Жұма, 04 Маусым 2021 14:34

Ақын мерейтойына бағалы тарту

«Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 90 жыл. Осыған орай ақынның туып-өскен топырағында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Президенті сыйлығының иегері, Шелек  өңіріндегі «Еңбек туы» газетінің рекдакторы болған Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ұлтымыздың әдебиетіне, мұқағалитануға қосылған қымбат қазына ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына жүргізілген зерттеу жұмыстары, эсселері, әңгімелері мен ақынның замандастары, қазақтың біртуар азаматтарымен жүргізген сұхбаттары негізінде жазылған.

Қарымды қаламгер Жақыпжан Нұрғожаевтың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен тұсаукесерге қазақ әдебиетінің қаймақтары, журналистер, өнер майталмандары қатысып, өзінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Әдеби кешті Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан жүргізді. «Хантәңірі» халық театры аталмыш кітап негізінде сахналандырылған қойылыммен кештің шымылдығын түрді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаевтың жетекшілігімен қойылған Мұқағали Мақатаев пен Асқар Сүлейменов арасындағы диалог көпшіліктің жүрегін тебірентті. Алғашқы болып сөз кезегін алған Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов кітап авторына алғысын білдірді.

– Жазушы жерлесіміз Жақыпжан Мысабекұлы қазақ әдебиетінің мұқағалитану деп аталатын саласын ғылыми жаңа да тың деректермен толықтырды. Бұл үшін аспантаулар өлкесінің атынан, өлеңсүйер, өнерді жоғары қоятын елі-жұртының атынан үлкен алғыс сезімімді білдіремін – деп, өңір тұрғындары атынан мерейтой иесінің иығына шапан жапты.

Белгілі әдебиет сыншысы, жазушы Бақыт Сарбалаев, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат, Райымбек ауданының бұрынғы әкімі Байғожа Нұрғожаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Талдыбек Нұрпейісов, ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспасының бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлы, сонымен қатар, Жақыпжан Нұрғожаевтың шәкірттері облыстық «Jetisu» газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қуат Қайранбаев, редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар, «Nur Otan» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Мұқажанұлы, «Ұрпақ парызы» қоғамдық ұйымының төрағасы Жанет Керімқұлов, зейнеткер ақын Мамытхан Құдайбергенов ақжарма тілектерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Өлеңнен шашу шашып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

Тұсаукесерге арнайы келген белгілі қоғам қайраткері, ардагер журналист Рысбек Сәрсенбаев кітаптан алған әсерімен бөлісті.

– Ашығын айтайын, Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің бірі Жақыпжан Нұрғожаевты өз басым жазушы деп бағалай қоймайтынмын. Мықты журналист, публицист, қаламгер, білікті ұйымдастырушы деп бағалайтынмын. Осы кітап қолыма тиген соң бас алмай оқып шықтым. Алған әсерім ұшан-теңіз. Осы бір үлкен еңбек арқылы Мұқағали туралы тың дүниелерді, соны оқиғаларды кезіктіріп, ақын туралы түсінік-танымым одан сайын арта түсті. Мұқағали мен Лашынның арасындағы махаббат сезімін айтсаңызшы?! Кейбіреулер Лашын жайлы кері әңгімелер айтады. Мұқағалиды танып-білу үшін осы кітапты оқу керек. Осы кітап арқылы Жақыпжанды нағыз жазушы деп таныдым, тілі шебер сөз зергері деп бағаладым. Мұқағалидай ақын ағасының іздушісі, сұраушысы болып жүрген қажырлы еңбегі ақталып жатыр. Жақаңның жас дарын иелеріне, талантты жас журналистерге жасаған жақсылығы, ағалық қамқорлығы өз алдына бөлек әңгіме – деді Р.Сәрсенбаев.

Әдеби кеш соңында кітап авторы Жақыпжан Нұрғожаев басқосуды ұйымдас-тырушыларға, қонақтарға ризышылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

– Ел-жұртымның ортасында аман-есен 75 жасқа толған шағымда маған айтылған жылы сөздердің, пікірлердің, ниеттердің барлығы жанымды жадыратты, көңілімді марқайтты. Жазушы үшін, қаламгер үшін еткен еңбек төккен терінің жемісін көргенінен артық қуаныш пен бақыт жоқ. Мен де сондай күйдемін. Бүгінгі кітап – үлкен істің бастауы. Аман-есен болсақ, ақын жайлы үлкен томдық құрастыруды көздеп отырмын – деді Жақыпжан Нұрғожаев.

«Jetisu» газетінен ықшамдап дайындаған С.НҰРАДИН

Оқылды 4496 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…
Қаң 26, 2026

Конституцияны жетілдіруге…

онституциялық комиссия отырысында қаралған түзетулер қоғамның кең ауқымды қатысуымен…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет