Жұма, 26 Желтоқсан 2025 01:34

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup 2025» халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің абыройын халықаралық аренада асқақтатты.

Аталған зияткерлік жарыс 2025 жылдың 6-7 желтоқсан күндері Грузия мемлекетінің Тбилиси қаласында, SEU University Georgia базасында өтті. Әлемнің 30-дан астам елінен келген үздік оқушылар қатысқан бұл додада Қазақстан құрамасы ерекше көзге түсті.

Халықаралық деңгейде ел намысын Астана, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Қызылорда және Есік қалаларынан келген Халықаралық зияткерлік даму академиясының шәкірттері қорғады. Қатысушылар ауызша есептеу әдістемесін жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеп, Қазақстан қоржынына 8 алтын медаль, сондай-ақ күміс және қола жүлделерді салды.

Аталған жетістіктердің қатарында Еңбекшіқазақ ауданының да үлесі зор. Аудан намысын қорғаған жас өрендер Жаңашар ауылы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің өрендері Аяна Сәлім II орын иеленсе, Айсана Сәлім III орынды еншілеп, аудан абыройын асқақтатты.

Бұл жеңіс – тек балалардың жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар ата-ананың қолдауы мен ұстаз еңбегінің нәтижесі. Осы орайда шәкірттерін табандылықпен дайындап, білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етіп жүрген менталды арифметика пәнінің мұғалімі Жанат Рамазанқызының үлесі орасан. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен жанашырлығы жас дарындардың биік белестерді бағындыруына зор ықпал етті.

Жас чемпиондар өз жеңістерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнады. Бұл – олардың елге деген сүйіспеншілігі мен отаншылдық рухының айқын көрінісі.

Еңбекшіқазақ ауданының атын әлемдік деңгейде танытқан жас дарындарға, олардың ата-аналары мен ұстаздарына алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз. Білімді ұрпақ – ел болашағы!

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 290 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлы халықтың ұлы Абайы Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет