Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020 10:42

АБАЙҒА МҰҚТАЖБЫЗ

АБАЙҒА МҰҚТАЖБЫЗ mezet.kz

Мәдениеттанушы, ақын Әуезхан Қодардың «Абай бізге мұқтаж емес, біз Абайға мұқтажбыз» дегені бар еді. Иә, шынымен де, Абайдың әр өлеңін оқыған сайын, оның тереңіне бойлай бересің. Ондағы ойды он оқығанда оның он қырын түсінесің, сезінесің. Бұл, ақынның өзі айтпақшы, «іші – алтын, сырты – күміс сөз жақсысы» болар деген ойға қаласың.

Абайдың әр шығармасы оқу-білімге шақырып, адами қасиеттерді, рухани тазалықты дәріптейді. «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деп, ақын оқырманына жол сілтесе, енді бірде «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деп, өткір сөзбен осып алады. Мұның бәрі еліне, халқына деген жанашырлықтан туған, әрине. Алайда бұл жанашырлықты кезінде түсінбеген көпшілік «сын», «мін тағу», «тырнақ астынан кір іздеудей» көрді. Дегенмен, жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

Биыл Президент Қ.Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауымыз керек. Өркениетті елдер қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін әлемдік деңгейдегі біртуар перзенттерінің дәрежесімен, танымалдығымен бағалайтынын ұмытпайық», – деген-ді.

 

Аружан БАҚТИЯР

 

Әрине, ұлыларын ұлықтау – ұлт парызы емес пе?! Осы орайда елімізде атқарылып жатқан шаруа аз емес. Бұл игі іске «Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси апталығы мен mezet.kz желілік басылымы да өз үлесін қосып келеді. Солардың бірі – Абай оқулары байқауы. Ақынның өлеңдерін өскелең ұрпаққа дәріптеп, оқуға қызығушылығын ояту. Әрі өлеңнің мазмұнына мән беріп, қатысушыларды аңғарымпаздыққа баулу.

Айша ҒАБИДЕНҚЫЗЫ

 

Екі айға созылған байқауға қатысуға ауданымыздан ғана емес, жалпы, облыстан оқырмандар өтініш білдірді. Ақын өлеңдерін машығына келтіре мәнерлеп оқып, видео түсіріп жіберушілер көп болды. Дегенмен, сайыстың талаптарына сай таңдалған 61 үміткер келесі кезеңге өткен-ді. Байқауға қатысушылардан келіп түскен видеолар mezet.kz желілік басылымында және «Еңбекшіқазақ» газетінің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Сол жерде дауыс жинап, қорытынды да шығарылды.

Сәбиден Мейрат

 

Алайда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты жүлдегерлерді марапаттау салтанатын ұйымдастыру мүмкін болмады. Дегенмен, байқауға қатысып, өзгелерден оза шапқан 10 қатысушыны газеттің бас редакторы Хайролла Қасымұлы редакцияға жеке-жеке шақырып, жүлдесін табыстап, оқушылармен ой бөлісті. Абай жайында, әдебиет турасында сөз қозғап, ақ тілегін айтып, қатысушыларды қанаттандырды.

Шерхан ЕСЕН

 

Бас жүлдені Райымбек атындағы орта мектеп оқушысы Аружан Бақтияр алды. 7 сыныпты тәмамдаған Аружанға диплом мен естелікке Мұхттар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы табысталды. Ал бірінші орынға шыққан Айша Ғабиденқызы – байқауымыздың ең кішкентай үміткері. Екінші орын Мейрат Сабиденге, үшінші орын Шерхан Есенге бұйырды. Ондыққа кірген барлық үміткерге диплом, Абай өлеңдері мен қара сөздерінің жинақтары табысталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан 61 баланың барлығы Абай оқуларына қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Әрине, мұның бәрі балаларды ынталандырып, оқуға, білімге деген талпынысын арттыру үшін жасалып отыр. Абайды таныған әр оқырманның таным-түйсігі де тереңдей берері сөзсіз.

 

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1621 рет

Медиа

mezet.kz

Соңғы жаңалықтар

Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…
Қаң 09, 2026

«Әдекең қайда..?»

Болмашы кекшіл, Болсаңшы көпшіл, – деп Абай айтқан. Осы екі жолға менің бір…
Қаң 09, 2026

Құрмет төрінде

Әне-міне дегенше, жылжып жылан жылы да өтіп, шапқылап жылқы жылы жетті. Жылан жылы жаман…
Қаң 09, 2026

Қолдау барда даму бар

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту мен ауыл…
Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет