Сейсенбі, 14 Қыркүйек 2021 14:47

Тағдырлы ақын жырлады

Гүлжан Бұрынбаеваның есімі Еңбекшіқазақ ауданының Есік-Шелек өңірлеріне таныс ақын еді. Тағдырдың «тайғақ» жолында зардап шексе де Гүлжан шығармашылығы өміршеңдікпен, адамгершілікті, анаға, туған жерге сүйіспеншілікті жырлаумен ерекшеленеді.

Ақынның «Өнер» баспасында 2014 жылы шыққан өлеңдер жинағына өзі жазған алғы сөзіндегі терең мағыналы сөздерінен ақ қиындықпен күрес жолындағы қайсарлығын, адалдығын көреміз:

«Бұл өмірдегі менің тағдырым – адам тағдыры. Қаншама қиыншылықты бастан кешсем де өзім өмір сүрген ортамды, қуаныш-қайғымды, мұңымды, мені жарық дүниеге әкелген анамды барлығын суреттеп, өлеңдеріме қостым. Жүрегім бірде қуанса, бірде жылады, алға ұмтылып биік белестерге жеткісі келді. Сол үшін тырбанып, қаламымды тоқтатпай жүріп келемін. Жаратқан Иеміз қанша өмір береді, қанша жүреміз – ол да бір тағдырдың ісі. Көп нәрсе істеп, бәріне де үлгеріп қалғың келеді. Бірақ кейде істеген ісің мардымсыз болып, көңілің толмайды. Маған Алла Тағала денсаулық бермесе де, талантты жүрек, қажымас қайрат беріп, осы қалам арқылы өмірге құштар еткеніне дән ризамын. Мен әрдайым алға ұмтылып, жақсылықтан үмітімді үзбей, бүгіннен ертеңім жақсы болар деп армандаумен өмір сүріп келемін».

Өкінішке қарай өмірден өткеніне де біршама уақыт өте шықты. Гүлжан Бұрынбаева ақынның «Жырлайды жүрек» атты кітабынан кейін жарық көрген «Тағдыр» жыр жинағынан бірнеше өлеңі мен әңгімелерін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

 

Іңкәр дүние

Таңмен бірге оянып бар тірлігім,

Шуақ төкші мерейлі о нұрлы күн.

Кәусарыңнан мен бүгін қуат алам,

Ғашық еткен өзіңнің іңкәрлігің.

Жырлап тұрсың дүние жүрегіңмен,

Шаттық арай көремін реңіңнен.

Шұғылалы ақ күннің сәулесіне,

Шомылып ап ғашық боп жүрейін мен.

Тіршіліктің тауқыметін қайтем елеп,

Көксеген бақытымды көргім келет,

Бір серпіліп кетейінші қайран өмір,

Неге ғана қайғы-мұң маған төнет.

Сынға түсіп күніне таласатын,

Ағарады осылай қара шашым.

Сілкіп-сілкіп қанатымды қомдайында,

Мінейінші ерттетіп арман атын.

 

Жастық шақ

О, жастық шақ, сен бүгін қайда қалдың,

Гүл терген көк белесте, сайда қалдың.

Сағыныш жайлап менің жүрегімді,

Сырласып кейде осылай ойланамын.

Көктемін жастық шағым, мөлдір аспан,

Тербеліп көңілімде құстай ұшқан.

Жеткізбейтін желкенді қайықтайсың,

Жаралған жастық шағым сағыныштан.

Жаз өтті, күз де өтті арман қуып,

Көңілім ойланады сабыр қылып.

Жастық шақ көк балауса, жас құрағым.

Жарқырап келе жатыр күнім шығып.

О, жастық шақ, сен бүгін алыстадың,

Есімде ақ боз атпен жарысқаным.

Қашықтап барасың-ау күннен-күнге,

Ғашық боп қиялымда табысамын.

О, жастық шақ, жеткізбейтін енді маған,

Армандап ойлауменен пана табам.

Жырларым шашу болып шашылады,

Әлі де асулардан асып алам.

 

Ана рухымен сырласу

Әлі есімде ыстық ұя, тоқал там,

Ошақ отын сөндірмеген жан анам.

Жесірліктің тауқыметін көтеріп,

Елестейді көз алдыма нар тұлғаң.

Әкені де жоқтатпадың сен бізге,

Құлаш ұрып қанаттанып өмірге.

Адалдықтың туын ұстап көтеріп,

Тамшыдай боп қосылдың бір теңізге.

Өтті жылдар, кетті ұзарып жолдағы,

Еске түсер бал қызығы тамдағы.

Арман етіп ұл сұрапсың құдайдан,

Сұрағаның жан анашым болмады.

Төрт қызыңды құтты орнына қондырып,

Сен сапарға тартып кеттің мәңгілік.

Жалғыз қалдым шаңырақта аңырап,

Атар емес маған сірә таң күліп.

Өзің жоқта тіл қата алмай ешкімге,

Ойға батам ертелі-кеш мен күнде.

Мұңға батып күле алмадым жарқылдап,

Тұтанады жалын атқан от кеуде.

Жалғыздықта бір құдайға жарасқан,

Маған куә жұлдыз жауған көк аспан.

Қайсар мінез найзағайдың отындай,

Тілгілейді санамды бір алдаспан.

Кешір ана, жасық емес бұл қызың,

Үміт кеуде, көкке өрлеген жұлдызың.

Қайда жүрсем басымды ием өзіңе,

Шар болаттай сірә менің төзімім.

Кешір ана, мен теңімді таппадым,

Жырмен өріп сырларымды ақтардым.

Жалқы емеспін жанымда

жырым барда,

Жасап келем бір сүрлеудің соқпағын.

Берілмеймін қамығып мұң мен зарға

Шөлдедім мейірім мен алақанға.

Сенің рухың анашым жебеп жүр-ау,

Періштелер көтеріп көк аспанға.

Қызарып батқан күндерден

сені сұрадым,

Жазылар ма екен жүрегімдегі

сірә мұң?

Тәңірдің сонау көгінде ұшып жүрсің бе?

Анашым, енді қайда екен

мекен тұрағың?

Өзіңнен анам өмірдің ұқтым зор мәнін,

Гүлзар бақ мүлгіп, іздейді

жүрек қорғанын.

Көктемде келген құстардан

сені сұрадым,

Бәйтерек бағым, қайдасың

қара орманым.

Оқылды 2550 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтары мен рухани…

Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер отбасы институтын қолдауға, некенің тұрақтылығын…
Қаң 26, 2026

V отырыс: некенің беріктігі мен…

V отырыс отбасылық құндылықтарды сақтау, некенің беріктігін қамтамасыз ету және қоғамда…
Қаң 26, 2026

Отбасы құндылықтарын дәріптеген…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің маңыздылығын, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы:…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамда отбасылық құндылықтарды, некенің берік негізін және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтай: жастардың саналы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы отбасы мен некенің беріктігін, рухани құндылықтарды және…
Қаң 26, 2026

Ұлттық құрылтайдың V отырысы: отбасы…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы позитивті құндылықтарды нығайтуға, рухани тазалық…
Қаң 26, 2026

Меритократия – әділ кадрлық…

Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет