Дүйсенбі, 24 Мамыр 2021 17:20

«Сезім патшалығы» сенім ұялатты

Мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде аудандық кітапханада керемет кездесу өтті. Онда кітапхана қызметкерлері оқушыларға еліміздің мәдениеті мен өнеріне бір кісілік еңбегі сіңген жерлесіміз – Шәрбану Құмарова жайында кеңінен ақпарат беріп, шығармаларымен таныстырды.

Шәрбану Мұхитқызы – көрнекті қаламгер, еңбек жолын «Социалистік Қазақстан» газетінде бастаған, бірнеше БАҚ пен баспада жұмыс істеген белгілі журналист, кинематографияда аға редактор, театрда әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Есік қаласының тумасы екі жыл бұрын өмірден озды.

Дегенмен, аудандық кітапханада жазушының 85 жылдығына орай өткен кездесу жақсының аты, ғалымның хаты өлмейтінін тағы бір дәлелдегендей-ақ. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері оқушылармен BookDating өткізіп, Шәрбану Құмарованың «Сезім патшалығы» романын талдап-талқылады. Шығарманы алдын ала оқып келген балалар ондағы оқиға желісін үлкен қызығушылықпен баяндап, автор мен кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқына өз бағаларын беріп, талқылауда үлкен белсенділік танытты. Кітапханада өтетін мұндай іс-шаралар оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттырып, оқу-білімге ұмтылтары хақ.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 4754 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет