Жұма, 26 Желтоқсан 2025 01:30

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті. Осы мерейтойдың аясында еліміздің барлық аймағында, білім, мәдениет ошақтарында мыңдаған танымды шаралар атқарылды. Жуырда    В. Терешкова атындағы орта мектебінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Бұл шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау. Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін ұғындыру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.

Танымдық кеште ұлы данышпанның ғұмырынан сыр шертетін қысқаша видео көрсетілді. Мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының  өлеңдері мен қара сөздерін, аудармаларын және поэма үзінділерін жатқа оқып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндері орындалды. Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылды. Кеште ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы  кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары насихатталды.

Адамзаттық деңгейде өлмейтін мұрасын қалдырған ұлы Абай қазақ елімен бірге мәңгі жасай бермек. Абайды тануға ұмтылу – әрбір саналы жанның міндеті.

 

     Нұрғайша ОРАЗБЕКҚЫЗЫ,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Оқылды 284 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет