Кәсіпкерлік – елімізді экономикалық тұрғыдан қуатты етер салалардың бірден-бірі. Сондықтан, Елбасының бастамасымен соңғы жылдары кәсіпкерлікке деген қамқорлық артуда. Кәсіпкерлерге және кәсіп ашам деушілерге толыққанды жағдай жасалып, шексіз тексерулер қысқартылды. Сондай-ақ, жеңілдетілген несиелер берілуде. Жақында төмен пайызбен несие алған Есік қаласының тұрғыны, кәсіпкер Құрылыс Бидахан бүгінде кәсібінің тасын өрге домалатуда.
Осыған орай, «Нұр Отан» пар-тиясы аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында партия және жұмыспен қамту орталығының өкілдері жиһаз цехына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Бағдарлама арқылы 2 млн 900 мың теңге несие алған кәсіпкер бүгінде бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтуда. Айтуынша, базарда дайын жиһаздарды сататын дүкені де бар, тапсырыс та жетерлік. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Сардарбек НҰРАДИН.
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», — деген еді Елбасымыз бір сөзінде. Еліміздің болашағын сеніп тапсырған Мемлекет басшысының сөздерінен-ақ жастардың қоғамдағы рөлін анықтауға болады. Шаңырағы үлкен, 54 ұлт пен ұлыстың басын қосқан Еңбек-шіқазақ ауданында 68 780 жас тіркелген. Олардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағыттағы іс-шаралар жүр-гізу «Еңбекшіқазақ ауданының жастары ресурстық орталығының» құзырында. Жастардың жағдайы, орталықтың ат-қарған жұмыстары туралы аталмыш орталық жетекшісі Айбек Ілебайды сөзге тартқан едік.
– Айбек Қасымханұлы, ресурстық орталық жастармен қай бағытта жұмыс жүргізеді?
– 2017 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес және одан тыс жастардың рухани және мәдени дамуына, моральдік, жігерлік және физикалық қасиеттерін нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін асқақтатуға, өмірге деген позитивтік көзқарастарын ұлғайтуға, қоғамдық-саяси жұмыстарда белсенді болуларына бағытталған жұмыстар жүргізді. Орталықтың ұйымдастыруымен жыл басынан бері спорттық, мәдени бағыттағы шаралар, жиындар мен кездесулер, акциялар өтті.
– Ерекше атап өтетін шара?
– Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған облыстық «Жүректен жүрекке» байқауында біздің ауданымыздан қатысқан «Жас қыран» тобы жүлделі ІІ орыннан көрініп, 120 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы жарты жылдың қорытындысы бойынша облыс рейтингісінде екінші орында тұр.
– Жастарды жұмыспен қамту – қоғам-дағы өзекті мәселе бүгінде. Бұл тұрғыдан қандай да бір жобалар іске асырылады ма?
– Жастарды жұмыспен қамту, маргиналды жастарды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту мақсатында аудан көлемінде республикалық «Жастар корпусын дамыту» және «3.2.1. Старт!» жобаларын жастарға түсіндіру, жастармен талқылау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
«Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіру агенттігі 18-29 жас аралығындағы жастардың жобалық өтінімдерін қабылайды. Жобаға қатысуға ниет білдірген жастар бас-тамашыл тобын (3-5 адам) құрып, топтың көшбасшысын белгілей алады. Жобалық өтінімде жобаның атауы, іске асыру аумағы, мақсаты, қысқаша сипаттамасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Ұтысқа жеткен жобаларға 1 млн теңге қайтарымсыз ақша беріледі әрі жобаны іске асырушы топ мүшелерінің әрқайсына стипендия төленеді. Атап айтар болсақ, оқушы-ларға 29 мың теңге, студенттерге 61 мың теңге. Осы жоба аясында ауданымыздан өз жұмыстарын ұсынған 15 топтың арасынан 9 топтың жобасы жеңіске жетіп, жастарымыз миллионер атанып отыр.
– «3.2.1. Старт!» жобасы туралы не айтасыз?
– Бұл жоба «Coca-Cola Kazakhstan” компаниясы «Жас Отан» ЖҚ-мен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және де «Орталық Азияның Еуразия Қоры» қоғамдық ұйымымен бірге нақты әлеуметтік, экономикалық мәсе-лелерді шешу мен республиканың түрлі өңірле-ріндегі туризмді дамыту жолындағы жастардың бастамаларын анықтап, қолдауға бағытталған кең ауқымды жоба. Жобаға 17-22 жас аралы-ғындағы жастар қатыса алады. 4 кезең бойын-ша іске асады. Іріктеліп үздік танылған 3 жеңімпаз жобаға 1 млн теңге грант беріледі.
– 2005 жылы бекітілген «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асырылу деңгейі қандай?
– Аталмыш бағдарлама аясында 2013 жылы 14 жас, 2014 жылы 65 жас, 2015 жылы 355 жас, 2016 жылы 360 жас жұмыспен қамтылды. Ал биылғы жылы маусым айында басталған жұмысқа Қаракемер, Бәйтерек, Көктөбе ауылдарынан 38 жас тартылып, өз жұмыстарын жасады. Шілде айында Қаракемер, Бәйтерек, Көктөбе ауылдарынан 38 адам жұмыс жасады. Тамыз айында Түрген, Шелек, Ақши ауылдарынан 35 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Ауылдың көркеюінде, тазалығында «Жасыл ел жасақшылары» белсенділік танытты. Қоқыстарды жинап, қоғамдық орындарды сыпырып, көше бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауыл қарттары мен ардагерлеріне көмек қолын созып, әрдайым қолдау көрсетуде.
– Алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспар?
– Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған ауылдық округтердегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастар саясатын тиімді жүзеге асыру мақсатында аула клубтарын ашу болып отыр. Облыстан қолдау болса, алдағы уақытта жастардың бос уақытын өткізетін фитнес орталық, интернет-кітапхана, конференц-зал, жастарға қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.
– Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Бүгінде қоғамда әйелдерге еңбек міндеттерін орындау кезінде ерлермен бірдей талаптар қойылады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жайғдайда ата-анасының екеуі де бала тәрбиесі мен үй шаруашылығын жүргізуге бірдей жауапты болуға тиіс. Алайда, отбасылық-тұрмыстық қатынастарда ерлер басымдығының сақталуы байқалады. Бұл дұрыс та шығар, әрине. Десек те, ерлер мен әйелдердің теңдігі – қазіргі заман талабы. Осыны жұртшылық арасында насихаттау мақсатында жақында Шелек, Түрген, Ават ауылдарында кездесулер өтті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Райгүл Төлебекова, жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы мен мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында алғашқы болып баяндама жасаған қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Қымбат Құрманжанова отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, гендерлік теңдікке қол жеткізудің шетелдік модельдерін атады:
– Әйелдерге қатысты жақын серігі тарапынан көрсетілетін зорлық-зомбылықты жою мақсатында Финляндия Үкіметі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі 2010-2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын» орындады. Осы жоспар аясында қабылданған шаралар баспаналарды көбейтуді және онда көрсетілетін қызметтерді жақсартуды, сонымен қатар, ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарда медиацияны пайдалануды шектеуді қамтиды. Данияда бірнеше интернет ресурс құрылған. Біздің елде де осыған ұқсас бағдарламалар жүзеге асуда. Себебі, қай заманда болмасын ерлер мен әйелдердің дәрежесі тең болу керек – деді. «Әйелдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама оқыған Райгүл Төлебекова күйеулерінен жапа шеккен әйелдерге әрдайым көмектесетіндігін жеткізді.
Жиын соңында отбасылық жағдайда зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.
Сардарбек НҰРАДИН.
Жақында Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданы әйелдер одағы» қорының және жастар ре-сурстық орталығының ұйымдастыруымен Азат орта мектебінде «Көшбас-шы-2017» зияткерлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу, оқушылардың мемлекеттік тілге, қазақ халқының әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне, ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар өз шығармашылығынан тілге, туған жерге арнаған өлеңдерін тыңдарман назарына ұсынды. Қор төрайымы Роза Исатаева құттықтау сөз сөйлеп, жеңіс тұғырынан көрінген балаларды марапаттады. Нәтижесінде, оннан оқ бойы озық шыққан Н.Тохтахунова, С.Кахарова, П.Акрамов, Т.Арипова, А.Ясунов, Т.Князев марапатқа ие болды.
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.
Жақында Шелек ауылының жасөспірімдер спорт мектебінде маргиналды жастар арасында «Білекті жастар» атты қол күресінен жарыс өтті.
Аталмыш шара аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Еңбекшіқазақ ауданының жастары ресурстық орталығы» мен Шелек ауылдық округі әкімі аппараты, «Іле Мұрагер» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Жарысқа Шелек, Ташкенсаз, Қаракемер, Масақ, Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу елдімекендерінен сайдың тасындай жігіттер күш сынасты. Нәтижесінде, 100 кг салмақта шелектік Жанболат Тасболат жүлделі І орынды қанжығасына байлады. 95 кг және 80 кг салмақта бақ сынасқан шелектік Евгений Сенжереев пен Шамиль Фундукчиев, ал 75 кг салмақта қаракемерлік Ержан Кенжебеков, 65 кг салмақта масақтық Данияр Мухаметжан жеңімпаз атанды.
Өз тілшіміз
«Мал баққанға бітеді» деуші еді көнекөздеріміз. Расында, шаруашылықтың күйін келтіріп, ата кәсібіміздің тасын өрге домалату – бүгінгі міндет. Әсіресе, ауылдық жерлердегі ағайындарға. Осы мақсатты межелеген мемлекетіміз қос қолға күрек алып, іс қылам дегендерге қолдау көрсетуде. Оған дәлел – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы. Бұл осы күнге дейін «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» деп аталған-тын. Биылдан бастап бұл бағдарлама ауқымы кеңейіп, ауыл шаруашылығына шағын несие беруге құқылы. Аталмыш бағдарламаның екінші бағыты яғни, жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау бойынша жыл басынан осы күнге дейін ауданымызда 500-ден астам адам несие алуға ниеттенген. Оның ішінде «Ауыл ша-руашылығын қар-жылай қолдау қоры» арқылы 31 адамға 124 млн теңге несие берілді. Солардың бірі – Халис Хишманов.
Бөлек округіне қарасты Әймен ауылының тұрғыны Халис Эульфикарович мал шаруашылығын дамытуды арман еткен. Осы мақсатпен 2016 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Сөйтіп, құжаттары заңдастырылып, ісі өрге басқан. 3 млн теңгеге 20 бас асыл тұқымды сиыр алған. – Шыны керек, басында біраз қиналдым. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді ғой қазақ. Сол секілді бұл істің боладысында іштей терең толғандым. «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» демекші, қазір сол кездерім бір ертегі іспеттес болды. Ақшаны алдым, істі бастадым. Бүгін міне, несиемді уақытында төлеп те жүрмін, кәсібімді өрге домалатып келемін, – дейді кәсіпкер. Мемлекет қолдауына ие болып, енді бүгін екі бірдей ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған Халис Хишманов ісіне дән риза. Ендігі мақсат межесі де айқын: кәсібін әрмен қарай жандандыру.
Бүгінде аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, осындай кәсібінен нәсіп айырып, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қосамын деген тағы 11 азамат «Ырыс», «Еңбекші несие» серіктестігі арқылы жалпы соммасы 52 млн 518 мың теңге көлемінде несие алған. Бұл игі іс әлі де жалғасын таппақ.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
Дүниежүзілік футбол жұлдыздары «Астана Арена» алаңында ойнайды. Астанамызда Халықаралық «Expo 2017 FootballCup» футбол турнирі өтеді. Бұл туралы пресс-конференция барысында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ Даму және туризм департаментінің директоры Аллен Чайжунусов хабарлады. Ол өз сөзінде осы турнирді Қазақстан астанасында алғаш рет орын алатын бірегей іс-шара деп сипаттады.
«5-6 тамызда Халықаралық «EXPO 2017 Football Cup» турнирі өтеді. Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрама командалар «Астана арена» алаңында кездеседі. Осы бірегей іс-шара «Аңыздар кубогіне» ұқсас келіп Қазақстан астанасында алғаш рет өткелі тұр», – деп хабарлайды Аллен Чайжунусов.
Қазақстан Футбол Федерациясы Президенті Сейльда Байшақов мемлекеттік құрамада Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Аубакиров, Мұрат Тлешев, Нұрбол Жұмаскалиев және Андрей Финонченко, басқа да отандық футбол ардагерлері ойнайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ол Халықаралық турнир аясында футбол жанкүйерлерімен кездесу және спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтар өтетінін хабарлады.
«Турнир шеңберінде бірнеше шаралар өтеді. 4 тамызда 17.30-да ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Амфитеатрда командалардыңфутбол жан-күйерлерімен кездесуі, фото және қолтаңба қою сессиялары өтеді. 6 тамызда сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін балалар-жасөпірімдер спорттық мектеп тәрбиеленушілеріне ойыншылар қатысуымен шеберлік сабақтар ұйым-дастырылады», – дейді Сейльда Байшақов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, футбол жарысы билетінің құны 2000 теңге болады, алған билет арқылы кешкі уақытта 18.30-дан кейін Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға болады.
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» жұртшылықпен
байланыс департаменті.
Благодатная пора лета чревата опасностями – пожарами, несчастными случаями на воде, а в нашей горной местности – еще и селевыми паводками. Какой ущерб нанесли, сколько бед причинили огонь и вода в самый жаркий период нынешнего лета, рассказывает главный специалист ОЧС района Еркебулан ТЕРГЕУСИЗОВ:
– Тревожная тенденция – тонуть людей стало больше. На сегодняшний день в Енбекшиказахском районе зарегистрировано 12 фактов гибели людей на водоемах, в том числе трех несовершенолетних. За тот же период 2016 года утонули 9 человек, из них двое детей. Основная причина – неосторожность, легкомысленное отношение к водной стихии. А дети гибнут, вдобавок, по недосмотру взрослых. В мае утонул ребенок дошкольного возраста в р.Кайназар, в июне в оросительном канале погиб еще один мальчик, в июле утонул подросток при купании в частном пруду.
В большинстве случаев люди тонут в местах, не оборудованых для купания. Так, например, сразу три человека утонули в р.Шелек. Однако несоблюдение купальщиками правил безопасности ведет к несчастью и в зонах отдыха. Два человека утонули при купании в зоне отдыха «Тихая заводь», погиб юноша в искусственном пруду в парке имени Жамбыла г.Есика.
– Какие меры принимаются по предотвращению таких ситуаций?
– ОЧС района в целях обеспечения безопасности на водоемах постоянно проводит рейды совместно с сотрудниками РУВД, «Казселезащиты», БАКа, выявляет факты отсутствия предупреждающих надписей в местах, не предусмотренных для купания, привлекает владельцев таких водоемов к административной ответственности. В районный отдел образования направлено требование провести с учениками всех школ профилактические беседы и инструктажи по правилам поведения на воде. В местах отдыха также ведется профилактическая работа. Хозяину «Тихой заводи» в Байтерекском округе направлено требование о приведении водоема в соответствие с правилами безопасности. Особый риск представляет Большой Алматинский канал. Руководству БАКа также направлено письмо о необходимости установки запрещающих знаков. Благодаря совместным рейдам, постоянному контролю со стороны администрации БАКа на канале этим летом утонувших не было.
– Аномальная июльская жара – главная угроза природных пожаров. Какова сейчас пожароопасная обстановка?
– Больших пожаров, на площади свыше 50 га, не было. В акиматы сельокругов и г.Есика направлены уведомления о проведении противопожарного месячника, на местах созданы добровольные противопожарные дружины. В Тургенском филиале Иле-Алатауского ГНПП действует оперативная группа, отслеживание очагов возгорания ведется с самолетов областного ДЧС. В целом в текущем году для предотвращения пожаров сотрудниками ОЧС, ПЧ-6 г.Есика и ПЧ-9 с.Шелек организованы подворные обходы, распространены памятки о мерах пожарной безопасности. С населением проведены 72 схода, беседы, инструктажи. В школах и детсадах организованы конкурсы и викторины на тему пожарной безопасности, продемонстрированы социальные ролики.
– Сейчас самый пик вероятности селевых паводков. Как «ведут» себя горные реки?
– Местное подразделение ГУ «Казселезащита» круглосуточно отслеживает на гидропостах интенсивность потоков рек Есик и Тургень. Пока угрозы не выявлено. Уровень воды в Бартогайском водохранилище также в норме.
И.ТУРАНИН.
Легендарный оперный певец и дирижер Пласидо Доминго посетил ЭКСПО-2017. Короля оперы и его семью поприветствовал сам глава национальной компании Ахметжан Есимов, после чего мегазвезда направилась на гольфкаре к главному павильону ЭКСПО – «Нур-Алем». Первым делом звезда мировой величины расписалась в книге почетных гостей и написала свои пожелания.
«Какой впечатляющий, изумительный и волшебный павильон! Выставка запомнится, как одна из величайших в истории ЭКСПО! Поздравляю!», – написал маэстро.
Сразу же после этого золотой голос Испании зашел в юрту, где ему показали энергию четырех стихий. Там же ему продемонстрировали волшебное звучание кобыза. Напомним, что в столицу Казахстана Пласидо Доминго прибыл со всей своей семьей. Под впечатлением остались не только маэстро, но и его внуки.
«Я потрясен у меня нет никаких слов. Я хочу поздравить вас с такой великолепной выставкой ЭКСПО. В течение все моей жизни я посещал много разных выставок, в том числе и ЭКСПО. Выступал, как артист, певец, организовывал культурные мероприятия. Все они были большими событиями в культурной жизни человечества, но эта выставка она больше чем просто выставка. Такое ощущение, что мы попали на другую, более совершенную планету. Это торжество науки будущего», – отметил мегазвезда.
Король оперы также отметил масштабное развитие столицы. Отметим, что это не первый визит маэстро. В Астану Пласидо Доминго приезжал еще в 2009 году.
«То, насколько развился город за это время, просто не поддается никакому описанию. То, каким стал город сейчас и то, каким он был тогда, это просто великолепно. Я уверен, что у Астаны будет прекрасное будущее», – заключил Пласидо Доминго.
Выходя из казахстанского павильона, маэстро и его внук загадали желание и кинули монету в воду. Следующим пунктом остановки по маршруту «ЭКСПО-2017» стали павильоны Австрии, Испании, а также Германии. Напомним, что король оперы прибыл в столицу Казахстана 23 июля для проведения самого престижного в мире конкурса вокалистов. Путешествие Пласидо Доминго в Астану продлится до 4-го августа.
Департамент по связям с общественностью.
Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері жағымды жаңалықтарымен қуантты. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған қашықтықтан өткізілген «EXPO-2017» байқауына түрлі номинация бойынша қатысқан балалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, Алдияр Сейтжан қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, Арлан Ахметжан мен Асель Жанетханқызы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломды Іңкәр Сабыр, Саят Нұрғат, Дильмухамед Төлепберген жеңіп алды. Ал Айзере Қайнарқызы І дәрежелі дипломмен үздік шықты. Талантты балғындардың тәрбиешілері – Қымбат Дайыр, Даметкен Сактаганова, Нұрия Бердирахманова, Элмира Қасқырбаева, Айкен Масимгазиева алғыс хаттармен марапатталды.
Балақайларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Қамажай ЕРКЕБАЕВА.