Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 10:00

Аналарға арнау

Маңдайыңнан марттың күні өпкен мың, Жырлау үшін жер түбінен жеткенмін. О, аналар, жүздеріңнен айналдым, Шуағындай көктемнің. Пайғамбардан бәсі биік тұратын, Аналарды мәңгі жырлау мұратым. Анашым деп жыр жазбаған сәті жоқ, Анасына басын иген ұлы ақын. Алла жолын әр қадамың даралар, Ақ жаулығың болмысыңды саралар. Арқауысың таусылмас жыр жолының, Күндей нұрлы, гүлдей нәзік аналар. Жүрегіңде жүйткіп аққан жылы ағын, Жыр арнады жел тербеген құрағың. Ортамызда есен-аман жүріңдер, Болашақтың алаулатып шырағын. Қуанәлі Алмасбекұлы, Шелек тарихи-өлкетану музейінің қызметкері
Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 09:42

Деген екен...

Баянғали Әлімжанов айтыс ақыны, жыршы, манасшы, жазушылығымен қатар тапқыр сөздерімен, әдемі әзіл-қалжыңдарымен, орынды, орынсыз қойылған сұрақтарға, күнделікті өмірде болып жататын ойқыл-тойқыл оқиғаларға байланысты астарлы шумақтарымен танымал. Төменде «Деген екен» деген атпен жарияланған осындай өткір сөз, әзіл қалжыңдар жинағынан бірнеше үзінділер жариялап отырмыз. Бір жолы Баянғалиға сатирик ақын Көпен Әмірбековтың немере туысы әрі құрдасы, фототілші Берсінбек Сәрсенов: «Көпенді сабап берсең, бір коньяк қоямын», – депті. Баянғали: «Көпен екі коньяк қойса қайтем?» – деген екен. *** Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының Болат Бекенов…
Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 09:05

Менің қалам

Бұлт көшеді таулардың басын ала, Күн жауады-жайнайды жасыл қала. Мен осында тұрамын, иә, достым, Жасыл қала – біздерге асыл қала. Біліп қойғын, бұл қала – Есік деген, Тербелгендей боламын бесікте мен. Білім алып Сәтбаев мектебінде, Еш алаңсыз есейіп өсіп келем. Салтанатты, сәулетті менің қалам, Бір өзіңе сыйғандай бүкіл ғалам. Бұл мен үшін бақыттың мекені ғой, Тек осында еркіндеп тыныс алам. Аспанында жұлдызы жарқыраған, Қойнауынан табылған Алтын адам. Сыр шертеді тарихтан тауы да оның, Сыр шертеді өзені сарқыраған. Алтын киім киінген…
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2020 09:57

Әйел – әлем

Әйел жайлы аңыз көп қасиетті, Ғасырлардан аңыздар асып өтті. Шексіз түйсік, махаббат, сұлулықты, Әйелдерге тәңірім нәсіп етті. Қаламасын биікке шыққанды кім? Тәуелді сол әйелге күш, тағдырың. Әйел – үміт үзілмес, дегенменен, Афродитадай жеңе алмас құштарлығын. Бар әлемді келеді өрге сүйреп, Әйел – қайсар өшпейтін кеудесінде от. Әйел – қамқор жебейтін отбасыны, Қасиетті Ұмайдың бейнесі боп. Әйел – пәктік шығарған адал атын, Әйел – тірек демейтін азаматын. Әйел – өмір дәні ғой тіршіліктің, Барша адамзат Хауадан таралатын. Үйлесімі секілді заңдылықтың, Әйелсіз…
Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 14:34

Ырыс жайлы аңыз

Баяғыда бір жолаушы жолаушылап келе жатып шағын бір ауылға түсіпті. Ауылдың сыйлы кісінің үйіне дәл түскен екен, ол да жолынан жығылмай қонағын жік-жапар болып күтіп алыпты. Түннің бір уағында қонақ иттің ұлығанынан оянып кетіпті. Бұл қонақ жәй қонақ емес еді. Жер бетіндегі жан - жануардың тілін меңгерген ғалым адам болатын. Ауыл сыртынан – Қонақтың атын жеймін! – деп ұлыған қасқырға үй иесінің иті: – Қонағымның атын жер болсаң, сені адамдарға ұстап беремін, – деп жауап қатып тұр екен. Қасқыр болса:…
Сейсенбі, 18 Ақпан 2020 14:15

Досы көп көрші

Баяғыда екі көрші болыпты. Қыс келіп, алғашқы қар жауады. Бір көршісі ерте тұрып, күрегін алып, есіктің алдын қардан тазалайды. Мойынын созып, көршісінің ауласына қараса, оның есігінің алды тап-таза екен. Ертесі күні қар түнімен жауып шығады. Әлгі жігіт одан ерте тұрып, көршісінен бұрын қар тазалап тастамақ болады. Таң сәріден тұрып, қар күреп болған соң тағы көрші аулаға қарайды. Ал ол жақ тап-таза. Үшінші күні қар көп жауып, тізеден келіпті. Күн шыға сыртқа шыққан жігіт тездетіп ауланың қарын күреп, тазалайды. Әдеттегісінше, көршісінің…

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет