Дүйсенбі, 04 Сәуір 2022 11:25

Ахмет бабама

 

 

Қайтсем озық қылам деп туған халқын,

Қазаққа мәшһүр болған Ахмет ақын.

Маса болып оятып өлеңімен,

Ұқтыруға талпынған сөздің парқын.

 

Елінің қамын жеген Ахмет бабам,

Өзіңнен сансыз жауһар мұра қалған.

Сауатын ашамын деп ұрпағының,

Ізденіп, ел мен жұртты аралаған.

 

Жеңіл тілмен аударып мысалдарды,

Жамандықты өлеңмен тұсаулады.

Намысын қайрап қара өлеңменен,

Сынға алды тентек пен асауларды.

 

Әліппені жұртына сыйлап кеткен,

Оқытам деп қазақты еңбек еткен.

Бабамызды қалайша ұмытамыз,

Алаш үшін бір талмай терін төккен.

 

Ахмет десе селт етпес қазақ бар ма?

Ұлты үшін шыдаған азапқа да.

Қадіріңді кеш білсек те, кешіре гөр,

Қазақтың қамын жеген қазақ қана!

 

Наркиз  Абилхайирова, Абылай хан атындағы №4 орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы. 

Жетекшісі: Гауһар  Әмірақынова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Оқылды 3733 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Аты жоқ көже Алты алаштың Абызы »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет