Жұма, 26 Желтоқсан 2025 01:53

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы өтті.  Байқау – еліміздің егемендік алғанына 34 жыл толып, азат болғанымызды, жас таланттардың әуезді әнімен тағы бір еске алудың жолы іспеттес.

Ән кеші Алматы облысы балалар мен жасөспірімдердің спорттық туризм және экскурсиялар орталығының «Әдеби өлкетану» үйірмесінің жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Жанатгүл Мошанқызының ұйымдастыруымен өтті. Байқауға орталықтың үйірме мүшелері мен аудан мектептерінің білім алушылары қатысты. Ән кешін ұйымдастырған ұстаз Жанатгүл Мошанқызы байқаудың негізгі мақсатын да ерекше атап өтті.

– Жыл сайын, желтоқсан айы таяғанда сол бір ызғарлы күндердің суығы есіме түседі. Ата-бабамыз аңсап кеткен азаттықтың құны – қаншама қыршыннан кеткен өмірімен тең. Бұл күн – қазақтың еркіндікке қол жеткізген күні. Бұл байқауды ұйымдастырған негізгі мақсатым –  қазіргі жас ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін тереңнен ұғынса, түсінсе екен деймін. Өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің бойына отансүйгіштік, патриотизм сезімдерін қалыптастыру, кешегі бабалар ерлігін дәріптеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру –  басты ниетім, – дейді ұйымдастырушы.

Ән кешіне  шақырылған арнайы қонақтардың қатарында Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекзат Қуандықұлы, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Қасымұлы, аудандық кәсіподақ төрағасы, мәслихат депутаты Серік Дүйсебайұлы, Іле ауданы, №38  мектеп-гимназиясының патриоттар сыныбының жетекшісі, патриоттық сыныптар бағдарламасының авторы Ертай Дарменқұл, мәдениет саласының ардагері Балтабай Ибраев, Алматы облысы балалар мен жасөспірімдердің спорттық туризм және экскурсиялар орталығының басшысы Мұрат Ақаев  болды.

Оқушылар байқау барысында бар өнерлерін паш етіп, патриоттық әндермен тыңдармандардың жүрегін селт еткізді. «Әннің де, естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар» деп ұлы ақын Абай айтқандай, бұл ән кешінде тек сазды әуендер шырқалды.

Байқау соңында әділ-қазылар жас таланттарға әділ баға беріп, марапаттады. Жүлделі III орынға  Алиасқар Бақыт, Айбол Халан, Асылым Мұхит жайғасса,  II орынды Айшуақ Сатыбалды мен Дулат Смаил, ал I орынды бұлбұл дауыстың иесі Гаухар Сәрсенбай иеленді. Сондай-ақ, жас таланттарды дайындап, жетекшілік еткен ұстаздарға да алғыс хат табысталды.

 

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 542 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Он был духовным наставником сельчан Бірлік бар жерде »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет