Бейсенбі, 08 Мамыр 2025 16:12

Ғибратқа толы ғасыр

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан майданда кеудесін оққа тосып, бүгінгі ұрпаққа Жеңістің ақ таңын сыйлаған ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Туған жерге деген шексіз махаббат, ауылға, жақындарына деген ыстық сағыныш сарбаздарды жеңіске жетеледі.

4 жыл оқ пен оттың ортасында жүріп, жерді

жаудан азат еткен Кеңес әскері 1945 жылы дегеніне жетті. Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Бүгінгі таңда олардың көзсіз ерлігін өнеге етіп, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеу – біздің асыл борышымыз.

 

Ортамызда жүрген дейміз-ау, сынаптай сырғыған уақыт өткен сайын ортамыздағы бейбіт күннің батырлары да келместің кемесіне мініп, мәңгілік сапарға аттануда.

Жарық дүние күлкіге, әнге байып,

Жылдар зулап барады

 таңғажайып.

Сонау соғыс жылдары алыстады,

Алыстатқан жандар да қалды азайып, – деп ақын Есенқұл Жақыпбек жырлаған батыр аталардың қарасы сиреді. Жуырда ғана мына бір статис-тикалық мәлімет елең еткізді. Еліміз бойынша 111 Ұлы Отан соғысының ардагері қалған. Соның бірі, ауданы-мыздың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Солтанбай Жарықбасов. Батырлық пен қайсар-лықтың символына айналған ардагердің жүріп өткен жолы, туған жерді қорғауда көрсеткен көзсіз ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Биыл 100 жасқа толған, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған батыр атамыз бүгінде бала-шаға мен немере-шөберелерінің, ауылдастарының ақылшысы.

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Алға ауылында тұратын ардагер 1925 жылы 17 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында дүниеге келген.                 

Сұрапыл соғыс жылдары кімге де оңай тимегені анық. Қолына қару ұстай алатын ер-азаматтар майданға, еңбекке жарамдылары тылда жұмыс істеп, жеңіске жетуге өз үлестерін қосты. Солтанбай ақсақалдың да екі ағасы мен әкесі соғысқа аттанады. Ауылдағы анасы мен емізулі қарындасының қасында қалған ардагер 16 жаста еді. Бірер жылдан кейін С.Жарықбасов та әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.

1943 жылы ауылдың қарапайым баласы қару асынып қаңтар айында  Ташкенттегі мергендер курсында оқып, сәуір айында майданға жіберіледі. Забайкалье май-данындағы 25-ші қызыл тулы механикаландырылған бри-гаданың құрамында 1-ші ба-тальонының, 1-ші ротасының пулемет бөлімшесінің командирі болған. Жапондықтарға қарсы соғысқа қатысқан.

Ардагердің әкесі 1944 жылы майдан даласында жарақат алып, елге қайтқан. Ал әкесімен бірге аттанған ағаларының бірі «Ленинградтық өренім» деп жыр алыбы Жамбыл жырға қосып, рух берген Ленинград қаласын жаудан азат етуге қатысып, ерлікпен қаза тапқан. Екінші ағасы Калининград маңын-дағы шайқаста мерт болған.  Осыдан 15 жыл бұрын Солтанбай Жарықбасов ағасының зиратын іздеп барған. Киров ауданындағы 38 бауырластар зиратынан өз бауырының жерленген жерін тауып, бір уыс топырағын әкесінің жанына қойған.

Қарт майдангер 1950 жылдың сәуірінде өзінің туған ауылына оралып, колхоздың есеп комиссиясының төрағасы қызметін 1951 жылдың тамызына дейін атқарады. Еңбек ете жүріп, 1951 жылы Түрген педагогикалық училищесін тәмамдайды. 1969 жылы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай бітіреді. Білім беру саласын-дағы алғашқы еңбек жолын 1951 жылы күзде сол кездегі Алексеевка, Ключи орталау мектептерінде мұғалім болудан бастайды. Ал 1956 жылдан Алға бастауыш мектебінің меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан 1985 жылға дейін мектеп директоры қыз-меттерін абыроймен атқарып, құрметті зейнет демалысына шығады.

Бүгінде мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайған үлкен әулеттің басшысы майданнан оралған жылы күзде осы ауылға жер аударып келген поляк қызы Розаға үйленеді. Ол кезде Роза 18, Солтанбай 25 жаста. Дүниеге сегіз бала әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырады. Бүгінде ардагер сексенге жуық немере мен шөбере, шөпшек сүйіп отырған бақытты жан. Өзінің үлкен әулетіне 2014 жылы Алматы облысы бойынша «Мерейлі отбасы» атағы берілді.

Ардагер зейнетке шықса да, ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырмады. Ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге де бір кісідей атсалысып, 1992 жылдан бері Бәйтерек ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы болып, еліне еңбек етуден жалыққан емес.

Солтанбай атамыз І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерей-тойлық, мерекелік медальдарымен марапатталған. Өмір жолы өнеге мен парасатқа толы қариямыз өзінің кіндік қаны тамған Алға ауылында, ауылдастарының ақылшысы болып ғұмыр кешуде.

Оқылды 267 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет