Жұма, 25 Наурыз 2022 11:07

Аты жоқ көже

Аты жоқ көже Сурет интернеттен алынды

Үш жасар Қайсар көп нәрсені түсінбейді: анасынан нан сұрағанда неге сіріңкенің  қорабындай ғана қара нанның бір түйірін ғана береді. Бір-ақ асауға келетін нанды жеп қойып, тағы да қолын созған ұлына қарап анасы: «Айналайын күте тұр, нан піспей жатыр», – деп тұрып көзіне жас алады. Соғыс кезіндегі, соғыстан кейінгі жоқшылық, жетіспеушіліктердің зардабы жойылмай жатқанда қатты қуаңшылық болып, мал азығы – шөп, жан азығы егін шықпай, ел азып қалған кезеңді үш жасар баланың санасына қайтіп жеткізерін білмей, ананың көзіне жас алғаны – шарасыздығы еді. Бес жасқа келген үлкен ұлы Әскен өзіне тиген қара нанның үлесін аузына салып үлгермеген еді. Өзін үлкен санап, інісіне қамқор болып жүретін Әскен қолындағы қара нанды қақ бөліп, бір бөлігін қыңқылдап тағы нан сұраған Қайсарға ұстата салды. Не істерін білмей дағдарып тұрған анасы үлкен ұлының бар болғаны бес жаста болса да, азаматтық танытып інісімен бөліскеніне көңілі босап, Әскенін аймалап: «Айналайын-ай!» – дей берді. Қиындықта жол тауып, өзіне де тоярлық нан тимегенімен інісімен бөліскен үлкен ұлының осы әрекетін жақсылыққа жорыды ана. Бұл – қазақтың наурыз айындағы «ұзын сары» деп аталған көктемдегі ашқұрсақ кезең еді.

Ананың үлкен ұлы Әскеннің адамгершілік әрекетін жақсылыққа ырымдағаны орындалғандай бір үйлі жанды ақпен асырап отырған жалғыз күрең сиыр бұзаулаған еді күн мен түн ұзақтығы теңелетін кезеңде. Иә, бұл кезең деп отырған ай наурыз – жыл басы. Ұлысымыз оң болсын, ақ мол болсын деп бүгінгі күні бірнеше күн қорықпай, үрікпей тойлайтын Наурыз мерекесін атын атауға да сескенетін заман болғанын бүгінгі ұрпақ біле де бермейді. Колхоздың наубайхаансынан берген бір бөлке қара нанды аптаға созып, атын «Наурыз» деп атамай-ақ Анасы: «Көже пісіріп, мереке жасап берем», –  деп уәде берген еді үлкен ұлы Әскенге. Есі кіріп қалған бес жасар ұлының ендігі күткені Наурыз көже болатын.

Ол күн де келіп жеткенін көптен бері қызыл көрмеген үйдегі үлкен-кішінің мұрнын қытықтап тәбетін ашқан сүрленген еттің иісі сездірді. Жұмыстағы үлкендер мен мектептегі оқушы балалары жиналған соң, Ана бәрін дастарханға шақырды. Атадан бата сұралды. «Ырыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деп қысқа қайырды Ата. Анасы үлкендердің әрқайсына үлкенірек ыдыспен, Әскен мен Қайсарға шәй кесемен күрең сиырдың сүтінен жасалған қатықпен шыланған көжені қойды алдарына. Әскен үлкендікпен шәй кесе көжені көпке созбай әп-сәтте жеп-ішіп, ыдысын босата салды. Қайсар ағасына бір қарап: «Әскен, мен кішкентаймын ғой, маған жарты кесе көже жетеді», – деп ыдысын ысырып та қойды. Осы қимылдарымен екі баласы Анасын тағы да елжіретіп, көңілін босатты.

Ана енді қуаныштан, кішкентай ұл-дарының – алдымен үлкені Әскеннің Қайсарға, кейіннен кішісінің бес жасар ғана ағасына қамқорлық көрсетіп, азғана тағамдарымен бөліскеніне ризалықтан толғанды. Кебеженің түбінде, бір бұрышында елеусіз қалып қалған бір жапырақ еті бар қабырғаны, бір-екі уыс ұннан қамыр илеп, қолына түскен астық дәндерін қосып қайнатып Наурыз көже деп іштей ғана атаған асын мүлде ұмытылған жыл басы мерекесіне отбасына сыйлай алғанына өзіне өзі де риза болғандай  еді Ана.  

Қ.ҚАСЫМҰЛЫ.

Оқылды 2692 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Нетленная звезда таланта Ахмет бабама »

Соңғы жаңалықтар

Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…
Қар 24, 2025

Терінің жұқпалы саңырауқұлақ аурулары

Терінің саңырауқұлақ аурулары – теріні, тырнақты және шашты зақымдайтын саңырауқұлақтан…
Қар 24, 2025

Мемлекеттік бақылау және қадағалау…

Мемлекеттік бақылау және қадағалау — қоғамдағы қауіпсіздік, сапа, құқықтық тәртіп және…
Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Ғажайып дәрілерге сенеміз бе?

Соңғы жылдары Қазақстанда халық денсаулығын тез жақсартуды уәде ететін, түрлі атаумен…
Қар 19, 2025

Ғасырлар үні: Қазақ тілінің даму…

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани өзегі. Ол ұлттың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет