Жұма, 26 Желтоқсан 2025 01:15

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасылық институттың қоғамдағы маңызын нығайту.

Өткізілген шаралар жастардың ел болашағы ретіндегі жауапкершілігін арттырып, жас отбасылардың қоғамның берік негізі екендігін айқындай түсті. Осы бағытта ұйымдастырылған «Жас отбасы – 2025» байқауы барысында жас отбасылар өздерін таныстырып, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттады, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ білім мен тапқырлыққа арналған тапсырмаларға қатысты. Әрбір отбасы өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, жоғары белсенділік танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар марапатталды. Байқау жас отбасылардың бірлігін нығайтып, олардың қоғамдық өмірдегі рөлін арттыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, «Қазақстан! Жастар! Рәміздер!» атты патриоттық флешмоб ұйымдастырылып, жастар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру арқылы мемлекеттік рәміздерге деген құрметтерін білдірді. Акция аясында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жастардың елжандылық рухы күшейтілді.

«Елдің тұғыры – мемлекеттік рәміздері» акциясы барысында аудан тұрғындарына мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы туралы ақпараттық материалдар таратылды. Ал «Мемлекеттік рәміздер – елді асқақтатушы символ» акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының рәміздері бейнеленген шоколад өнімдері үлестірілді.

Аталған іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар тарапынан үлкен қолдау тапты. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы мақсаттар толық көлемде жүзеге асырылды. Өткен шаралар «Жастар – елдің ертеңі, отбасы – мемлекеттің негізі» қағидатының маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Жыл қорытындысы бойынша аудан әкімінің «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында ауданның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысып жүрген жастар марапатталып, олардың еңбегі жоғары деңгейде бағаланды.

 

Қ.ҚҰРМАНЖАНОВА,

«Іле мұрагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Оқылды 314 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет