Жұма, 09 Қаңтар 2026 13:15

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман болған жоқ. Жағымды жаңалығымен, жақсылығымен тарих қойнауына енді. Облыстық мәслихаттың, облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Шелек ауылдық округі әкімдігінің ұйымдасты-руымен, жылды қорытындылау, жаңа жылды қарсы алу мақсатында «Алтын алма» мейрамханасында Шелек өңірінің ардагерлер өкілдерінің басын қосқан мерекелік іс-шара өтті.

Жиында қаражоталық ақсақал Асқарбек Рахимов бата беріп, облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғоджаев сөз алып, ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Облыс бойынша жүзеге асқан жағымды жаңалықтарды, атқарылған игі істерді тілге тиек етті. Жақсы жетістіктерге жетуге жергілікті әкімдіктердің де қосқан үлесі зор екенін айтқан Қуат Сұлтанұлы Қаражота, Бартоғай, Масақ, Тескенсу және Сөгеті ауылдық окруктерінің зейнетке шыққан ардагер әкімдері Әбілбек Айтақынов,  Гулпам Мамедова, Нұрдәулет Қалқаев, Ақан Оспанов және Айтжан Қашағановтарға  «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті.

Одан кейін сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов Еңбекшіқазақ ауданының, оның ішінде Шелек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстарына оң баға беріп әрі облыстық  «Алатау ардагері» газетіне ұйымшылдықпен жазылып, белсенділік көрсеткенін арнайы атап өтіп, төрағасы Әбілбек Айтақыновқа алғысын айтты. Осы газетті қолдап, көп мақалалар жазып, еленген ауыл белсендісі Нұрлан Мұхаметқалиевті облыстық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапаттады. Ал ауыл ақсақалы, Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазивке  және  Алмагүл Орынбетоваға «Алматы облысының құрметті ардагері» атағы беріліп, медалі табыс етілді.

Елеусіз Сұлтанғазиев, аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Мәдениет үйі және өнер мектебінің қызметкерлері әндері мен күйлерін тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.              

 

Оқылды 175 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет