Жұма, 09 Қаңтар 2026 13:12

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл еңбеккерлерін қолдау екені белгілі. Осы мақсатта ел ішіндегі өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігімен танысу, шаруалардың өзекті мәселелерін көзбен көріп, құлақпен есту үшін ҚР Парламент сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Закиржан Кузиев  және мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Саймасай ауылдық округіндегі «Айдарбаев» шаруа қожалығына арнайы жұмыс сапарымен ат басын тіреді. Аталған іссапардың басы-қасында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Нұрбақыт Бөкебаев, аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бағдат Рахимов болды.

Халық қалаулыларына ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп отырған «Айдарбаев» шаруа қожалығының басшысы Ерік Серікұлы ауқымды кәсібінің бүгінгі жай-күйімен, өндірістік мүмкіндіктерімен және алдағы жоспарларымен таныстырды. Кездесу кезінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау тетіктері, Үкіметтің аграрлық секторды дамытуға бағытталған бастамалары кеңінен сөз болып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері мен нақты сұраныстары тыңдалды.

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуда тек бастапқы өнім өндірумен шектелмей, оны терең өңдеу бағытындағы жобалардың маңызы ерекше. Осы тұрғыда депутаттар Саймасай ауылында орналасқан құрама жем өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Аталған өндіріс орнының жобалық құны 950 миллион теңгені құрайды, өндіріс орны сағатына 3 тонна құрама жем өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріліп, бүгінде жергілікті шаруаларға сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынып отыр.

Жаңа өндіріс ошағының іске қосылуы ауданның ауыл шаруашылығы саласына серпін беріп қана қоймай, бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне де ықпал етуде. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда. Сонымен қатар, құрама жемнің жергілікті жерде өндірілуі мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың шығындарын азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

Іссапар барысында шаруалар өздерін толғандырып жүрген бірқатар мәселелерді де ортаға салды. Атап айтқанда, суармалы жерлердің жағдайы, жанар-жағармай бағасы, техника паркін жаңарту, өнімді өткізу нарықтары және кадр тапшылығы сынды түйіткілдер қозғалды. Халық қалаулылары көтерілген мәселелердің әрқайсысын назарға алып, оларды тиісті мемлекеттік органдар деңгейінде қарастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту – тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы зор бағыт екенін, ауылда еңбек етіп жүрген азаматтарға қолдау көрсету мемлекет үшін басты міндеттердің бірі болып қала беретінін жеткізді.

Депутаттар тарапынан агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған Үкіметтің ұзақмерзімді бағдарламалары мен бастамалары туралы да кеңінен ақпарат берілді. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, экспорттық әлеуетті күшейту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Осы бағытта жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатқан жобалардың оң нәтижелері бар екені аталып өтті.

Жалпы, жұмыс сапары ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды жан-жақты бағалауға, өндіріс орындарының нақты мүмкіндіктерін көруге және ауыл еңбеккерлерімен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді. Ауыл – ел экономикасының тірегі. Сондықтан аграрлық секторды дамыту, өндіріс көлемін арттыру және ауылда еңбек етіп жүрген азаматтарға қолдау көрсету алдағы уақытта да мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып қала бермек. Мұндай кездесулер мемлекеттік саясаттың нақты өмірмен ұштасуына, ауылдағы өзекті мәселелердің дер кезінде көтеріліп, шешімін табуына жол ашары сөзсіз.

 

Р.ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ.

Оқылды 46 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлттық құндылықтар дәріптелді Құрмет төрінде »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет