Дүйсенбі, 30 Қаңтар 2023 15:36

Қазақтың қонағы неше түрлі болады?

(Шешендік шиырлары)

Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

– Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.

– Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі – арнайы қонақ, екіншісі – қүдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.

– Ал оны қалай айырамыз? – дегенде:

– Арнайы қонағымыз – алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжатың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң. Міне, бұл нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз, өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз, ерігіп те желігіп үйден үйді, ауылдан ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл – нағыз далбаса қонағың.

Қылқыма қонағыңыз, үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл нағыз сұғанақ қонағың, – депті көпті көрген би Төленді қарт.

Оқылды 1592 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет