Ават ауылдық округінде жақсы-лыққа жаны құмар жамағаттың, ауыл мешітінің, мектеп ұстаздары-ның қолдауымен «Мектепке жол» қамқорлық акциясы өтті.
Шара негізінде әлеуметтік аз қамтылған, жағдайы төмен, жетім-жесірлерге, көпбалалы отбасыларынан шыққан көмекке мұқтаж 27 мектеп оқушысына мектепке қажетті заттармен көмек көрсетілді.
айдана АЛҚОЖАҚЫЗЫ,
Ават ауылдық округі әкім аппаратының жетекші маманы.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында Баяндай орталау мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті.
Шапағаты мол шараға Ташкенсаз округінің әкімі Э.Масутова, мектеп директоры М.Құттықожа және ауыл тұрғындары қатысты. 14 оқушыға мектеп құралдары мен киімдер табысталып, қонақтар жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жиын соңында ата-аналар демеушілерге шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Н.БАКИЕВА,
мектеп директорының орынбасары.
Жақында Бартоғай ауылдық округі әкімі аппа-ратының ұйымдастыруы-мен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акцияға округ аумағындағы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары қолдау көрсетті.
Жаны жомарт демеушілердің арқасында әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен мүгедек балаларға мектеп формасы, спорттық киім және оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Қайырымдылық шара қоғам тарапынан қолдауға ие болып, ата-аналар мен балалар ұйымдастырушы азаматтарға өз алғыстарын жеткізді.
Санат НАРЫМБАЕВ,
Бартоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары.
«Нұр Отан» партиясы Қаратұрық БПҰ-ның қолдауымен, «Alma- GreenFields» ЖШС-ның демеушілігімен білім күніне орай «Бақытты балалық» жобасының «Мектепке жол» акция-сы аясында әлеумет-тік жағынан аз қам-тылған және ата-ана қамқорлығынсыз қал-ған 17 оқушыға көмек көрсетті.
Жаңа оқу жылында демеушілер мектепке қажетті киім мен оқу құралдарын алып берді. Бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Самсыбеков балаларға жақсы оқып, тәртіпті де өнегелі болып өсуін тіледі. Шара барысында игі шараға демеушілік көрсеткен «AlmaGreenFields»ЖШС-ның басшысына округ әкімі ауыл тұрғындары атынан ризашы-лығын білдірді.
Қаратұрық бастауыш партия ұйымы.
Райымбек атындағы орта «Мектепке жол» акциясы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен 1 тамыздан басталды. Қайырымдылық акциясына байланысты іс-шара жоспары құрылып, қабырға газеттері шығарылды.
Игі шара барысында демеуші-лердің көмегімен аз қамтылған отбасынан шыққан 43 оқушыға 200 мың теңгеден астам қаржыға әр балаға қажетіне қарай мектеп сөмкелері, киім-кешек пен оқу құралдары табысталды. Жаңа оқу жылында қуанышқа бөленген оқушылар мен олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға шексіз ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
– Қайырымыдылық – қанға сіңген қасиет. Акция барысында демеушілер және ұстаздар қауымы әлеуметтік жағдайы төмен жіне көпбалалы қаншама отбасына жақсылық жасады. Бұл бастама әлі де жалғасын таба бермек – дейді мектеп директоры Әлімжан Түбекбаев.
Д.ТОПЫШЕВА, директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары.
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Жаңашар ауылдық округінде өз жалғасын тапты.
Акцияға негізінен жеке кәсіпкерлер өз көмектерін көр-сетуде. Жаңашар ауылынан шыққан белгілі кәсіпкер Дильмурат Кузиев отбасылық жағдайы төмен Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің 13 оқушысына жаңа оқу жылына дайындалуға қолұшын берді. Сонымен қатар, Базаркелді ауылының кәсіпкері Евгений Матецкий І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 6 оқушысына мектеп формалары мен сөмкелерін, жеке кәсіпкер Мирас Авдуваитов 3 оқушыға аяқ киім алып беріп, материалдық көмек көрсетті. Осылайша, жаны жомарт жаңашарлық азаматтар бүлдіршіндер мен ата-аналарға қуаныш сыйлады.
Гулшат ЛАВЬЯЕВА,
жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.
Жуырда Қырбалтабай ауылына қарасты Ы.Алтын-сарин атындағы орта мектепте округ әкімдігі мен мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ауыл кәсіпкерлері «Мектепке жол» акциясын өткізді.
Шара барысында «Жолтай» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Жолтай оқу жылы қарсаңында бастауыш сынып оқушыларын бір қуантып тас- тады. Қожалық басшысы оқушыларға, тұрғындарға ақ-шалай, заттай көмек берді. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жанұя балаларына мектепке қажетті заттарын алып берді. Жаз бойы демалып, мектепке асыққан оқушылардың қуанышын еселеген ауыл кәсіпкері ата-аналар мен бүлдіршіндердің алғысын арқалады.
Хадиша ҚОҚЫМБАЕВА, Қырбалтабай ауылы.
Дави на газ!
Индустриализация и диверсификация экономики неотделима от роста создания условий для жизнедеятельности предприятий и населения. На это направлена политика регионального развития Казахстана, повышения региональной занятости и качества жизни жителей в центрах экономического роста агломераций, объединяющих малые города и сельские регионы вокруг больших городов.
Реализация инвестиционных проектов по диверсификации экономики малых городов напрямую зависит от состояния коммунального сектора.
Вопросы коммунального обеспечения: систем газо-, тепло-, водо- электроснабжения для дальнейшего индустриально-инновационного развития должны решаться в первую очередь.
Внедрение инвестиционных проектов инженерной инфраструктуры является основным инструментом развития производственного потенциала, создания дополнительных рабочих мест, роста урбанизации населенных пунктов.
Газификация – важнейшая составная инфраструктурных и инновационно-инвестиционных проектов регионального развития. С участием национального оператора АО «КазТрансГаз» частный инвестор – ТОО «APL Construction» ведет газификацию в регионах Алматинской области. В 2016 году ТОО «APL Construction» завершил газификацию г.Жаркента и приступил к монтажу газовых сетей в Енбекшиказахском районе.
В ноябре 2016 года состоялась встреча инвесторов проекта газификации – ТОО «APL Costruction», проектировщиков ТОО «ТС-Group» и строителей-подрядчиков ТОО «Зенит-ТВК» с руководством г.Есика, представителями местного самоуправления, председателями КСК, квартальных, уличных, домовых комитетов. На встрече инвесторы сообщили о сроках выполнения проекта, условиях подключения предприятий и частного сектора к газовой сети. С районным акиматом заключен меморандум о сотрудничестве, в соответствии с которым исполнительная власть оказывает компании содействие в отводе территории под газопровод и обеспечивает организационную поддержку проекта в соответствии с постановлением Правительства РК «Об утверждении Генеральной схемы газификации Казахстана на 2015-2030 годы» и с региональной программой комплексной газификации Алматинской области.
Весной 2017 г. строительная организация завершила монтаж газопровода на г.Есик и с.Тургень и установила там газорегуляторные пункты блочные (ГРПБ), от которых началась прокладка внутриквартальных газовых сетей. От газорегуляторных пунктов с.Тургень сделаны отводы на другие села Есикского региона. Также заканчивается прокладка газопровода к с.Шелек.
ТОО «APL Construction» открыло офис в здании районного акимата, где ведет прием заявок на подключение от предприятий, учреждений и жителей частного сектора. Мы встретились с директором филиала ТОО «APL Construction» в Енбекшиказахском районе Чингисом ТЛЕУБАЕВЫМ, чтобы узнать, какими темпами пойдет процесс подключения абонентов.
– Чингис Аскарбекович, известно, что внутригородская сеть Есика протянется в трех направлениях: первое – ул. Орымбетова, Островского, Уалиханова, район ДСУ-1; второе – по ул.Алматинской и выше; третье – в сторону Рахатского сельского округа. Какой район города будет подключен уже в текущем году?
– Планируем подключить в октябре 900 абонентов на улицах нижней части Есика в квадрате ул. Алматинской, Островского, Ломоносова. Полная газификация города пройдет в течение двух лет. Внутриквартальные сети от двух ГРПБ охватят весь Есик. Чтобы проложить газопровод низкого давления (потребительский), также будет установлено десять шкафных газорегуляторных пунктов.
– Каковы условия подключения абонентов?
– Основным условием является пре-доставление правоустанавливающих документов на домостроение и земельный участок, а также соответствие дома техусловиям: чтобы помещение, где будет установлено газовое оборудование, соответствовало требованиям противопожарной безопасности. Мы также поможем абонентам подобрать отопительные котлы, но надо будет приобретать их за отдельную плату. По желанию котел можно купить самостоятельно, но требуется главное – к установке допускается только сертифицированное газовое оборудование, занесенное в госреестр РК.
У жильцов многоэтажных домов есть выбор – либо индивидуальное подключение квартир, либо установка общего отопительного котла. Внутридомовая газовая распредсеть многоэтажек должна соответствовать техническим требованиям, чтобы ее не пришлось менять.
– Как обеспечивается безопасность подачи газа?
– На газопроводе абонента устанавливается сигнальная система (сигнализатор), которая при малейшей утечке газа автоматическии перекрывает доступ газа. Так что пользование трубопроводным газом намного безопаснее, чем баллонным.
– Во сколько абоненту обойдется данная услуга?
– Стоимость подключения двух точек в частном доме – газовой плиты и отопительного котла – 350 тысяч тенге. В сумму оплаты включен счетчик, материал и монтажные работы. Абонент может внести полсуммы, подавая заявку, половину при непосредственном подключении. Оплатить услуги по подключению можно через банки второго уровня или АО «Казпочта». Мы понимаем – средства есть не у всех. Сейчас руководство ТОО «APL Construction» совместно с Евразийским банком решает вопрос о предоставлении потребителям целевых кредитов по минимальной процентной ставке.
– Кто будет заниматься эксплуатацией газовой сети?
– В дальнейшем ТОО «APL Construction» берет на себя эксплуатацию газовой сети и услуги по подаче газа потребителям. Обслуживать сети и абонентов будет эксплуатационная служба.
– Вопрос, интересующий пожалуй всех – экономичнее ли отопление газом в сравнении с печами на угле, жидком топливе?
– Безусловно экономичнее. Абонент ведь платит по счетчику и не тратит лишнего. И, сразу замечу – экологичнее, без загрязнения придомовой территории, улиц шлаком, вырубки деревьев на дрова.
– Есть ли в Есике такие счастливчики, кто уже пользуется газом из газопровода?
– В апреле мы провели тестовое подключение дома семьи Маркедон по ул. Островского. Претензий от них не поступало, только благодарности.
И.ТУРАНИН.
На фото: директор филиала ТОО «APL Construction» в Енбекшиказахском районе Чингис Тлеубаев: вот-вот для вас откроем газ!
Первый счастливчик – Наталья Маркедон, уже пользуется плодами газификации.
«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады... Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер». Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы турасында айтқан ойлары. «Ер – ел үшін туады» деген нақыл бекер айтылмаса керек. Облысымызда алғашқы болып Елбасының «Туған жер» бағдарламасын іске асырған Сабировтар отбасы Ащыбұлақ ауылындағы саябақтың құрылысын аяқтады. Игі шараға арнайы келген облыс әкімі Амандық Баталов Қазақстан ауылындағы әкімдік ғимаратының құрылысымен танысып, Есік қаласындағы 600 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты.
Өңір басшысы Амандық Баталов, орынбасары Жақсылық Омар, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Amal-Bio» компаниясының директоры Динара Рүстембаева бастаған құрметті қонақтар алдымен саябаққа ағаш көшетін отырғызып, ауыл балаларына сый-сияпаттарын үлестірді. Кейіннен, көпшілік алдында сөз сөйлеген Амандық Ғаббасұлы Ащыбұлақ ауылының тұрғындарын қуанышымен құттықтады:
– Елбасы бастамасының арқасында бүгінде елімізде қаншама жақсылықтар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – өзіміз бас қосып отырған осы саябақ. Осы демалыс орны жаны жомарт азаматтарымыз Асқар Сабиров пен Динара Рүстембаеваның арқасында бой көтерді. Алғашында Асқар Сабиров маған ауылдың жолдарын жөндеп, электр желілерін жаңартуға үлесімді қоссам деген ұсынысымен келген болатын. Алайда, аталған жұмыстар бюджеттің есебінен іске асырылатындығын айтып, оның орнына ауылға жастар алаңын, саябақ салуды ұсындым. Аз ғана уақыттың ішінде, міне, нағыз патриоттың жасаған еңбегінің жемісін көріп отырмыз.
Сондай-ақ, Сабировтар отбасы кәсіпкерлік пен бау-бақшаның дамуына зор үлесін қосуда. Осыдан үш жыл бұрын мұнда 48 гектар жерде бақ болса, қазіргі таңда 150 гектардан асып-жығылады. Алдағы уақытта алманы өңдейтін зауыттарды іске қосуды жоспарлап отыр. Яғни, сіздер үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Облысымыздың экономикасы артады – деп, облыс халқының атынан Сабировтар отбасына алғысын жеткізіп, жұртшылықты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру негізінде «Туған жер» бағдарламасы аясында Ащыбұлақ ауылындағы саябақты қалпына келтіргені үшін Сабировтар отбасына Алғыс хат табыстады.
– Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын дәл осы жерде саябақты қалпына келтіру жұмыстарын бастаған болатынбыз. Енді, міне, демалыс орны баршаңызға есігін айқара ашты. Біз жастарға жағдай жасадық. Ендігі кезекте, осы жерде ойнап, спортпен шұғылданып, концерттік шараларды өткізу – сіздердің міндеттеріңіз. Алдағы уақытта Қазақстан, Ж.Қайыпов ауылдарында да осындай демалыс орындарын жасақтауды жоспарлап отырмыз – деп сүйінші хабарын жеткізген Динара Рүстембаева ауылдың спортшы жастарына арнайы сыйлықтарын тапсырды. Ауыл ақсақалы Едіге Сапаев ақ батасын беріп, ақ тілегін жеткізді. Шара соңында аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Айта кетейік, аумағы 1 гектар болатын саябақты қалпына келтіруге 30 млн теңге қаржы жұмсалған. Мұнда шағын футбол алаңы және дене шынықтыру алаңдары орналасқан. Оған қоса, ауыл бүлдіршіндеріне де жағдай жасалған. Балаларға арналған екі бірдей алаң бар. Сахна мен көрермендерге арналған орындар да назардан тыс қалмаған. Гүлзар мен сәнді ағаштар отырғызылған бақ ішінде 16 орындық қойылған. Осындай жақсылықты жүзеге асырған Сабировтарға ризашылығын білдірген облыс әкімі Қазақстан ауылында салынып жатқан әкімдік ғимаратына ат басын бұрды. Жалпы құны 88 млн 200 мың теңге болатын нысанның құрылысын «Аль-таир» ӨК жүргізуде. Аумағы 360 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 90 пайызға аяқталған. Енді тек, ақтап-сырлау жұмыстары ғана қалған. Құрылыс барысымен таныстырған өндірістік кооператив басшысы Сейітхан Қырқынбаевтың айтуынша, барлығы кесте бойынша жүзеге асырылуда. Нысан құрылысы уақытында аяқталады.
Қазақстан ауылдық округіндегі жақсылықтарға куә болған Амандық Баталов аудан орталығының төменгі жағында орналасқан саяжай маңындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты. Көптен күткен оқу ордасына қол жеткізген тұрғындарды, ұстаздар мен оқушыларды құттықтаған Амандық Ғаббасұлыі:
– Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бой көтеріп отырған мына мектеп – бүлдіршіндеріміз үшін. Солардың сапалы, заман талабына сай білім алып, еліміздің өркендеуі жолында тер төгуі үшін – деп облыстағы білім саласына тоқталып өтті:
– Бүгінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 82 жоба іске асырылып, оған 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Мұндай қаржы республика бойынша Алматы облысына ғана бөлінген. Соның арқасында өңірімізде 45 мектеп салынып жатыр. Оның ішінде, бүгін 24 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. 12 нысан жыл соңына дейін іске қосылады. Облысымызда биыл 49 мың бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Бұл дегеніміз бір қаланың тұрғындары бірінші сыныпқа барады деген сөз. Ал осы балаларға жағдай жасау – біздің міндетіміз – деді. Сонымен қатар, еліміздің даму қарқынын шетелдермен салыстырған Амандық Ғаббасұлы Ресейдегі білім саласын сөз етті. Айтуынша, 1 жылда Ресей Федера-циясында 70-тен астам мектеп салынады. Ал тек Алматы облысының өзінде осы жылы 45 мектептің құрылысы басталды. Яғни, осы қарқынмен таяу арада апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін жоятын боламыз. Келесі болып сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері, ауданымыздың құрметті азаматы Солтанбай Жарықбасов ақ батасын берді. Ғимарат ішін аралаған құрметті қонақтар құрылыс сапасына оң бағасын берді. Құны 1,4 млрд теңге болатын мектепті «Жөндеу-Құрылыс» ЖШС салған. Екі қабатты ғимаратта мультимедиялық-лингафондық, биология, физика, химия, информатика кабинеттері заман талабына сай жасақталған. Мектеп директоры Бибігүл Букаеваның айтуынша, қазіргі уақытта 80-нен астам ұстаз өз жұмыстарын бастап та кеткен.
Жүздері бал-бұл жанған балалар өнерлерін көрсетіп, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер өздерінің жаңа мектебінің алғашқы қоңырауын соқты. Аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осыған дейін Есік қаласындағы және Бөлек ауылындағы мектептерге қатынап оқыған саяжайлық оқушылар мен олардың ата-аналарының қуанышында шек жоқ. Мемлекет бізге жағдай жасады, енді біз елімізді өркендету үшін сабағымызды жақсы оқып, білікті маман атанамыз дейді оқушылар.
Сардарбек НҰРАДИН.
Показать свои творческие способности, в этом году смогут 16 молодых семей Жетысуского края. По установленным правилам конкурса, семьи, в которых есть профессиональные певцы, танцоры и артисты театра, принять участие в состязании молодых семей «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» не смогут. Это служит своего рода доказательством прозрачности и честности конкурса. Об этом на брифинге Региональной службы коммуникаций рассказал руководитель Алматинского областного управления по вопросам молодежной политики Айдын Нурмухамбетов.
Данный конкурс впервые был организован в 2012 году. И стал хорошей традицией для региона. Сегодня он проводится в 6 раз. Он состоит из 5 этапов: «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер», «Таныстыру», «Өнерліге өріс кең».
Как отметил руководитель управления, настоящий конкурс призывает молодежь уважать и сохранять семейные ценности, пропагандировать здоровый образ жизни, развивать традиции и обычаи казахского народа.
«Теплая традиция региона «Жас отау», сегодня имеет свою широкую аудиторию и теплую атмосферу. Сохранять и развивать ее, нам помогают наши молодые семьи, которые становятся примером, показывая самое ценное для любой семьи – это их любовь и единство. Состязание состоит из нескольких этапов, где необходимо рассказать о своей семье, подготовить творческое выступление и показать кулинарные способности. Мы стараемся, чтобы каждый раз, конкурс проходил в новом для участников месте. Именно поэтому, в прошлом году соревнования проходили на зоне отдыха Асмадирус, поселка Балпык би Коксуйского района. А в этом году, он пройдет на зоне отдыха Ерасыл, в городе Талдыкорган», - говорит Айдын Нурмухамбетов.
Региональная служба коммуникаций Алматинской области
Жақсыны көрмекке,
Керекті термекке,
Өнерді, ғылымды
Үлгі етіп бермекке.
Кеңес заманында Мәс-кеуде ВДНХ деген болды. Всесоюзная выставка достижений народного хозяйства. Алматыда да Халықшаруашылығы же-тістіктерінің көрмесі болды. Әуезов, Тимирязев көшелерінің қиылысында. Менің ойымша ол көрмелерде қол жеткен жетістіктер дәріптелді, озат тәжірибе насихатталды. Ал ЭКСПО көрмесінің тарихын, мақсатын жазбай-ақ қояйын – жеткілікті көлемде ақпарат құралдары бұл тақырыптың мазмұнын ашудай-ақ ашты.
Сонымен «ЭКСПО-2017» көрмесіне жол түсіп, тамыздың тамылжыған әдемі бір күні жүрдек «Тальгодан» түсе салып, ағайыннан бір шайды іше салып, сол туыстарды ертіп алып, ЭКСПО-ның қақпасына да аттың басын тіредік. Менің Қайролла құдам айтушы еді «Тәшкеннің вокзалында өзбек ака көк шайды рахаттана ішіп отырса керек. Сол кезде оның отырмақ болған пойызы ақырын жылжып жөнеле бергенін көрген көршісі «Ака пойызың кетіп барады» десе: «шыптам (билет) қалтамда – пойыз қайда барар дейсің» – деген екен. Сол айтқандай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен қалтаға қос билетті басып келген бізге көрме аумағына кіру қиындық туғызған жоқ. Ал Астанада тұратын жолдас-жоралар, ағайындар кассаға кезекке тұрып сол шыпта билетті алғанша біраз уақытты жоғалтып алдық. Қазақстанның жартысы, ғаламдық туристердің ширегі ЭКСПО-ның маңайында ма дерсің? «Мен қызыма келдім, мына нөпір халық Алматыда не іздеп жүр? – депті бір қартаңдау әйел үлкен қаланы бірінші рет көргенде. ЭКСПО-ға адам келмей қалады, – деп жан-жақтан жарнама төгіліп еді-ау редакциямызға, ақпарат құралдарына. Енді көріп тұрғанымыз басқаша көрініс.
Арнайы келген көрменің бір күндік билетімен экспозицияларды аралауды ЭКСПО-ның – «қожайыны» – Қазақстан Республикасының «Нұр-Әлем» павильонынан бастадық. Бірден айтып кетейін, көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын терең де жан-жақты ашқан осы біздің павильон екенін елдің бәрінен естідік. Ағылшыншам аздау болғасын орыс тілін білетін еуропалықтардан, түбіміз бірге түркі тілдес азиялық ағайындардың пікіріне сай: күннің-судың, желдің, ең аяғы биологиялық энергияның қолдану жолдарын көрнекі құралдармен көрсетіп қана қоймай, ғылыми-экономикалық негіздемелерін де қысқа да нұсқа тілмен көрсетіп қойғаны да, аудио, видео дегендей құлаққа құйып, көзге, көңілге қондырып беріп жатты көрме қызметкерлері. Ал біздің мемлекеттің павильоны «Нұр-Әлемнің» ішінде де сыртында да, жалпы ЭКСПО-ның аумағында көрмеге келген келушілердің үлкен-кішісіне аяқ-қолы бүтін тұрғындар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ішкі-сыртқы туристерге жасалған жағдайларды сөзбен жеткізу қиын. Бәрі де сақадай-сай, «ләббәй, тақсыр»,«қош келдіңіз» дегендей.
Сонымен өзі қысқа күннің жартысы «Нұр-Әлемге» кеткенмен жеті-сегіз мемлекеттің павильондарын аралап салыстыруға мүмкіндік болды. ЭКСПО-ның халықаралық басқарушы органы өз қорытындысын шығара жатар, өз бағасын да берер. Ал қарапайым көруші ретінде айтарым: мемлекетіміз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын таңдағанда болашақ ұрпақтардың мүддесін ойлап қана қоймай, нақты ұсыныстар, нақты шаралар жобасын жасауға қозғау салғаны айдан анық. Оған дәлел: ЭКСПО-2017 аясында Астанада өткізіліп жатқан «Болашақ энергиясы» форумы. Тиімді инновациялық жобалар да, ғылыми тұрғыда негізделген іскерлік бас-тамалар да бұл күндері өте белсенді түрде ұсынылып жатқаны байқалды.
Иә, көмірдің де, газ бен мұнайдың да қоры түптің түбінде таусылады. Ал жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалану – қоршаған ортаға, экологияға мейлінше аз зиян келтіру жолы және сол энергияның таусылмас көзі екенін өмір дәлелдеп отыр. ЭКСПО-ның тақырыбы да, әлемді елең еткізген көрменің көріністері де осы турасында.
Сөз соңында айтпағым жаңғыртпалы энергия көзі – күн сәулесінен су қыздыратын қондырғының көмегімен отбасы болып пайдаланып отырғанымызға төртінші жыл болды. Содан бері бұл қондырғыны қоюға жұмсалған қаржы бірнеше рет ақталды.
Ал ЭКСПО-2017 тақырыбын алып әлемге актуалды мәселені бүгі-шігесіне дейін көрсете білген бас қаламыз Астананың еңбегі зор. Астана ұғымының астында еліміздің басшылары, ғалымдар мен іскер азаматтар, осы көрмені ұйымдастыруы жолында тер төгіп, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей еңбек еткен азаматтар. Бұған енді баға берер биіктегі билік пен өз еліміздің, өзге мемлекеттердің халықтары.
Хайролла АХМЕТЖАНОВ,
Қазақстанның құрметті журналисі.
Суреттерді түсірген
Руслан
АЛЬЖАНОВ.
Дәстүрлі тамыз кеңесі биыл жаздың соңғы айының 28-іне тұрақтады. «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» деп айдар таққан кеңеске әдеттегідей аудан басшысы Бинәлі Ысқақ арнайы келіп, білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді таразылады. Сонымен қатар, келелі кеңеске аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов те қатысты. Алдымен Бинәлі Әбдіқапасұлы бастаған аудан басшылары білім бәсекесінде бәсі жоғары болған мектептердің көрмесін аралады. Білім бөлімінің соңғы жылғы инновациялық жетістіктерімен танысты. Сөйтіп, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаевтың жүргізуімен кеңес өз жұмысын бастады.
Жыл өткен сайын білім саласына мемлекет қолдауы ұшан-теңіз. Бұл қазіргі қоғам білектің емес, білімнің күшіне сенетіндігін және соған тәуелді екенін айғақтаса керек. Айталық, ауданымыздың өзінде соңғы үш жыл ішінде бұл сала бюджеті 6 млрд теңгеге артқан. Биылдың өзінде 12 млрд теңгеден астам қаржы негізгі саланың несібесіне бұйырған.
Сонымен қатар жылдың жағымды жаңалығының бірі – Шелек пен Есіктегі екі білім ошағын қосқанда 86 мектеп өз жұмысын бастамақ.
Алғаш мінберге көтеріліп, өткенді таразылаған аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова сөзін Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласындағы «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген ойымен бастады. Кейіннен білім бөліміне аудан тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтарды тізіп айтты. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, 417 млн теңгеге оқушылардың 98 пайызы кітаппен қамтылған. Әрі 33 білім беру мекемелеріне 148 млн теңгеге жылжымалы қазандық сатып алынған. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының 66 пайызы кеңжолақты интернет желісіне қосылған. Бұның өзіне соңғы үш жылда 86 млн теңге жұмсалған. Сондай-ақ, 3500-ге жуық баланы мектепке тасымалдауға 101 млн 719 мың теңге бөлінген. «Жақсы іс – көрмекке» демекші, ЭКСПО көрмесін 605 оқушы мемлекет қаражатынан көріп қайтты. Бәрі де үздік, жетім, жартылай жетім, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары.
Иә, 47 мыңнан астам оқушы биыл мектеп табалдырығын аттамақ. Оларды тәрбиелейтін мұғалімдердің дәрежесі нендей? Сұраққа бөлім басшысы былай жауап берді:
– Облыс көлемінде онлайн режимінде және тұрақты семинарларда 12 мұғалімнің тәжірибесі таратылды. Соңғы 3 жылда аудандық әдістемелік кабинеттің ықпалымен 14 педагогтің авторлық бағдарламалары облыста бекітіліп, оқу үрдісіне элективті курстар енгізілуде. 2017 жылдың өзінде ауданның 21 педагогті түрлі облыстық байқауларда жеңімпаз болса, Абылай хан атындағы, АБайтұрсынов атындағы, Бөлек батыр атындағы, П.Вихрев атындағы, Әймен, Қойшыбек, Қ.Орынбетов атындағы, О.Мухаммади атындағы, Нұрлы, Н.Бубенцов атындағы, Әл-Фараби атындағы, Көктөбе, Жаңашаруа, Балтабай, Т.Әубәкіров атындағы орта мектептерінің мұғалімдері облыстық пәндік олимпиадаларында ІІ және ІІІ орындарды иеленді.
12 жылдық білім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Сол себепті соңғы жылдары педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде түбегейлі реформа жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында 1792 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2017-2018 оқу жылында кезеңмен келген сыныптарға сабақ беретін 1025 мұғалім арнайы курстарда өз білімдерін жетілдіріп, біліктілік емтихандарының нәтижесінде сертификаттарға ие болды. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде жүргізуге дайындау барысында 67 пән мұғалімдері біліктіліктерін арттырды. 2012 жылдан бері жаңа жүйе бағдарламасы негізінде 602 мұғалім мен 43 мектеп директоры біліктіліктерін жетілдірді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 360, ал 2019 жылдың соңына дейін педагогтардың 100 пайыз курстан өтуі жоспарлануда. Сонымен көңілі күпті болған жайтты да атады Бәтес Маратқызы: Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің тілдік стандарт минимум деңгейін бақылау мақсатында өткізілген тестілеу қорытындысы бойынша 20 мұғалімнің деңгейі ауызекі тіл көлемінде болса, 4 мұғалімнің тестен өте алмауы баршамызды алаңдатады. Ұстаз нәтижесі осындай болғанда, шәкірттен қандай білім сапасын күтеміз?! – деді. Сонымен қатар биылғы жаңалықты да жария етті:
Ағымдағы оқу жылынан бастап 2,5,7-сынып оқушылары жаңа стандарт бойынша білім алып, бескүндік оқу аптасына көшеді.
Бүгінде ресми мәліметтерге сүйенсек, биылдың өзінде 2014 жас маман жұмысқа тартылған. Маман мәселесіне келгенде бөлім басшысы қынжылысын жасырмады: «Аудан бойынша 22 мектепте логопед-деффектолог мамандықтарына штат берілген. Алайда, бергенін қармап қалайық деген мақсатпен қажеттіліктерін ескермей кейбір мектеп басшылары мамандарды алып алған. Қажетсіз маман оқу-тәрбие үрдісінде немен айланысуы мүмкін? Осыдан барып түсінбестік пайда болып, арыз- шағым туындауына жол береміз, – деді. Қорытынды сөзінде жоспарлы аттестаттаудан өтпей қалған мектептерді сынады:
Жамбыл атындағы, Көлді орта мектебі кезекті жоспарлы аттестаттаудан өте алмай, қайта аттесттаттау кезінде максималды балл жинап өтуі сын көтермейтін жайт, – дей келе нақты тиісті тапсырмаларын берді.
Баяндаманы талқылауға шыққан Түрген округінің әкімі Бота Елеусізова, Көктөбе орта мектебінің директоры А.Талқанбаева, «Келешек» балабақшасының меңгерушісі Қарлыға Жүнісова, Х.Бижанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Валентина Юрьевна, И.Шорманов атындағы орта мектебі ата-аналар комитетінің төрайымы Гүлнәр Әділбаева, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Римма Сағидуллаева «Жаңашыл адамды жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелей алады» деп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған идеялар төңірегінде әңгіме тиегін ағытты. Жас ұстаздар атынан сөз алған ағылшын пәні мұғалімі Әсел Тоғанбаева: – «Қайда бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан соқпайды. Сондықтан біздің бағытымыз айқын, бағдарымыз белгілі: ой жарыстыратын заманда тәлімді, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Осы ретте жас ұстаздарға риясыз қолдау көрсетіп отырған аудан әкіміне алғысымызды білдіреміз» деп түйді ойын.
Қорытынды сөз алған аудан әкімі Бинәлі Ысқақ: – Егемен ел болған 26 жылда білім мен ғылым саласында қол жеткен жетістіктерімізді бағалай отырып, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруді әлемдік дәрежеге жеткізуге ұмтылу – баршамыздың қоғам алдындағы ортақ міндетіміз деп білеміз. Біз жылдам дәуірде өмір сүрудеміз. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек, кәсібін неғұрлым киналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» деп атап көрсетіп, біздің алдымызға уақыт талабына сай болуы үшін жаңа да, күрделі міндеттерді қойды. Сондықтан білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашанда ең басты міндеттердің қатарында, – дей келе, биылдың өзінде білім саласына көрсетілген қамқорлықтарды тізіп айтты. Әкімнің сөзіне сүйенсек, соңғы жеті жылдың ішінде ауданымызда 16 білім ошағы бой көтерген. Оның тоғызы ескі ғимараттар орнына салынса, бесеуі жаңа мектеп, екеуі Шелек пен Есіктегі екі жаңа балабақша. Әрі 346 млн теңгеге мектептердің материалдық-техникалық базалары нығайтылған.
Нәтижелі жұмыс желісі балабақшаларда да жалғасын табуда. – Бала – болашағымыз десек, келер күніміздің келісті болмағы үшін қазірден қамданғанымыз абзал. Бүгінгі таңда ауданымызда «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік» бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту жұмысы қарқынды жүргізілуде. Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің күшін біріктіріп, ынтымақтаса жұмыс істеудің арқасында өткен жылы 8 жаңа балабақша ашылса, оның бесеуі кәсіпкерліктікі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы да 12 жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы ашылып, аудан тұрғындарына қуаныш сыйлайтын болады, – деді әкім. Өткенді саралап, салыстырып көрелік, осыдан жеті жыл алды мектепке дейінгі бүлдіршіндерді оқу және тәрбиемен қамту 47 пайызды көрсеткен-тін. Биыл аталған балабақшалар ашылған жағдайда қамту пайызы 95,6 пайызға жетпек. Демек, «Алмақтың да салмағы бар». Сол секілді қаражаттың да қайтарымы болуы тиіс. Бұл тұрғыдан ой өрбітсек, биыл 74 «Алтын белгі», 51 үздік аттестат иегерлері мектебімен қоштасты, оның 72-сі мемлекеттік грант алып, студенттік өмірмен достасты. Бәрекелді! Әйткенмен, бас бармақты көтеруге әлі ерте. – Әттеген-ай, деген тұстарымыз аз болған жоқ. Биылғы жылы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріп, түлектің жоғарғы оқу орнына түсу жауапкершілігінен арылғандай болған мектеп ұжымы оқушылардың дайындығына салғырт қарап, басшылық пен бақылауды босаңсытып алды. ҰТБ қорытындысы бойынша Сарыбұлақ, Толқын, Нұрлы, Т.Қабылов атындағы, О.Мухаммади атындағы орта мектептердің көш соңында көрінуі сын көтермейді. Аталған мектептердің ұжымы мен мектеп басшылары тығырықтан шығудың жолын табуды ойлануы қажет. Сондай-ақ, Ақбастау мектебін бітірген түлектердің бірде-бірінің жоғарғы оқу орнына түсіп, білікті маман болуға ұмтылмауының себебін мектеп директоры қалай түсіндіреді? Бұл сын әр жыл сайын айтылумен жауыр болуда. Енді нақты шара қолданудың кезі келді деп ойлаймын. Егер басшы оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыру алмаса, білім сапасын көтеруде қабілетсіздік танытса, басшылық қызметткен кету керек деп білемін. Осы ретте Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі» – деп нақты айтты, – деп замана көшінен қалмай, әлемдік сапа мен меже тұрғысынан тұралап тұрмауды міндеттеді.
Иә, бұл тұрғыда «Біз мектеп үшін емес, өміріміз үшін оқимыз» деген Рим мақалы ұстаздарымыздың ұстанымы болса екен деп астын сызып айтып берді. Кейіннен үштілді білім беруге ерекше назар аудару керектігін сөз етті: – Үштіллі оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Халқымызда «Ұстаң көштен қалса, көп болса желімді тостақсыз қаларсың. Ал Ұстазың көштен қалса, білімді ұрпақсыз қаларсың» – деген өсиет бар. сондықтан ұстаздарымыздың ағылшын тілін жетік меңгеруі үшін біліктілігін арттыру қажет екендігі белгілі. Осы қажеттілікті жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, мұғалімдердің біліктілігі арттырылуда. Енді ұстаздар қауымына қарата айтар тілегім, алған білімдеріңізді қарайтып алмай, ары қарай дамытып, болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде тиімді пайдаланыңыздар, – деген аудан басшысы аудандық білім бөлімі, округ, қала әкімдері мен мектеп басшыларына нақты тапсырмасын да берді:
– Біз бүгінгі басқосуымызда білім саласында атқарылып жатқан істерімізді қорытынды-лап, болашаққа бағдар жаса-дық. Осы жүйені кешенді жолға қоюдың тиімділігі мен нәтижелігіне көңіл аудардық. Жіберген кемшілігімізді мойындау – атқарған жұмысымызды сыни бағалауға әсерін тигізіп, болашаққа мақсатты жоспар құру мүмкіндігін береді. Болашаққа негізделген стратегияларды жүзеге асыру барысында биылғы оқу жылында айқын мақсаттарға негізделген төмендегі міндеттерді жүктеймін: біріншіден, мемлекеттік білім стандартын жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру. Екіншіден, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының заманауи білім технологиялары мен оқыту тәсілдерін қолдану тәжірибелерін жалпы білім беру мекемелеріне енгізу жұмыстарын жандандыру. Үшіншіден, орта білім беру саласындағы білім мазмұнын жаңарту және үш тілде оқу бағдарламаларын енгізу негізінде педагогтың кәсіби біліктілігін арттыруды жалғастыру. Төртіншіден, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру мекемелерінің желісін жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы дамыту. Бесіншіден, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Туған жер» бағдарламасын орындауға балаларды, ата-аналарды тарту және рухани тәрбие беру мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу. Алтыншыдан, осы бағдарлама аясында қосымша білім берудің өлкетану, техникалық бағыттарын қамқоршылық кеңес құру, меценаттарды тарту арқылы дамыту. Жетіншіден, білім мекемелерін қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орнын бітірген ауыл азаматтарын туған ауылына қайтару арқылы мамандармен толықтыру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырамын. Біз ынтымақтаса отырып, күш-жігерімізді нәтижеге бағыттасақ, алар асуымыз бен бағындырар шыңымыз биік болмақ.
Жиын соңында өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, білімді ұрпақ тәрбиелеуде табысты еңбек еткен ұлағат иелерін марапаттады Бинәлі Әбдіқапасұлы. Сонымен «Үздік педагогикалық ұжым» номинациясымен «Айжан», «Алтынай» балабақшалары, Қ.Сәтпаев атындағы, И.Шорманов атындағы, Б.Момышұлы атындағы, В.Терешкова атындағы, Х.Бижанов атындағы, А.Жексембеков атындағы, Көктөбе орта мектебі және қазақ-түрік лицейі марапатталды. Ал Нүрзия Габдрашева білім және ғылым министрінің алғыс хатын иеленді.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі Жапон павильонына келушілер саны 16 тамыз күні 500 000-нан асты. Әр түрлі елдердің саяси және бизнес әлемінің саңлақтары, кішіден бастап үлкенге дейін Қазақстан тұрғындарымен бірге әлемнің түпкір-түпкірінен де көптеген қонақтар келіп жатыр.
Жапон павильонының 500 000-шы келушісі Қостанай облысы, Рудный қаласынан келген Амангараев Нұрым және оның отбасы болды. Амангараев Нұрым павильонды көргеннен кейін, келесідей өз әсерімен бөлісті: «ЭКСПО көрмесін көру үшін түнгі пойызбен келдік. Жапон павильонына осындай ерекше сәтте келгенімізге өте қуаныштымыз. Жапон павильоны жайында айтатын болсам, ойлағанымыздай Жапония шынымен жоғары технологияларға бай ел екеніне көзіміз жетті».
Жапон павильонына келушілер саны 500 000-нан асып, Жапон павильонының директоры Щибамото Хидэкадзу келесідей сөз сөйледі: «Жапонияның танымал жоғары технологиялары туралы ғана емес, жапондардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы және табиғаты мен мәдениеті жайында барынша көптеген адамдар білсе екен деген ойдамыз».
Қоғаммен байланыс департаменті.
Құрметті аудан тұрғындары!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің басты парызымыз – Конституцияға ұқыпты қарап, өз елімізді, тарихымызды қалай құрметтесек, оны да солай құрметтеуіміз қажет» – деген еді.
Конституция күні – мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. Осыдан 22 жыл бұрын қазақстандықтар жаңа Ата Заңымыздың қабылдануы үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Осылайша халқымыздың ғасырлар бойы асыл арманы жүзеге асып, егемен еліміздің Ата Заңы дүниеге келді.
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасып, Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Бүгінде Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет.
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.
Тұрғындардың саулығы жолында еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал андардың ерлігі орасан. Солардың бірі – антына адал, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен
қарайтын Ақбастау дəрігерлік амбулаториясының терапевт дəрігері Қуанышбай Беласаров.
Күннің ыстық-суығына қарамай, науқасқа алғашқы дəрігерлік көмек көрсетіп, ақбас-
таулықтардың алғысын арқалап жүрген азаматтың деніне саулық, отбасына амандық тілеймін. Ел игілігіне қызмет етіп, əрқашан жанымыздан табылғаныңызды қалаймыз.
Болат АСРАНДИЕВ, емделуші.
«Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады... Қазақ даласында ислам дінін орнықтырғандардың бірі – данышпан бабамыз Ахмет Йассауи осы жағдайларды ескере отырып, түркі жұртындағы ислам дәстүрлерін қалыптастырады. Осы дәстүрмен, мінеки, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы өздерінің ұлттық сана-сезімдерін байланыстыруда. Сондықтан ұлттық сипатқа айналған дәстүр мен дүниетанымымызға сырттан келіп, түзету жасағысы келетіндерге жол бере алмайтынымызды ашық айтамыз» – деген еді Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері» атты кітабында. Рас, бүгінде асыл дінімізді құртып, мұсылмандар арасында іріткі салғысы келетіндердің қарасы көбеюде. Ал бұл келеңсіздіктің алдын алудың бірден-бір жолы – халық арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, адасушыларды дұрыс жолға салу. Осы орайда жақында Талдықорған қаласындағы жастарға қызмет көрсету орталығында «Діни идеологияны таратуға қарсы тұруға және конфессияаралық қатынастарды сақтауда БАҚ рөлі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
Аймақтағы діни тақырыпта қалам тербеп жүрген тілшілердің басын қосқан шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов, «Білім» білім беру мәдениет орталығының директоры Руслан Иржанов, РАНТ мүшесі, «Нұрлы білім» деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, теолог Рүстем Сыздықов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, теолог Расим Челидзе және ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жаныс Сапарғалиев қатысты. Жиынды жүргізген Рахмет Есдәулетов теріс діни ағымдарға қарсы тұрудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі орасан зор екендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, төртінші билік өкілдерін осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Алғашқы болып сөз тізгінін алған Руслан Иржанов ақпараттық соғыс жайында әңгіме өрбітіп, бүгінгі теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттарын атап өтті:
– Баршамызға белгілі, арамыздағы жүрген бірнеше бауырларымыз жат ағымның жетегінде. Олар өздерінің істерін дұрыс санап, бізді «кәпірге» теңейді. Бұның астарында дін емес үлкен саясат жатыр. Осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген қытай қолбасшысы елді соғыссыз жаулап алудың жолдарын жазып қалдырған екен. Қазіргі таңдағы діни ағымдардың жүргізіп отырған саясаты мен ұстанымы сол қолбасшының айтқандарымен сәйкес келеді. Яғни, іріткі салушылар діни алауыздық туғызып қана қоймай, елді, мемлекетті, ұлтты түп-тамырымен жоюға ықпал етеді – деп мысалмен нақтылады.
Шынтуайтында, ағымның жетегінде жүргендердің мақсаты белгілі – «кәпірлердің» көзін құртып, Ислам мемлекетін құру. Ал олардың негізін қалап жатқан «Ислам мемлекетінің» саясатын көзімізбен көріп жүрміз. Алысқа бармай-ақ, Сирияны алайық. «Жиһадшылар» мұсылмандар мекенін күл-талқан етті. Аш-жалаңаш бала-шаға, қаңғырып пана іздеген босқындар, бауыр етінен айырылған аналар, жақындарын қорғаймыз деп құрбан болған азаматтар. Хақ дініміз мұндай қатігездік пен жауыздықты құптамайды. Алайда, осы жолды таңдаған қаншама отандасымыз ата-анасын боздатып шекара асып кетті. Көрді. Тәубесіне келді. Алайда, бәрі кеш. Мұның барлығы ашық негізде жүріп жатқан ақпараттық үгіт-насихаттың әсері. Бұл бассыздықты тоқтату үшін журналистер қауымы дін өкілдерімен тізе қосып әрекет жасау керек. Бұл турасында да Руслан Самарқанұлы әңгіме қозғады:
– Тілшілеріміз сенсация жасауға асығады. Айталық, осыдан бір жыл бұрын Ақтөбеде болған террористік актіні журналистер жарыса жазып жатты. Тақырыптарын көрсең адам шошиды. «Оразадағы ойран», «Қанды қырғын» деген секілді құлақты елең еткізер тақырыптар. Террористердің көздегені де сол, халық арасында үрей туғызу. Осы арқылы журналистер оларға көмектесіп жүр. Сондықтан, тақырып таңдауда да абай болу қажет. Сенсация жасау керек, бірақ, өз орнымен – деп, жиылған көпшілікке ой тастады. Сондай-ақ, бала тәрбиесі тақырыбына кеңінен тоқталып өтті. Айтуынша, қазіргі уақытта көп ата-аналар қу тірліктің қамымен жүріп, баласының тәрбиесіне көңіл бөлмейді. Ол немен айналысып жүр, кімдермен араласады, қайда барады? Осының барлығын ата-ана қатаң қадағалау керек. Себебі, дұрыс тәрбиеленген бала ешқашан жаман жолға түспейді, ақ пен қараны ажыратып, ешкімнің ала жібін аттамайды. Қысқасы, мұсылман адам террорист, ал террорист ешқашан мұсылман бола алмайды.
Келесі болып «Діни уәжденген экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралардың кейбір ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасаған Рүстем Сыздықов діннің ойыншық еместігіне кеңінен тоқталып өтті:
– Қазір екінің бірі діни мақала жазып, интернетте немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап жатады. Мейлі, мұғалім не дәрігер болсын, өзін діннің маманы сезінеді. Бірақ, бұл – дұрыс емес. Айталық, дін өкілдері математикалық теңдеулерді шешу туралы кітап жазса немесе биолог ақпараттық технология туралы диссертация қорғаса күлкілі емес пе? Сол секілді діннің атынан сөйлеу екінің бірінің қолынан келмейді. Мұнымен тек мамандар айналысуы керек – дей келе смартфондар, компьютерлер мен әлеуметтік желілердің қауіпті екендігін ескертті:
– Кез-келген адам бүгінде кедергісіз ғаламторға қол жеткізе алады. Бұл енді ғана жетіліп келе жатқан жасөспірімдеріміз үшін өте қауіпті. Осыны білген теріс ағым өкілдері неше түрлі қулықтарға барып, жастарымызды тура жолдан тайдыруда. Мұның алдын алу үшін әрбір ата-ана кем дегенде айына екі рет баласының телефонын немесе компьютерін қадағалауы тиіс. Оған қоса, әлеуметтік желілерде түрлі діни әңгімелер мен видеороликтерді тарата бермеуіміз керек – деді. Сонымен қатар, Рүстем Мәлікұлы адамды теріс ағымның қатарында екенін анықтауға болатын бірнеше жолды айтты. Егер жақынымыз дінге қатысты сөздер қолданып, іс-әрекеттері өзгере бастаса, ең бірінші, қай мәзхабта намаз оқитындығын сұрау керек. Теріс жолда жүрген адам мәзхаб ұстанбайды. Сондай-ақ, олар мешіттегі имам мен дін өкілдерінің сөздерін жоққа шығарып, өздерінің «ғалымдарын» ғана тыңдайды. Егер адамдардың басқа ағымның қатарында екенін аңғарсақ, бірден ішкі саясат бөліміндегі дін маманына немесе имамға айтуымыз қажет. Себебі, теріс ағымның алғашқы баспалдағында жүрген адам ертеңгі күні қолына қару алып, «жиһадқа» аттанып кетпесіне кім кепіл? Осы тектес мәселелерді жік-жігімен түсіндірген Рүстем Мәлікұлы көрінген діни кітаптарды оқымауға кеңес берді. Оқуға болатын кітаптарда дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сараптамасынан өткендігі жөнінде ақпарат немесе Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен мақұлданған деген жазу болуы шарт. Олай болмаған жағдайда оқулықты міндетті түрде имамдарға, дін өкілдеріне көрсетіп алуымыз қажет. Рүстем Мәлікұлы ізденбей мақала жазатын журналистер қауымына да ренішін білдірді. Айтуынша, кейбір төртінші билік өкілдері діни материал дайындағанда көбіне ғаламтор көмегіне жүгінеді. Сөйтіп, тапқан ақпаратына мәз болып, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын «ғалымсымақтардың» сөздерін мысал қылып береді. Яғни, өзінің аудиториясын теріс жолға итермелейді. Мұндайда, дін өкілдерімен ақылдаса отырып материал дайындауға кеңес береді мамандар.
– Біз баламызға дұрыс діни бағыт беруіміз үшін, алдымен, өзіміз діннен хабардар болуымыз керек. Әрине, қазір көп ата-аналардың күйбелең тіршіліктен қолы тимейді. Сондықтан ұлттың тұңғыш ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 70 беттен тұратын «Мұсылмандық шарты» деген кітапшасын оқып алсақ, мұсылман адамның мойнына қандай міндеттер жүктелетіндігін білетін боламыз. Және ұрпағымызды соған тәрбиелейміз – деп сөзін қорытындылады Рүстем Сыздықов. «Светскость и свобода вероисповедания» атты баяндамасын оқыған теолог Расим Челидзе және Жаныс Сапарғалиев журналистерді дін өкілдерімен бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Ақпараттық технология дамыған заманда еліміздің егемендігіне кесірін тигізер іс-әрекеттерге бірге қарсы тұру керектігін сөз қылды.
Жиын барысында Рахмет Есдәулетов облыстағы аудандық, қалалық газеттердің діни тақырыпты қозғауда ақсап тұрғандығын ашына айтты:
– Жастарымыздың діни иммунитетін қалыптастыруды қажет етіп тұрған осы уақытта кейбір өңірлік басылымдарымыз діни мәселелерге қалам тербеуге келгенде тосылып жатыр. Кейбір аудандар түрлі діни тақырыптарды қамтыған мақалаларын ұсынса, кейбір өңірлер «сен тимесең, мен тименің» күйін кешуде. Бұлай болмайды. Бәріміз бірігіп, деструктивті діни ағымдарға қарсы тұруымыз керек – деп, алдағы уақытта тізе қоса еңбек ету керектігін жеткізді. Шара соңында тілшілер дін мамандарына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, семинар-тренингке қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Сардарбек НҰРАДИН.