Бейсенбі, 21 Қыркүйек 2017 14:24

Ел тізгінін білікті маман ұстауы тиіс

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – «100 нақты қадамның» бастауы. Демек, елді басқаруға тек білімі мен білігі, тәлімі мен тәрбиесі толысқан азаматтар ғана кіруі тиіс. Осы және өзге де бағыттар бойынша жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев кеңінен сөз етті. Аудан активімен болған кездесуді әкімнің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов жүргізіп отырды.

Қазір мемлекетіміз мәнсаптық қызметке бет алған. Бұл дегеніміз, маман ә дегенде аспаннан түскендей басшылыққа емес, қызметтің сатылы сынынан өтуі тиіс. Яғни, жетекші маман, бас маман, басшы орынбасары, басшы... Екіншіден, департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметке орналасу үшін таныс-тамырдың қажеті жоқ. Қазір конкурс жария түрде өтеді. Бос орындар БАҚ құралдарына, арнайы сайттарға шығады. Қызметке келгіңіз келсе тест тапсырыңыз, комиссиядан өтіңіз, сөйтіп, қызмет табалдырығын аттайсыз. Осы және облыс бойынша бос орындарды сөз еткен Серікбай Өрікбайұлы:

 

Қазір Алматы облысы бойынша 745 мемлекеттік органда 8132 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 495 мемлекеттік қызметке бос орындар жарияланып отыр. Бір өкініштісі, мемлекетке қызмет жасаймын деп шынайы берілген азаматтар өте сирек. Жұмыс ұсынсақ, үйімнің жанында болса барамын деп шарттарын қояды. Бұл мүмкін емес қой. Ендігі мәселе, кадрлық тұрақтылықты сақтау – ең маңызды шарт. Осы тұрғыда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір жылда 6,2 пайыз ғана кадрлық ауысым жүргізу туралы шартқа қол қойды. Демек, 93,8 пайыз кадр тұрақты орнын сақтайды деген сөз. Бүгінгі күні 3,9 пайыз кадр ауысқан. Ал санға шаққанда 172 адам жұмыстан кеткен. Неге қызметінен босады? Шыдамады ма, әлде қудаланды ма? Бұл біздің бас-ты назарымызда тұратын жәйт. Екіншіден, қызметкерлердің біліктілігін арттыру 9 қадамда көрсетілген. Осы тұрғыда үш жылда бір рет оқу курстарынан өтпеген қызметшілерге де шара қолданылатын болады.

Осы кезге дейін 1700-ге жуық қызметкерді оқыттық. Оған 57 млн 223 мың теңге облыстан арнайы қаржы қарастырылды. Осындай мүмкіндік бола тұра 300-ден 500-ге дейін мемлекеттік қызметкер оқудан өтпей қалған фактілер анықталды, – деді.

Кейіннен Серікбай Өрік-байұлы жақында өткен аттеста-циялаудың қорытындысын жариялады. Айтуынша, қыз-меткерлер бір-біріне мақтауын асырып мінездеме берген. Ендігі кезекте жазылған әр мінездеме тексеріледі. Мақтауға сәйкес келмесе, мінездеме жазған азамат үстемақысыз қалады. Бұл өз кезегінде шындықты жазуға жол ашады. Үстемақы демекші, әр параметрден жоғары өткен мемлекеттік қызметкер жыл соңында үстемақы ретінде 13 айлық жалақы алады. Осы мәселе қазір парламентте талқылануда дейді департамент басшысы. Қысқасы, сапалы қызмет ет – адал еңбегіңнің жемісін көр.

Әлеуметтік желі оңды қолданғанға пайда, орынсыз қолданғанға зиянын тигізуде. Бұл мемлекеттік қызметкерлер-ге де тікелей қатысты. Айталық:

Қазір әрбіріңіздің әлеумет-тік желілеріңіз қатаң бақылауда. Оның ішінде шетелде жүрген, саятшылықта, ішімдікпен түскен, түнгі клубтарда, қыздарымыз су жағасында тұрған яғни, қызмет-шінің моральдық-этикалық кел-бетін бұзатын суреттеріңіз болса, бізге ренжімеңіздер. Оған да шара қолданамыз. Бүгінде облыс бойынша осындай 230 жағымсыз суреттер анықталды, – деді.

Мәнсаптық өсу бойынша да айтты С.Нұрғисаев. – Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 36 азамат қызметіне сәйкес және жоғарылатуға ұсынылады деп қорытынды бердіңіздер. 5 қызметшіні лауазымынан төмендетуге шешім шығардыңыздар. Ал 22 азамат-тың қызметін өсірдіңіздер. Қалған 14-і ше? Уәде бердіңіздер ме, енді орындаңыздар! Екіншіден, 5 қызметшіні қызметіне сәйкес келмейді деп, оның екеуін лауа-зымынан төмендеткен екенсіз-дер. Қалған үшеуі әлі сол орнында. Бұны қалай түсінеміз? Осы мәселе бойынша жыл соңына дейін жұмыс істеңіздер!

Иә, кәсіби кадр – мемлекет тірегі. Ал сыбайлас жемқорлық – тамырға түскен жегі құрт. Осы ретте жыл басынан 66 қызметкер қылмыстық істерге барса, оның басым бөлігі пара алып, басын бәлеге байлап отыр. Мәселен, сыбайластыққа жол берген облыс бойынша білім саласында – 7, денсаулық саласында – 3, ауылшаруашылығы бойынша – 5, жер қатынастары саласында – 7 қылмыс тіркеліп отыр. Серікбай Өрікбайұлының сөзіне сүйенсек, қазір жаңа заң бойын-ша сыбайлас жемқорлыққа бар-ған қызметшілер сотталмайды керісінше, ауқымды деңгейде айыппұл арқалайды әрі мемлекеттен түбегейлі шеттетіледі.

«Ауруын жасырғанды өлім әшкерелейді» демекші, жұмыс-тан тыс уақытта қызметтік көлікті пайдаланғандар да жазадан жалтармайды. Ол турасында да жан-жақты мәлімет беріп, шеңберден шықпауға ескертті.

Қорытындысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев сөз сөйлеп, толыққанды түсінік бергені үшін С.Нұрғисаевқа аудан активі атынан алғысын жеткізді.

Бәрін айт та бірін айт, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына енгізілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру – шетелдік тәжірибе. Осы тәжірибе қорытындысында, қызметшілердің 5-7 пайызы өз еркімен жүйкесі шыдамай жұмыстан кететін көрінеді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар орталығында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері “Атамекен” ҰКП жаңа бастамасына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын өткізу жөнінде мәлімдеген болатын. Жетісу кәсіпкерлерінің пікірінше, шара қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті дамуына жаңа тыныс береді.

Өңірлік коммуникациялар орталығындағы баспасөз мәслихатында Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы, «Алматы бояулары» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрайымы Римма Салықова бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы жұмысты жүйелендіру қажеттілігіне назар аударды.

«Тәуелсіздік жылдары көптеген кәсіпкерлерлер өзінің туған жері, ауданы мен облысының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Жеке кәсіпкерлік қаражатына әлеуметтік, білім беру нысандары іске қосылып, маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Бұның барлығын кәсіпкер жарнама үшін немесе басқа да мақсат үшін жасамайды. Өзінің парызы деп түседі. Сондықтан осындай игі істерді біз қоғамда белсенді түрде айтып, меценат мәдениетін дамытып, патриоттылыққа шақыруымыз қажет», - деп атап өтті Римма Салықова.

Осы саладағы шешімдердің бірі ретінде Әлеуметтік мәселелер реестрі әзірленеді. Реестр ҰКП-ның atameken.kz сайтындағы «Қайырымдылық» айдарында орналасады. Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен таныса алады. Өтінім қалдыратын немесе кері байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да іске қосылады.

Мәселен, Алматы облысынан аталмыш тізімге мүгедек азаматтар, қоғамлдық ұйымдар тарапынан демеушілік таныту туралы өтініштер келіп түсті.

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Қасымбаева Г.Ш.» басшысы, Кербұлақ ауданының мәслихат депутаты Бақтыбай Қасымбаевтың айтуынша, акция барысында кәсіпкерлер қоғамдастығы «Қайырымдылық туралы» заңды, салықтық жеңілдіктер және саладағы қарастырып, талқыланады.

«Бүгін Қазақстанда бизнесті әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыруға бағытталған белгілі бір салықтық жеңілдіктер бар. Бірақ, бұл жеңілдіктер туралы көпшілігі білмейді. Байқауымызша, оны ірі кәсіпорындар пайдаланып келеді. Сондықтан мониторинг болмаған соң, жеңілдіктер механизмінің тиімділігін бағалау қажет. Мысалы, аталмыш жеңілдіктер шағын және орта бизнес өкілдері үшін өте маңызды. Бұл олар үшін моральдық көтермелеу мен еңбегін бағалау белгісі», - деді кәсіпкер.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер «Парыз» мемлекеттік наградасын беру туралы ұсынысты қызу қолдап отыр. Награданы берудегі мақсат – қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін үлесін жоғары бағалау. Жыл сайын өтетін «Парыз» байқауында әлеуметтік мәселелерді шешу саласындағы кәсіпкерлік және т.б. үшін «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» аталымын енгізу ұсынылады.

«Жалпы, қайырымдылық біздің халқымыздың ұлттық кодында бар. Біз ежелден әр уақытта бір-бірімізге қолдау көрсетіп келе жатқан халықпыз. Мысалы, осылай «Асар» сияқты дәстүрі пайда болды. Өңіріміз жөнінде айтатын болсақ, Бауыржан Оспановты мысалға келтіруге болады. Ол Алакөл ауданындағы туған жері Жыланды ауылына көмектесіп отыр. Онда спорт, физика-математика мектептерін, әлеуметтік дүкенін салып, тегін түрде қымызды таратады, тұрғындарды үй-жаймен, жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Лепсі ауылында бал өндірісін жолға қойды. Немесе біздің әріптесіміз Өңірлік кеңес мүшесі Бақыт Атайбеков Балқаш ауданының басты меценаты. Бақанас ауылында мешіт салып берді, Миялыда жұмысшылары үшін үй салды, жыл сайын әлеуметтік, білім беру ұйымдарында қаржылық қолдау көрсетіп отырады», - деп қосты Римма Салықова.

Кәсіпкер Бақтыбай Қасымбаев «Атамекенім»-ді қолдау мақсатында Кербұлақ ауданының іскер әйелдері мен Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері ауылдық округтерде “Бәрі де рахмет үшін” көшпелі дүкенін ұйымдастыру жоспарланғанын айтты.

«Біздің кәсіпкерлер мыңнан астам қажетті заттар мен тұрмыстық тауарлар жинады. Оның барлығын әлеуметтік көмекке зәрі ауыл тұрғындарына таратамыз», - деді спикер.

Жалпы, алдағы уақытта облыстың барлық ауданында қайырымдылық шаралары, акциялар мен көшпелі отырыстар өткізу жоспарланып отыр.

 

 

 

Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:47

Тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз

 

«Бірлік бар жерде тірлік бар». Иә, бабалар сөзінен асып айту әсте артық болар. Осы ойдың астарын саралау мақсатында Бәйтерек орта мектебінде «Толеранттылық пен татулық – қоғамдық келісімнің кепілі» тақырыбында форум өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалауы желбіреген шараға қор төрағасы Ж.Мухамедов қатысып құттықтау сөз айтты.

Ауданымыздағы ұлтаралық татулықты нығайтудағы аталмыш қордың атқарып жатқан ауқымды ісіне ризашылығын білдірді мектеп директоры Шымберген Пірімбаев. Кейіннен Жаңаберген Мухамедов:

Мемлекет басшысы Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен Ассамблеяның 25-сессиясында осындай бас-ты байлығымызды сақтап қалу тұрғысында кеңінен ойын білдірді. Санамыздың ісімізден озық тұруын ашық айтты. Бұл дегеніміз, Жаңғырудың негізі – тұрақтылық пен келісімде екенінің айғағы. Бүгінгі іс-шарамыздың мән-маңызы да осында: ынтымақ – ырысымыз, тұрақтылық – табан тірер тұғырымыз екенін жас буынның санасына сіндіру, – деп шараның мақсатын айқындап берді.

Әрі татулық – тұғырымыз, бірлік – білегіміз деп түсініп, оны жас ұрпақтың бойына сіңірудегі қажырлы еңбегі үшін мектеп директоры Ш.Пірімбаевқа, директор орынбасары А.Далмурадоваға аудан әкімінің орынбасары атынан Алғыс хатты салтанатты табыс етті. Сонымен қатар, бірқатар ұлағат иелері де қоғамдық қордың алғысын арқалады.

Шара әуезді ән, әсерлі бимен жалғасын тапты.

Қ.ЖҰМАҒОЖА.

Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 10:30

Маңызды құжаттарды талқылады

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бір-лестігінің ұйымдастыруымен Ақши ауы-лындағы Бөлек батыр және Есіктегі Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтар мен «5 институционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында кездесу өтті.

Шара барысында қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова Жолдаудағы басымдықтарға тоқталып өтті:

Елбасы осы Жолдауда еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіру керектігін тағы бір еске салып өтті. Сондай-ақ, сын-қатерлерді күтіп отырмай, оған кез-келген сәтте қарсы тұра алатын мемлекетті қалыптастыру керектігін қадап айтты. Ол үшін бес басымдықты жүзеге асыруы-мыз керек. Экономикамыздың жеңілдетілген технологиялық жаңғыртылуы елімізде 3D принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қолтаңба, цифрлық қызмет көрсету түрлері мемлекеттік ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру жүйесінде қолданылып және басқа да сұранысы көп салаларда дамытылуы керек – деп, сандық технологияның ел дамуында атқарар рөлі орасан зор екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, бес басымдыққа жеке-жеке тоқталған Қымбат Құрманжанова Елбасының реформаларын жүзеге асыруда барша қазақстандықтар күш біріктіріп, іске кірісу керектігін алға тартты.

Жиынға қатысқан ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайсар Асқарұлы да Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау – туған мемлекетіміздің келешегін жарқын етуге қосқан үлесіміз екендігін айтты. «5 институтционалдық реформа: 100 нақты қадам» Ұлт жоспары жайлы әңгіме өрбітті:

Тәуелсіз Қазақстанның барлық салаларындағы кемшіліктерді жойып, алпауыт мемлекеттермен иық тірестіруге қабілетті болу үшін дамуға бастайтын 100 нақты қадамды ұсынған болатын. Бұл маңызды құжатта дамушы елдің алға нық қадам басуына керекті негізгі салалар қамтылған. Бүгінгі таңда «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын құжаттағы 100 қадамның барлығы дерлік жүзеге асты – деді.

Жиын соңында жиылған көпшілік аталған екі маңызды құжаттағы тапсырмалар мен ұсыныстар бойынша көкейдегі сауалдарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

 

Послание Главы государства «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» выдвигает не только требования развития перспективных отраслей, основанных на цифровых технологиях. В состав приоритетов, обеспечивающих рост конкурентоспособности страны, также входит улучшение качества человеческого капитала. Важнейшей мерой для достижения целей экономического роста было и остается улучшение здоровья нации. К проведению спортивных мероприятий, посвященных данной цели, подключаются и неправительственные организации.

Одна из них, «Iле мұрагер», с поддержкой районного отдела внутренней политики реализует в нашем районе ряд социальных проектов, в том числе и спортивные. На днях «Iле мұрагер» в лице Кымбат Курманжановой и главный специалист отдела внутренней политики Кайсар Аскарулы провели районный турнир по мини-футболу среди госслужащих и работников госучреждений, посвященный Посланию Президента РК Н.Назарбаева. На спортплощадке, построенной частным инвестором в есикском микрорайоне «Байтерек», Кубок, медали и призы от «Iле мұрагер» разыграли девять команд госслужащих из Есикского и Шелекского регионов. Открывая турнир под девизом «Саламатты ұлт», Кайсар Аскарулы разъяснил те задачи, которые решает развитие массового спорта. Это, прежде всего, повсеместное внедрение здорового образа жизни среди казахстанцев, так как здоровье – ключевой фактор конкурентоспособности. Успеха спортсменам пожелали аким Каракемерского округа Алтынбек Исаков и главный судья соревнований Дидар Шырганаков.

Кубок турнира завоевали футболисты сборной г.Есика, второе место у команды с.Тескенсу, третье – у команды с.Ават. Победители, призеры и лучшие игроки турнира также удостоены благодарственных писем отдела внутренней политики и «Iле мұрагер», им подарены брошюры с разъяснением Послания Президента РК.

 

И.ТУРАНИН.

 

Парламентте қаралған латын қаріптеріне көшу жайындағы мәселе бойынша филолог Ербол Тлешовтің
ұсынысымен қолданысқа 25 графикалық белгі ұсынылған екен. Бір ұнамдысы, бір кездегідей «ұ» әрпін ү-ден ажырату
үшін үстін сызып немесе «аяғына» белдік қойып, дауысты дыбыстан кейін келетін «и» әрпінің үстіне сызықша қойып
«ё» дегенге екі нүкте қою сияқты әурешіліктер болмайды екен.
Оның орнына қос қаріп, яғни диаграф ұсынылады. Ә-ні «ае» деп, ө-ні «ое» ш-ны «sh», ж-ны «zh»-деп көрсету қолайлы болса
керек. Бұның өзі әлемдегі ағылшын әліппесінен, латын қаріптерінен әрі аспай ғана, әріптерді бұрынғыдай 42 қылмай-ақ сөзімізді,
ойымызды жеткізу амалы. Ағылшын тілін оқыған адамдар «good morning» (қайырлы таң) деген тіркестегі ng диграфын қазақта бар
«ң» әрпімен оқиды «гуд мониң» деп. Еш қиындықсыз көзбен көру жадында сақталып қалған. Осындай қос белгілері, тіпті бір
дыбысты үш белгімен беруші ағылшын тілі көштен қалған жоқ, керісінше жер жүзін алақанына салып, ақпарат тізгінін ұстап отыр
десе болады.
Осыған дейін еліміздің көзі қарақты азаматтары, зиялы деген қауым, ғылым, білім салаларындағы оқымысты ғалымдар,
жазушылар, журналистер өз пікірлерін айтып, Елбасының бастамасын қолдады. Парламент қарауына түскен құжат жобасы жан-
жақты талқыланып, жыл аяғына дейін қабылдануы керек. Солай бола тұрса да жаңалыққа жаны қарсы кейбір кертартпалар, орыс
тілді орашолақтар өзгерістерге тосқауыл қоюға бар күшін салып жатқаны да шындық. Солардың кейбірінің байбаламын келтіре
отырып өз уәжімді, көпшіліктің пікірін айтпақ болсам біріншіден, әліппені ауыстырып, қажетті оқу құралдарын, әдебиетті басып
болғанша елімізді надандық, сауатсыздық жайлап кетеді-мыс. Ал ойлайық, талдайық. Араб графикасындағы кеңестік кезең-нің
алғашқы жылдары шыққан екен қазіргі классиктер қатарындағы ақын-жазушыларымыздың алтын қорға кірген туындылары. Одан
кейін отызыншы жылдардың аяғына дейін төте жазудан өтіп латын графикасына көшіпті еліміз. Ал сол латын әріптерінен қазіргі
кириллицаға өту үдерісін қолдарыңыз-дағы «Еңбекшіқазақ» газетінің атасы өткен ғасырдың қырықыншы жылдардағы тігіндісін
ақтарып отырып көрдім. Ал осы отызыншы, қырықыншы жылдар оңай жылдар болып па еді?! Экономикалық, тұрмыстық,
әлеуметтік жағынан алып қарағанда бүгінгі қазақ елі ол заманнан он есе озық тұрғаны хақ. Бұл енді екінші уәжіміз. Үшіншіден,
кириллицадағы әлемнің, оның ішінде орыс классиктерінің шығармалары назардан тыс қалады деген қауіптің авторларына. Бір
ғасырдың ішінде үш рет қаріптерімізді ауыстырғанда Александр Пушкин, Лев Толстой, Сергей Есенин, Джек Лондон, А.Грин тағы
басқа әлемдік алыптар қазақтардың назарынан тыс қалыпты-ау деп айта аламыз ба? Жоқ! Керісінше өзіміздің ардақтыларымызды
ұмыттыруға бағытталған саясат болды ол кездерде. Ендеше, қарсылардың уәжі бос сөз десек болады. Қазіргі біздің басты
міндетіміз – Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген латын графикасына көшу үдерісін рет-
ретімен, белгіленген уақытында іске асырып елдігімізді, бірлігімізді білдіріп, жаңғыру жолын баянды ету. Көш көлікті, ісіміз білікті
болсын!

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,
Қазақстанның Құрметті журналисі, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы.

 

Жақында аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиында жоғарыда аталған басқарма басшысы Мұрат Тоғызбаев, Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейбіт Искаковтар сөз сөйледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған бесінші басымдық бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған Мұрат Тоғызбаев қоғамда «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруды басты назарға алып отырғандарын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарас біршама өзгерген.

- Бұрынғы кездерде Есік-Алматы жолында жол полициясы қызметкерлері көліктерді 5-6 рет себепсіз тоқтататын. Әрине, бұл жемқорлық фактілерінің орын алуына алып келетін. Қазіргі уақытта ондайға жол берілмейтін болды. Қызметтік көліктер бұрынғыдай мейрамханалардың алдында тұрмайды. Мемлекеттік немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәртіпті бұзып, ішімдік ішіп жүру фактілері де азайды. Бұл - халықтың белсенділігінің арқасы. Біздің мақсатымыз - сыбайлас жемқорлықты қоғам қабылдамайтын деңгейге жеткізу. Департамент құзіретті орган болғанымен, азаматтардың көмегінсіз біздің жұмысымыз нәтижелі бола алмайды. Пара алушы да, беруші де заң бұзар алдында «ертең ел не дейді?» деп ойлайтын болса, сыбайлас жемқорлық өз-өзінен азаяр еді, - деп атап өтті Мұрат Тоғызбаев.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Алматы облысында жүзеге асырылған «Азаматтық бақылау» жобасы, білім саласындағы жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту мақсатындағы «Адал ұрпақ» еріктілер клубы, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік аттестаттау, «Болашаққа балта шапқандар» әлеуметтік ролигі туралы әңгіме өрбіді. Бұрындары көбіне мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеп келген Департамент ендігі кезекте ашықтық принципіне бет бұрып, қоғамдық ұйымдармен, азаматтармен тікелей жұмыс жасауға көшіп отыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің парақшалары барлық әлеуеметтік желілерде жұмыс істейтінін, азаматтардың көбіне желі арқылы шағым жазатынын айтқан Мұрат Тоғызбаев 1424 call орталығы арқылы да жемқорлық фактілері туралы ақпарат беруге, құқықтық көмек алуға болатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелде аудан әкімдігінің қызметшілері, ауыл әкімдері т.б. жиынға қатысушы азаматтар сауалдар қойып, өз ойларын ортаға салды.

 

Нұрбану КАМАЛ.


Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:22

Патриоттық байқау басталды

 

«Нұр Отан» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы-ның ұйымдастыруымен «Бақыт-ты отбасы – Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Туған жерім» атты шығармалар байқауы басталды.

Осы аптада аталған байқау жайында партия филиалының өкілдері мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айтуларынша, үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінен 1 желтоқсан аралығында өтетін байқауға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Аудан бойынша шығармаларды қабылдау қазан айының 25-не дейін жүргізілетін болады. Үздік шығармаларды қабылдап, іріктеу аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаевтың бекіткен комиссия мүшелеріне тапсырылады.

Өз тілшіміз.

 

Шолпан Бөлетайқызы, Сізді дәріхана саласында көп жылдан бері еңбек етіп жүрген кәсіпкер әйел ретінде танимыз. Ұрпақ өсіріп, шаңырағыңыздың іргесін берік ұстап әйелдік міндетіңізді де естен шығарған жоқсыз. Айтыңызшы, әйел адам жеке өмірде де, кәсіпте де табысты болу үшін қандай қағидаттарға сүйенуі керек?

Мен үшін отбасы – ең басты байлық. Қай кезде де шаңырағымның шаттығын, отағасы мен балаларымның жағдайын бірінші кезекке қоямын. Әрине, кәсіпте де жаныңды сала еңбектену керек. Дегенмен де, адами қарым-қатынастың орны ерекше. Жанат екеуіміздің отасқанымызға отыз жыл болды. Бұл уақыт аралығында әртүрлі кезеңдерді бастан өткіздік. Биікке де самғадық, құладық, қайта тұрдық. Бір сөзбен айтқанда, шыңдалдық. Бір-біріңе деген сенім, сыйластық болса, қандай қиындық болмасын еңсере білесің. Қазіргі уақытта жалпы үш дәріханамда отыз қызметкер бар. Жиырма екісі фармацевт, сегізі техникалық қызметкер. Адамды жұмысқа алғанда алдымен жеке қасиеттеріне көңіл бөлемін. Қаншалықты кәсіби маман болғанымен адамгершілігі болмаса, оның білімінен пайда жоқ. Мамандарымның көбісі әйел адамдар. Оларға да қандай жағдайда да отбасына көңіл бөлу керектігін айтып отырамын. Ал кәсіпте табысқа бастайтын жол – махаббат. Мен өз ісімді сүйемін. Дәріхана деген үлкен жауапкершілікті талап ететін, машақаты көп жұмыс. Жаңадан келген бір құты дәрінің өзі біраз еңбектенуді талап етеді. Оны қалай қолданатынын, қандай жағдайда қолдануға болмайтынын білу, сатып алушыға жақсылап түсіндіру қажет.

Осындай қиын кәсіпті таңдауы-ңызға не түрткі болды?

Фармацевтика саласына келуіме әкем себепші болды. Әкем Бөлетай Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы «Есік» совхозының кәсіподақ комитетін басқарды. Сегізінші сыныпты бітірген жылы әкемнің айтуымен Қазақ республикалық медициналық училищесінің фармацевтика бөліміне оқуға түстім. 1979 жылы медучилищені қызыл дипломмен бітірген соң С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық институтының фармацевтика факультетіне түсіп, 1984 жылы бітіріп шықтым. Сол жылы Қарағандыға барып, үш жыл облыстық дәріхана басқармасында инспектор-провизор болып еңбек еттім. 1987 жылы өзім туып-өскен осы Еңбекшіқазақ ауданына тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай аудандық дәріханаға аға провизор қызметіне орналастым да, 1995 жылға дейін сол жұмысты атқардым. Жеке кәсіпкерлікке келуіме себепші болған сол кездегі директорымыз Северская Людмила Васильевна. 1994 жылы жаз айында ол кісі маған: «Қазір барлық аудандарда жеке дәріханалар ашылып жатыр. Ал біздің ауданда жоқ. Соны сен ашсаң қайтеді?» деген ой тастады. Отағасымен ақылдаса келе, дәріхана ашатын болып шештік. Алматыға барып, барлық құжаттарды реттестіріп, алғаш рет 1995 жылы Көктөбеде бір дәріхана аштық. Онда екі жыл істеп, 1997 жылы Есікте, Алматы көшесінің бойынан, 2009 жылы автобекет маңынан, 2012 жылы аудандық аурухана жанынан жаңа дәріханаларымыз жұмысын бастады.

1990-1997 жылдар аралығы ел тарихында қиын кезеңдер ретінде есте қалды. Сондай уақытта жеке кәсіпкерлікті бастау, оны жүргізу оңай болмаған шығар? Бәсекелестік қалай еді?

Әрине, қиындықтар да, бәсекелестік те болды. Біз Есіктен дәріхана ашқан кезде мұнда 7-8 дәріхана бар еді. Алғашқы уақыттарда дәрілерді өзіміз барып әкеліп жүрдік. Кейіннен кәсіпкерлік саласы дами келе фирмалар өздері жеткізе бастады. Әрине, дәріхана бизнесін бастамас бұрын осы салада біраз жыл еңбек еткендіктен өзіме, тәжірибеме сендім. Жалпы жұмыс барысын білетінмін. Бірақ, қиындықтарға қарамай кәсіпті ойдағыдай жүргізуіміз отағасының, жақындарымның көмегінің, бәріміздің бірлесе еңбек еткеніміздің арқасы деп білемін. Жолдасым Жанат Қасымбаев ауыл шаруашылығы саласының маманы болса да, менің бизнесіме көп көмектесті. Қазір өзінің шаруашылығы бар, бірақ, әлі күнге маған қол ұшын беріп, демеу болып жүр. Інім Сәкен Сағымбеков те осы кәсіпті бастаған кездерден көмекшім, қолдаушым болып келеді. Ол фармацевтиканы оқыды. Былтыр өзінің дәріханасын ашты, әлі де бірге жұмыс жасаудамыз. Сондай-ақ, сіңілім де менімен бірге дәріханада еңбек етуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Ең бастысы отбасы мүшелерімен, туған-туыстармен жақсы қарым-қатынастың, ауызбіршіліктің болуы. Сонда олар сенің тірегіңе айналады, қандай қиын істі де қорықпай бастап, бірге атқара бересің. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлым ҚМЭБИ-ді бітіріп, жақсы қызметке орналасты, үйленді. Айлана есімді немерелі болдық. Қызым менің жолымды қуып, фармацевтика саласын оқыды. Жақында тұрмыс құрды. Отбасымыз өсіп, өркендеп келеді. Балаларымды мақтаныш етемін.

Бала тәрбиесіндегі тәжірибеңіз-бен бөліссеңіз?

Мен төрт ұл, үш қыздың ішіндегі үлкенімін. Бала тәрбиесінде анамнан көрген үлгі-өнегемді басшылыққа аламын. Біздің отбасында қыздар әкеге көбірек жақын, ұлдар – анамызға. Өйткені, қазақта әке қыз балаға қатты сөйлемейді, қызды қонағындай сыйлап, аялап өсіреді. Анам Бәтима Агубайқызы ұзақ жылдар бойы мұғалім болды. Шәкірттері әлі күнге дейін үйге келіп, гүл сыйлап, құрметтеп жатады. Ата-анамның ортамызда отырғанының өзі бір бақыт деп білемін.

Отбасын өте қастерлейтініңіз көрініп тұр. Бұл әрбір қазақ әйеліне тән қасиет болса керек. Ал бизнестегі принципіңіз қандай?

Ең бірінші күннен бастап, ассорти-менттің молдығына және бағаның қолжетімді болуына қатты көңіл бөлдім. Дәріханаға келген адам іздеген дәрісін таба алмай, қалаға немесе басқа жаққа барып, уақыт ұттырмауы тиіс. Дәріханамыздан әркім қалаған дәрісін арзан бағамен алса және біздің қызметкерлердің жұмысына риза болса, нәтижелі жұмыс деген сол. Бізге ауданымыздан ғана емес, Талғардан, Алматы қаласынан да алушылар келеді. Тұрақты түрде клиентіміз болып келе жатқан біраз адамдармен бүгінде дос болып кеттік. Бұл үшін өте қуаныштымыз. Сондай-ақ, біздің дәріхана ұжымы адамдарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады. Ешқашан өз бетінше ем жасауға болмайды, алдымен дәрігерге барып, содан соң ғана дәріханаға келсе құба-құп. Ауруды емдегеннен гөрі алдын алғанның дұрыс екенін әр азамат есінде сақтаса, өміріміздегі көптеген қиындықтар жеңілдей түсер еді.

Кейбір дәрілердің тым қымбат болуы және дәріханалардың бір дәріні әртүрлі бағада сатуы бүгінде мемле-кеттік деңгейде айтылып жүрген үлкен мәселе. Бұған қалай қарайсыз? Бағаны қолжетімді ету үшін қандай шараларды қолданасыз?

Жеке кәсіпкерлік болған соң әр жерде әртүрлі бағаның болуы заңдылық деп ойлаймын. Өйткені, сату бағасы алғаныңа қарай белгіленеді. Мен дәрі жеткізуші фирмалардың ішінде арзандауын таңдауға тырысамын. Әрі бір фирмамен жақсы жұмыс істеп, жеңілдіктерге ие боламын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бағасы тым қымбат болып тұрған Еуропадан жеткізілетін әрі халыққа аса қажет жүрек-қан тамырлары аурулары дәрілерінің өз бағасына өте аз мөлшерде, 5-10 пайыз ғана қосып сатамын. Сондай-ақ, бізде тұрақты түрде 10 пайыздық жеңілдікке ие болған азаматтар бар. Олар соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек балалар т.б. Әрине, барлық көмекке мұқтаж жандарға осындай жақсылық жасасақ қандай ғанибет іс болар еді. Бірақ, ондай жеңілдікке ие клиенттеріміздің саны шектеулі.

Сіз туралы қоғамдық шаралардың белсене қатысушысы деген жылы пікір естіген едік. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз жөнінде де айтсаңыз.

Иә, біраз жылдар бойы қоғамдық, әлеуметтік шараларға тұрақты түрде қатысып жүрдім. Ауданымызда аудан әкімдігі тарапынан түрлі жобалар жүзеге асырылады. Балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету жұмыстарына қатыстым. Мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін дәрі-дәрмектер беріп жүрдік. Қайырымдылықты әлі де жасай беремін деген ойдамын. Бірақ, бұл туралы көп жария етудің қажеті жоқ сияқты. Өткен жылы қараша айында іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған шараға қатысқанымды ерекше атап өткім келеді. Онда гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру нәтижелері туралы сөз болды. 2006-2016 жылдарға арналған бағдарлама аяқталып, қорытынды шығарылып жатқан кез еді. Шараға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта еліміздің гендерлік саясатында ескерілуі қажет ұсыныстар дайындады. Қазіргі уақытта елімізде бұл бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі ұзартылып, «Қазақстан Республи-касындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасы қабылданды.

Бұл шараға қатысуыңызды ерекше айтып отырғаныңызға қарағанда әйел теңдігі мәселесі Сізді көбірек толғандыратын тәрізді.

Әрине, әйелдердің мәселелеріне бей-жай қарай алмаймын. Бірақ та, мен әу бастан «әйел мен еркек тең» деген пікірді құптамаймын. Біздің қоғамда гендерлік теңдікті «әйел еркекпен тең, бірдей» деген ұстанымдағы саясат деп түсінеді. Мен де алғашында солай ойлағанмын. Тіпті, жоғарыда аталған конференцияда сөз сөйлеп, «Әйел еркекпен тең бола алмайды. Қазақ әйелі ерін өзінен бір саты жоғары қойған» деген пікір білдіргенмін. Шындығында, гендерлік саясаттың мақсаты – әйелді еркектен үстем ету немесе ерлердің орнын әйелдерге алып беру емес. Бұл елімізде жыныстық ерекшелікке байланысты кемсітушілікке жол бермеу, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатындағы саясат. Әрине, әйелдер отбасындағы өзінің орнын біліп, бала өсіріп, отағасын сыйласын, ерлер өз міндетін атқарып, отбасын асырасын, шаңырағының қорғаны болсын. Ол енді әр адамның тәрбиесіне байланысты. Елімізде жауапкершілігі зор басшылық қызметтерде әлі де ерлер көбірек. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, ер азамат табиғатынан түздің адамы. Оның халықтың жағдайын ойлап, үлкен жұмыстарды атқаруға уақыты да, мүмкіндігі де мол. Ал әйел адам қанша айтқанмен, баланы дүниеге әкелуі, оны өсіріп, тәрбиелеуі қажет. Бірақ, қандай да бір жұмыстарды атқарамын десе, бұған әйелдердің толық құқы бар. Әйел адам қиын, үлкен жұмыстарды атқарған күннің өзінде оған отбасы мүшелері үлкен қолдау білдірмесе қиын болады. 2006 жылдан бастап, елімізде бизнестегі әйелдердің үлесі 38 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Олардың көпшілігі кәсіппен бірге отбасын дөңгелетіп, бәріне үлгеріп отырған іскер әйелдер.

Алдағы уақытқа жоспарларыңыз жөнінде айтсаңыз.

Жақында дәрілік заттарды сату, сақтау т.б. ережелер бойынша үш дәріха-намыз тексеруден өтіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің сертификаттарына ие болды. «Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестікке» берілген бұл сертификат біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысуды жоспарлап отырмыз.

Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Нұрбану Камал.

Ертеден «шаңырақтың тірегі – әке, берекесі – ана» деп, отбасындағы қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлген қазақ халқы әйел затына қашанда құрметпен қараған. Осы ұлттық менталитет бүгінде мемлекеттік идео-логияның бір бағыты болып отыр. Елімізде нәтижелі жүзеге асырылып жатқан гендерлік саясат әйелдер-дің құқығының тапталмауына, олардың өздері қалаған іспен айналысуларына, қоғамның барлық саласында ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерінің тең болуына жағдай жасалуда. Нәтижесінде нәзік жандар әр салада жемісті еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосуда. Бір ғана Еңбекшіқазақ ауданында қазіргі уақытта үш мыңнан астам кәсіпкер әйел бар. Солардың бірі – Шолпан Бөлетайқызы Қасымбаева.

Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 10:11

Оқу грантын алды

Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жергілікті басқару» факультетінің грантын алған Тимурбек өз қуанышымен бөлісті: – Білек емес, білім жарыстыратын заманда тегін оқуға қол жеткізу оңай емес. Алайда менің бағыма осынау зор құрмет бұйырып отырғаны үшін ел тізгінін ұстаған ағаларыма алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта сапалы білім алып, білікті кадр атанғым келеді», – дейді.

Иә, Тимурбек оқыған Түргенде Д.Қонаев атындағы орта мектепті 29 түлек тәмамдады. Олардың 18-і ҰБТ-ға қатысты. Нәтижесінде, 11-і білім грантына ие болды. Айтып өтейік, берекелі білім ордасынан 4 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат иегері шықты.

Өз тілшіміз.

 

Соңғы жаңалықтар

Мам 09, 2025

«Ұлы дала жорығы» Тарих пен…

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Халықаралық «Ұлы дала жорығы»…
Мам 08, 2025

Ғибратқа толы ғасыр

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Иә, елдің тыныштығы, Отанның қауіпсіздігі үшін қан…
Мам 08, 2025

МСАК-ТЫҢ 550-ДЕН АСТАМ МАМАНЫ…

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы…
Мам 08, 2025

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту…

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және…
Мам 08, 2025

Промежуточные итоги запуска…

Комитет государственных доходов МФ РК продолжает поэтапное внедрение информационной…
Мам 08, 2025

Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400…

Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені…
Мам 06, 2025

Адам папилломасы вирусына қарсы…

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар…
Мам 06, 2025

Бруцеллездің алдын алу бойынша…

Бруцеллез адам мен ауылшаруашылық жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Бруцеллез…
Мам 06, 2025

Қазақстан мен Вьетнам Әділет…

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет