Бейсенбі, 22 Қазан 2020 09:36

"Қу түлкі" ертегісі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: - Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: - Мүмкін емес,— дейді. - Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу…
Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 10:11

Өңкей жақсы қосылса

Өңкей жақсы қосылса, Бітіреді кеңесті. Өңкей жаман қосылса, Шығарады егесті. Мәмілемен іс бітер, Бас қосып қалса, көп есті. Жақсының жолы – жарық күн, Жаманның жолы – көмескі. Майлықожа
Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 09:53

Жаман туыс – бір масыл

Жаман туыс – бір масыл, Арқалаған құммен тең. Жақсылығың істеген Елекке құйған сумен тең. Келіннің зекіп айтқаны – Езіп құйған умен тең. Жаман болса әйелің – Көрген күнің түнмен тең. Атадан жаман ұл туса – Елестеген жынмен ең. ҚҰЛТУМА
Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 08:17

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен. Ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан-жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. Ауыл сыртынан: – Қонақтың атын жеймін! – деп ұлыған қасқырға үй иесінің иті: – Қонағымның атын жер болсаң, сені адамдарға ұстап беремін, – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса: – Бұл…
Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020 09:53

Әлемге ақыл себуші

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қарадан хакім болған сендей жанның Әлемнің құлағынан әні кетпес! ...Сұм дүние сылаң беріп көптен өтер, Сау қалғанның көбісі ертең бітер. Тоқтамас дүниенің дөңгелегі, Шешеннің айтқан сөзі көпке кетер, – деп Мағжан ақын жырлағандай, шешеннің айтқан сөзі көпке жетті. Бұл шешен Абай еді. «Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей…
Бейсенбі, 13 Тамыз 2020 10:02

Абайдың бірінші қара сөзі

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын. Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет