Жұма, 26 Желтоқсан 2025 01:42

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы және Республикалық ұйғыр этномәдениет орталығының ұйымдастыруымен жерлесіміз, көрнекті ұйғыр жазушысы,  ақын,  драматург, аудармашы Хизмет Абдуллиннің туғанына 100 жыл толуына арналған «Хизмет Абдуллин мұрасы – Қазақстан халқының мәдени қазынасы» атты  іс-шара өтті.

Бұл бастаманы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Күлкенов өткен 2024 жылы көтерген болатын. Долқунтай Абдулхалилұлы басқарған Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдениет орталығы бұл бастаманы қолдап, өткен жылы бір топ қаламгерлермен жазушы туып өскен Баяндай ауылына барып, зират басында құран бағыштап қайтқан болатын.

Жазушының туған күнінде Хизмет Абдуллин атындағы орта мектеп ұжымы мен Амангелді, Баяндай аулының тұрғындары жазушыға арнап музей ашып, бюстін орнатқан-ды.

1 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде жазушының 100 жылдығына арналған іс-шара өз жұмысын жалғастырды. Долқунтай Алиев модераторлық етті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Иминжан Тохтияров баяндама жасады. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қасымхан Бегманов жүректі тербететін сөз сөйлеп: «Хизмет Абдуллин – тек ұйғыр, болмаса қазақтың емес, түрік дүниесінің ірі өкілі деп есептеуіміз керек. Оның әдеби мұрасын басқа тілдерге аударуға міндеттіміз. Кеңес кезінде қысқарып кеткен «Тұрпан өңірінде» романын қайта шығаруды қолға алған дұрыс», – деген маңызды пікір айтты.

Содан кейін республикалық ұйғыр этномәдениет орталығының  құрметті төрағасы, Ұлттық құрылтай және Қазақстан халқы Ассамблеясы саяси бюросының мүшесі, 6-шы сайланған Қазақстан Республикасының Парламент депутаты Шаймардан Нурумов жазушының өмірі және шығармашылық еңбегі жайлы сөз қозғады. Ал, Алматы қалалық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Арман Қалыбеков жазушы шығармашылығын жоғары бағалап, Алматы қаласы әкімінің сәлемін жолдады.

Кезекті сөз алған Қазақстанның халық жазушысы Ахметжан Ашрий, Қазақстан халық Ассамблеясы Алматы қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Булат Оспанов, Қазақстанның құрметті жазушысы, ақын Абдуғопур Қутлуқов, Түрік мәдени орталығының төрағасы Мирзо Мирзоев жазушы жайлы жылы лебіздерін жеткізді.

Хизмет Абдуллиннің туғанына 100 жыл толуына арналып ұйғыр мектептерінің оқушылары арасында өткен «Менің бойымдағы кемшіліктер» атты эссе конкурстың қорытындысын Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының ұйғыр әдебиеті бойынша кеңесшісі, балалар жазушысы Авут Масимов жариялады. Еңбекшіқазақ ауданы Баяндай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мадина Велямжанова конкурс жеңімпазы атанып, Мереке Күлкеновтың  қолынан марапат қағазы мен ақшалай сыйлықты қабыл алды. ІІ және ІІІ жүлделі орын алған оқушылар да марапатталды. Ал, ұстаздары болса республикалық ұйғыр этномәдениет орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Хизмет Абдуллиннің 100 жылдығын өзі білім алған Ташкенсаз аулындағы  жазушының атымен аталатын мектепте жоғары деңгейде өткізілген іс-шарасы ескеріліп, мектеп директоры Мира Уракбаева, ұйғыр тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Ризвәнгүл Әкбарова және ауылдың жігіт басылары Кәрим Надиров, Аблеким Илиев, ханым қыздар жетекшілері Асийәм Баратова, Парпийәм Ибрагимовалар да республикалық ұйғыр мәдениет орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 26 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…
Желт 26, 2025

Үздік оқырман анықталды

Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында Есік қаласындағы мектеп оқушылары арасында…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет