатории, проверить фрукты и овощи на наличие нитратов, пестицидов, убедиться в их качестве и безопасности. Это совсем нелишне: сельхозпродукция, как отечественная, так и завозимая из ближнего зарубежья, порой содержит превышенные дозы вредных веществ.

Как сказал заместитель директора рынка «Султан» Калибек Сарыбаев, администрация рынка, на котором в основном реализуется овощная продукция, готова создать все условия для проведения таких акций, ведь они приносят большую пользу и посетителям, и хозяевам торговых прилавков.

И.ТУРАНИН.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 16:06

Жан рахаты — су

Жақында Малыбай ауылындағы «Алуа» балабақшасында «Нептун күні» атты шара өтті.

Жаз айындағы аптап ыстықта жан рахаты – су. Әдіскер Шахидам Раши-тованың жүргізуімен бұл балабақшада тәрбиеленіп жатқан 6 топтың 120 бүл-діршіні өз тәрбиешілерімен, мейірбикемен бірге қауыздарға шомылып, күнге қызды-рыну мен суға шомылудың пайдасынан мәлімет алумен қатар, қызықты жарыс ойындарын өткізді. Атап айтар болсақ, әр топ балалар арасында шелекпен су тасу, су толтырылған целлофанмен нысана көздеп ату, ал тәрбиешілер арасында қасықпен су тасу сияқты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Мейірбике Ранагүл Нұрхалықова денсаулыққа пайдалы кеңестер берді. Қызықты шарада Гузаль Касимова, Гүлзат Избуллаева және тәрбиешінің көмекшісі Бувинур Абдрашитованың қарауындағы «Ертөстік» тобының бүлдіршіндері ұйым-шылдығымен, ептілік, жылдамдығымен көзге түсті. Балабақша меңгерушісі Гүлнәр Заирова шараның тартымды әрі көңілді өткенін атап өтіп, жылы лебізін білдірді.

Өз тілшіміз.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 15:51

На каникулах — в Астану

 

В СШ имени Х.Абдуллина с 1 июня досуг учащихся организован в пришкольном лагере «Куншуак». Также благодаря спонсорам, акимату Ташкенсазского округа, педколлективу и родителям одна ученица отдыхала в лагере «Тау-Жанашар», три ученика были отправлены в лагерь «Алтын Адам», еще четверо в лагерь «Салем». За счет фонда всеобуча 7 учащихся побывали в лагере «Алтын Адам», а 16 - в лагере «Салем». Также за счет фонда всеобуча 10 учеников посетили Всемирную выставку ЭКСПО-17 в г. Астане. Учебный год наши ребята встретят с приятными воспоминаниями и впечатлениями.

Р.АКБАРОВА,

заместитель директора по воспитательной работе СШ имени Х.Абдуллина, с.Ташкенсаз.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 15:44

Жайдары жаз

«Т.Әубәкіров атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп жанындағы «Ғарышкер» жазғы демалыс лагері балаларға жазды есте қалдыратындай іс-шаралар ұйымдастырды.

Лагерьге ең алдымен жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары қамтылды. Лагердің IV-ші кезеңінде топ жетекшілері Д.Нүсіпова, А.Ибрагимова, С.Ибраимқұлова, спорт жетекшісі Е.Молбосынов бекітілді. Сонымен қатар мектеп жанынан қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тілдік лагерь ұйымдастырылды. Балалар демалысына барлық жағдай қарастырылып, мектеп асханасынан бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әртүрлі ұлттық ойындар, суреттерден түрлі көрмелер ұйымдастырылып, сайыстар өткізілді. Жүзден жүйрік шыққандар жүлделермен марапатталды.

Айнаш Абдулла,

орыс тілі пәнінің мұғалімі.

 

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 12:03

ҚЫЛМЫС ХРОНИКАСЫ

Тәртіпсіздік жазасыз қалмайды

 

Бүгінде елімізде «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» акциясы қолға алынып, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын палуға септігін тигізуде.

Оған дәлел, 1979 жылы туылған аудан тұрғыны араққа сылқия тойып, өз үйінде жанжал шығарған. Өзінің туған ағасын жаман сөздермен балағаттаған оны ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73 бабы бойынша тәртіп сақшылары 3 тәулікке қамаған. Сонымен қатар, Түрген ауылы Мира көшесінің бойында қоғамдық орынды ластағаны үшін 52 жастағы азамат аталған кодекстің 434 бабы бойынша 1 тәулікке қамауға алынған.

 

Жаяу жүргіншіні

қағып кеткен

 

Алматы – Көкпек – Көк-тал тас жолының бойында «Митсубиси Паджеро» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Аталған жолдың 32 шақырымында жол талғамайтын көлікті тізгініне ие бола алмай қалған 1986 жылғы жүргізуші 22 жастағы жігітті қаққан. Соққыдан жарақат алған жігітті жедел жәрдем қызметкерлері дереу Есік қаласындағы емханаға жеткізген. Қазіргі уақытта жол-патрульдік полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

 

Ұрылар құрықталды

 

«Ұрлық түбі – қорлық». Бұл нақыл бекер айтылмаса керек. Бүгінде өзгенің ала жібін аттап, жаттың мүлкіне қол сұққандар жазасыз қалмайды.

Жақында Саймасай ауылындағы «Айдана» дүкенінен азық-түлік ұрлаған сол ауылдың 66 жастағы тұрғыны қолға түсті. Дүкен иесіне 2 мың теңгеге жуық залал келтірген азаматтың үстінен іс қозғалған. Осыған ұқсас оқиға Есік қаласында тіркелген. Аудан орталығындағы техникалық колледж ауласынан белгісіз біреу құрылыс темірлерін ұрлап кеткен. Дереу іске кіріскен тәртіп сақшылары 1975 жылғы Есік қаласының тұрғынын құрықтаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 15 мың теңгеге жуық.

 

Нәрестені жарақаттаған

 

Өз баласын соққыға жыққан деген күдікпен Ават ауылының 42 жастағы тұрғыны уақытша қамауға алынды.

21 шілде күні Есік қаласын-дағы орталық ауруханаға дене жарақат-тарымен және миы шайқалған 2017 жылы туылған бала жеткізіледі. Кейіннен анықталғандай, нәрестені өзінің анасы соққыға жыққан. Қазір «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

Бұзақылар іздестірілуде

 

Аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері Бәйдібек би ауылында ер адамды соққыға жыққан бұзақылар-ды іздестіруде.

19 шілдеде Бәйдібек би ауылындағы Байболов көшесінде орналасқан балабақшаның маңына белгісіз адамдар сол ауылдың 42 жастағы тұрғынын соққыға жыққан. Оқиға түнгі 23:00 шамасында болған. Қабырғалары сынып, өкпесі жарылған жәбірленуші дереу емханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұзақылар іздестірілуде.

Материалдарды аудандық

ІІБ-ның берген мәліметі негізінде баспаға әзірленді.

 

 

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:43

«Жолдар – тіршілік тамыры»

Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков:

«Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын» дейді қазақ. Иә, жылқы, түйе мінсең – көлік болған заман артта қалып, дамыған мемлекет салтанат құрған сәттен-ақ сол көліктің сан түрі қолданысқа берілді. Бұрында төрт түліктің күтіміне мән берген қазаққа бүгінде көлік-пен қатар, жолдардың да жағдайы көңіл аударатын мәселе болып отыр. Көлік қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында аудандық әкімдікке барып, көлік саласына байланысты оңды жаңалықтарды біліп қайттық. Көкейде жүрген сұрақтарымызға жолаушы кө-лігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Құлжамбайұлы Искаков жауап берді.

Құрметті Бейбіт Құлжам-байұлы, ауданымыздағы көлік жолдарының бүгінгі жағдайы қалай?

Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2127 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 234 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 689 шақырым, ал аудандық маңызы бар жолдар 852, ішкі шаруашылық жолдар 352 шақырымды құрайды. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану және елдімекендерде асфальтталған жолдардың үлесін арттыру үшін жыл сайын ағымды жөндеумен қатар Есік қаласы мен ауылдарда 1-2 көшеден асфальт төсеу жұмыстары қолға алынуда. Осылайша, жыл сайын ауданда 40-50 шақырым жолға жаңа асфальт салынуда. Өткен жылы тек аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге «Өңірлерді дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары шеңберінде 1 млрд. 23 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға Есік қаласы мен 42 елдімекеннің 175 көшесі жөнделіп, асфальтталды. Көшелерге жаңа салынған асфальт қабатының ұзындығы 55 шақырымды құрады. Аудандық маңызы бар 852 шақырым жолдардың 512 шақырымы асфальтталған, қанағаттанарлық деңгейде, 176 шақырымына құм-тас төселінген, ал қалған 164 шақырымы топырақ жолдарды құрайды.

Биыл қанша жолға ағым-ды жөндеу мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді?

Қаракемер ауылының 27 көшесін күрделі жөндеу жұмыста-рына алғашқы 200 млн теңге бөлінді. Жалпы құны 800 млн теңге, ұзындығы 15,1 шақырымды құрайды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұтып алған жергілікті мердігер мекеме «ДСУ-13» АҚ-ы жұмыстарды жуық арада бастамақ. Көп жылдан бері шешімін таппай жүрген Малыбай ауылдық округіндегі Көктерек бөлімшесіне апаратын 3 шақырым жолды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайындалып, бастапқы 50 млн теңге қаражаты бөлінді. Жалпы құны 181,2 млн теңгені ұтып алған жоғарыда атап өткен мекеме жұмыстарды жүргізуде. Оған қоса, 11 ауылдық елдімекеннің көшелерін ағымды жөндеп, асфальттауға 100 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүзеге асырылуда. Саяжай аумағында салынып жатқан жаңа мектепке кірме жол мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолағын салу үшін 18 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Алға, Жаңашаруа, Шелек ауылдарындағы жаңа салынып жатқан мектептерге де кірме жолдарды жасауға 37,8 млн теңге қарастырылды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы облыстық маңызы бар 689 шақырым жолдың 275 шақырымы күрделі, 200 шақырымы орташа жөндеуді қа-жет етеді. Бүгінде Қорам ауылына кіреберіс 5 шақырым жолға орташа жөндеуге ЖСҚ дайындалуда. Есік-Бөлек-Аймен 9,2 шақырым жолына орташа жөндеуге, Есік қаласынан 10 шақырым, Төле би, Түрген ауылынан түскендегі 3 көпірге күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлік үстінде. Ағымдағы жылы 1,5 млрд. теңгеден аса қаражатқа өтінім берілді. Осыған сәйкес жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылады деп күтілуде.

Есік-Қырбалтабай-Же-тіген тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді ме?

Өткен жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарына 150 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 59,8 шақырым жол ағымды жөндеуден өтті. Сонымен қатар көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан Есік-Қырбалтабай-Жетіген тас жолының 26-37 шақырымы аралығына (Қырбалтабай ауылынан Ақжал ауылына қарай) күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы 11 шақырым жолды күрделі жөндеуге 758 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жол пайдалануға берілді.

Саяжайдағы мектеп маңындағы жолдан қауіпсіз өту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

Есік қаласының іргесіндегі саяжайлар маңынан салынып жатқан 600 орындық мектеп пайдалануға берілуіне орай оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуі үшін жер үсті өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 8,5 млн теңге қаржы бөлініп, қазір жобалаушы мекеме анықтауға конкурс жариялады.

Жолаушы тасымалдайтын көліктер жайлы не айтасыз?

Есік қаласының маңында орналасқан ауылдарда жолаушы көліктерімен «Ақжол агротранс» ЖШС жұмыс жүргізуде. №2 маршрут Есік қаласының жоғарғы бөлігіне, №5 маршрут Көктөбе, Қызылжар, Алмалы ауылдарына, Талдыбұлақ ауылына дейін баратын №7 маршрут жолаушылар тасымалдауда. Жол ақысы – 50 теңге. Жаңа оқу жылы басталысымен шағын автобустар, маршруттар санын көбейтуді қолға алмақпыз. Біраз жылдан бері қызмет көрсетпей келе жатқан Алматы-Қойшыбек-Алға маршруты тұрғындар сұранысы бойынша жуық арада жолға шығады деп күтілуде.

Мектепалды даярлық бойынша жол белгілерінің жағдайы қандай?

Ауданымызда 120-дан аса білім беру мекемелері бар. Мекеме жанындағы жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, аралап, талдау жасадық. Жол белгілерінің қажеттілігін анықтадық. Биылғы жылы жолақтарды, жол белгіле-рін жаңартуға бюджеттен 3 млн теңге бөлінді. Алдағы жоспар – 2000 шаршы метр жолақ жасау, 200 жол белгілерін жаңарту. Жөндеу жұмыстары тамыз айының 15-іне дейін аяқталады.

Жұмыстарыңыз сәтті болғай! Сұхбатыңызға рахмет!

 

Қамажай ЕРКЕБАЕВА.

Жексенбі, 06 Тамыз 2017 11:16

Өмір мәні

Шынайы бақыт отбасының берекесі мен бірлікті тірлігі деп түсінетін анам әрқашан «Жанұя ырысын ұрыспен қашырмаңдар» деп отыратын.

Бірде үйге ат терлетіп анамның бауыры келген еді. «Бауырдың орны бір бөлек» десе де анам бұл ет жақынының істеп жүрген тірліктеріне разы емес-тұғын. Кенеттен: «Сен осымен нешінші рет босағаңнан әйел жіберіп, нешінші рет жас жігіт болып отырасың.?» – деп төтесінен сұрақ қояды.

Әпкесінің тік мінезі мен қайсарлығын білетін бауыры да ойын бүкпестен жеткізуге тырысады.

Әпкетай-ау, мен қылмыс жасап отырмын ба. Өзіңіз айтыңызшы? Өздерінің келісімдерімен оларды әйел етіп аламын. Кейіннен түсінісе алмасам, төркініне қайта апарып саламын. Мен де адаммын ғой, аз өмірімді қалауымша өз рахатыма сүргім келеді, – дейді түр-келбеті мен сымбатына сенімді сері бауыры.

Бұл жауапқа көңілі түсіп, басын шайқаған Іңкәр ана:

Сен дүниеге келгенде бүкіл әулет «Осынау қиын-қыстау шақта бізге демеу, сүйеу болатын ер азамат келді» деп қуанған еді. Сен сол қуанышты қайғыға алмастырып, алған әйелдеріңнің отбасынан қарғыс әкелдің. Бұл қалпыңмен жүре берсең, қартайған шақта да өзіңді жас жігіттей сезінесің. Ақыр соңында жалғыз қалып, тізеңді құшақтайсың. Біле білсең, ер азаматтың міндеті – алған жарына адал болып, ұлағатты ұрпақ өрбіту. Солардың ешкімнен кем қылмай қатарға қосу. Егер де сен осы қалпыңнан тура жолға түспей, теріс кете беретін болсаң менің босағамнан аттаушы болма. Үйіме тек сүйген жарың мен балаларыңды ертіп келетін бол – деп зілді де тұщымды жауап қатады.

Уақыт өтіп, бауыры есін жиып, текті жердің қызын алып шаңырағын тіктейді. Балалары бірінен кейін бірі дүниеге келіп қуаныштарын еселейді. Тек содан кейін Іңкәр әпкесінің табалдырығын аттайды. Айтқан сөзінің далаға кетпегеніне куә болған ана бауыры мен оның отбасын зор ықыласпен қабылдап, құрақ ұшады. Ал бауыры болса өмірдің мәнін енді ұққанын жеткізіп, сол отбасымен береке-бірлікте ғұмыр кешеді.

Ата-анама не айтамын?

Сүрінсең сүйеу, құласаң тіреу, қалжыңдассаң құрдасың, мұңыңды айтсаң сырласың болар бауырға не жетсін, шіркін...

Бүгін Іңкәр ана ауылға бармақ. Сапар мақсаты – бауырларын көріп, хәл-жағдайларын біліп қайту. Кезекті әдетімен қыздарына, ұлына қоңырау шалды:

Әй, амансыңдар ма? Мен бүгін ауылға аттанамын. Үйлеріңде бар дүниелеріңді жинап, сөмке дайындап қойыңдар. Кимейтін киімдеріңді де ұмытпаңдар. Маловод-ныйдағы аға-бауырларымның балаларына бір пайдасы тиер.

Анасының айтқаны ұлы үшін заң. Қолынан келген көмегін беруден тайынған емес. Қызы болса пенделікке салынып:

Осы Сізді ауылға барған сайын дорба-дорба жүкпен аттандырамыз. Ұлыңызға көп салмақ сала бермесеңізші. Бауырларыңыздың да балалары, өз отбасы бар ғой, – деген сөзіне ақылды ана аса бір ашу шақырмай:

Е, қызым, мына фәни дүниеде әр нәрсенің өз орны бар. баланың өз орны, бауырдың өз орны дегендей... Балаң – бауыр етің. Өміріңнің өрнегі. Қаз дауысты Қазыбек би:

«Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе» – деп осындайда айтса керек. Аллаға мың тәубә, қыздарымды қияға қондырдым. Ұлым өзім армандағандай атасының емес, адамзаттың ұлы болды. Мен ешқандай таршылық көріп отырған жоқпын. Жегенім алдымда, жемегенім артымда. Ал ауылдағы ағаларың мен әпкелерің бір кіндіктен тыныс алып, бір құрсақтан шыққан ет жақындарым. Бүгін мен мұнда баршылықта жүргенімді қайтейін, бауырларым таршылықта күн кешсе. Барлығымыздың да барар жеріміз бір. Ертең шын өмірде анам мен әкемнің: «Бар боп тасыдың. Неге бауырларыңа көмегіңді бермедің?» деген сұрағына қалай жауап беремін. Әрбір адам шын өмірдің бар екенін ешқашан ұмытпауы керек. қолыңнан келсе көмегіңді бер, одан қалтаң қайырылып қалмайды, – деп жауап береді абзал ақыл иесі.

Ананың сөзі жанындағыларды шын ойландырды. Содан бері анасы ауылдағы бауырларына жинала бастаса, барлығы да сөмке әзірлеп, артық сөзсіз өздері алып шығатын болды.

Адамгершіліктен алыстағаның-

Алладан алыстағаның

Жылағанда жанымызды демеп, мұңайғанда медет, өмірдің соқтықпалы-соқпақты сәтінде дұрыс жол сілтер шоқ жұлдызымыз, бұл фәниде көргені көп, түйгені мол абыз анамыз еді. Көзімізден кеткелі өмір парағымыздың бір беті бүгіліп қалғандай дел-сал күй кешіп жүрміз. алайда, көңілімізде өрелі өсиеттері күні бүгін айтылғандай жаңғырып тұр, – деп ойлы жанармен бір нүктеге тесіле қарады Қасқыр аға.

Іңкәр анамыз туралы естеліктер көкейінде сайрап тұр. Алайда, тілмен жеткізе алмады-ау шамасы... Сәл үнсіздіктен кейін:

Мен жоғары оқу орнында оқып жүргенде Іңкәр ананың үйінде тұрдым. Дастархан басында болсын, екеуміз қалған сәттерде болсын айтатыны – адамгершілік, бауырмалдық туралы нақыл сөздер мен әңгімелер. Бәлкім, сол кезде оң-солымызды танымаған сәтіміз болар, оған көп мән бере бермейтінбіз. Уақыт өте келе айтқан ұлағатты ойлары есіме әлсін-әлсін оралып, таңданатын күніміз аз болған жоқ. Әсіресе:

Балам, байлық пен мансаптан алыстасаң да адамгершілік пен адалдықтан алыстай көрме. Адамгершіліктен алыстағаның – Алладан алыстағаның, - дегені өмірлік ұстанымыма айналды, – дейді Қасқыр аға.

Әңгімелерді жазып, баспаға әзірлеген

Алмагүл НҰҒМАН.

Сенбі, 05 Тамыз 2017 23:11

Әр мұсылман парызы

Жақында қайырымдылық акциясы негізінде Тескенсу ауылы Жыланкөзов №18 үй тұрғыны, жалғыз басты ана Укешова Гүльшара Тажековнаға Тескенсу ауылдық округінің «Нұр Отан» БПҰ хатшысы, С.Т. Бектеген жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Д.Б.Нұрбеков және ауылымыздың белсенді жастары көмек қолын созды.

Есік алдын ретке келтіріп, құлайын деп тұрған сарайын бұзып, жинастырып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Гүлшара Укешова осы акцияны ұйымдастырған ауыл жастарына алғысын айтып, жылы лебізбен шығарып салды.

Д.Б.НҰРБЕКОВ,

Тескенсу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі.

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 09, 2025

«Ұлы дала жорығы» Тарих пен…

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық «Ұлы дала жорығы»…
Мам 08, 2025

Ғибратқа толы ғасыр

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан…
Мам 08, 2025

МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ…

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы…
Мам 08, 2025

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту…

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және…
Мам 08, 2025

Промежуточные итоги запуска…

Комитет государственных доходов МФ РК продолжает поэтапное внедрение информационной…
Мам 08, 2025

Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400…

Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені…
Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет