Сейсенбі, 31 Қаңтар 2023 15:24

Телефон алаяқтарының құпиясын қалай жария етуге болады: алдаудың үш белгісі

Қаскөйлер күннен күнге белсенді түрде түрлі телефон нөмірлерінен қоңырау шалады және үнемі ақша туралы сөз қозғайды. Олар азаматтардың дербес деректері мен төлем ақпаратын қолға түсіру және олардың ақшасына қол жеткізу үшін барлық айла-шарғыларға барады. Fingramota.kz мұндай алдап-арбау белгілері жөнінде еске салады.

Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызмет қызметкерлері ретінде таныстырулары мүмкін, бірақ олар жиі жағдайда банктен хабарласып тұрмыз деп айтады. Олар адамдарды мезі етіп, әлеуетті құрбанына күніне бірнеше рет телефон соғып, әбден жүйкесіне тиеді. Телефон алаяқтарының кең таралған схемасын мысалмен қарастырып көрелік және қаскөйлерді ажыратуға болатын үш маңызды белгіні анықтайық. 

№1 белгі. Алаяқтар бірінші болып телефон соғады.

Қаскүнемдер сіздің банктің «қауіпсіздік қызметінен» қоңырау шалып тұрмыз деп, сіздің банктік мобильді қосымшаңызға байланыстырылған телефон нөміріңіздің өзгергені жөнінде хабарлайды. Алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін «банктің қауіпсіздік қызметі» сіздің банктік шотыңызды 180 күнге бұғаттауға мәжбүр деп қорқытады. 

Ақшаңызды «құтқарудың» бірнеше нұсқасы бар – оны «қауіпсіз» шотқа аудару, ол үшін карточканың толық деректемелері мен SMS-пен келетін кодты айтсаңыз немесе бүкіл әлемде онлайн-алаяқтармен күресу үшін қолданылатын «құпия» қосымшаны жүктеп алсаңыз болды.

Бұл жерде олардың діттегені - AnyDesk және TeamViewer, олардың көмегімен алаяқтар қашықтан кез келген құрылғыға қосылып, оларды басқара алады.

AnyDesk-ті іздеу функциясынан «қолдау» сөзін теріп, PlayMarket немесе  AppStore-дің кез келген ресми дүкенінен табуға болады.  «AnyDesk деп аталатын ромб пішінді қызыл түсті қосымша пайда болады, оған басасыз да орнатасыз. Бұл біздің алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі ресми қосымшамыз», – бұл алаяқтардың үнемі айтатын сөздері. 

КЕҢЕС: Қоңырау шалып, бірден ақша жайында әңгіме қозғаған адамға, ол өзін кім болып таныстырса да сенбеңіз. Бейтаныс адамның айтқанын істеп, ол айтқан нұсқауларды орындамаңыз, әсіресе оған өзіңіз туралы ақпарат бермеңіз.

Күмән туғызатын қосымшаларды жүктемеңіз! Адамдардың көбі құрылғыны өшіру арқылы қашықтан қол жеткізу сессиясын тоқтатқан жағдайда алаяқтар онлайн-банкингке қол жеткізе алмайды деп ойлайды. Алайда, қылмыскерлер бірнеше секунд ішінде пайдаланушының телефонындағы барлық деректерді оқып, оны өз құрылғысына жібере алады. Сондай-ақ, алаяқтар қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана отырып, басқа маңызды ақпаратты: пайдаланушы аккаунттарының, электрондық пошта парольдерін иемденуі, байланысатын тұлғаларды біліп алуы мүмкін. Немесе олар өздерінің құрбандарының гаджетіне маңызды мәліметтерді жіберетін, SMS-кодтар мен Push-хабарламалардағы кодтарды қоса алғанда, тыңшылық қызметті атқаратын бағдарламаларды «енгізе» алады.

 

№2 белгі. Алаяқтардың мақсаты – эмоция тудыру, ызаландыру.

Қоңырау шалушылар, егер сіз банктің бөлімшесіне қоңырау шалатын болсаңыз да, сізге ешкім телефон арқылы ақпарат бермейді, себебі бұл конфиденциалды ақпарат болып табылады деп ескертеді, тіпті банктің бөлімшесіне барған күннің өзінде алтын уақытыңызды жоғалтасыз деп сендіреді. Алаяқтар, осылайша сіздің онлайн немесе мобильдік банкингіңіз арқылы операция жүргізіп, ақшаны аударып жібере алады, сондай-ақ жалған кредит ресімдеп жіберуі де мүмкін немесе «банк» сіздің шотыңызды 180 күнге бұғаттап тастауы мүмкін деп сендіреді.

Қырағылығыңызды төмендету үшін алаяқтар сізді қорқыта бастайды немесе кенеттен ұтысқа ие болдыңыз немесе «пайызсыз кредиттер науқаны» түріндегі басқа «тосын сыйға» ие болдыңыз деп сендіруге тырысады.

КЕҢЕС: Нағыз банк қызметкерлерінің әлеуметтік инженерия әдістерін меңгерген алаяқтардан айырмашылығы - сіздің бойыңызда қорқыныш, үрей, ашулану сияқты сезімдер тудырмайды және ешқашан картаңыздан басқа шотқа дереу ақша аударуды талап етпейді, кредит ресімдеуді немесе банкоматтан ақша алуды сұрамайды. Сіз қатыспаған ұтыс ойындары, байқауларға келсек, «батпан құйрық, айдаладағы жатқан құйрық» дегендей тегін ештеңенің де болмайтынын естен шығармаңыз.

 

№3 белгі. Алаяқтар психологиялық қысым жасап, өздеріне қажетті деректерді сұрайды

Ықтимал құрбандарын тек алаяқтар ғана асықтырады, олар құрбандарына талдау жасап, ойлануға мұрша бермейді. Бұл үшін қаскүнемдер адамдарды өз нұсқауларын дереу орындауға итермелеп, қорқытуды жалғастырады. Олар «шұғыл» деген сөзді бірнеше рет қайталайды.

Алаяқтар қандай сылтау айтса да, негізінде, олар сіздің картаңыз туралы ақпаратқа, әсіресе картаңыздың артқы жағындағы үш таңбалы кодқа, жарамдылық мерзіміне, ПИН-кодқа, сондай-ақ банктік қосымшаның паролі мен логиніне, код сөзіне, банктік хабарламалардағы кодтарға қызығушылық танытады.

КЕҢЕС: Егер ақшаңыздан айырылып қалмайын десеңіз және сіздің атыңызға «бөтен адамның» кредитін ресімдегенін қаламасаңыз, ешбір жағдайда дербес және төлем деректеріңізді ешкімге бермеңіз.

Ақшаға қатысты маңызды шешімдер шұғыл қабылданбайтынын естен шығармаңыз. Сабыр сақтап, сарапқа салып, өзіңізге ойлануға уақыт беріңіз, банк саласын жақсы білетін мамандардың кеңесіне жүгініңіз. Банктің байланыс орталығына немесе ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің call-орталығына «1459» нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз. 

Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

Оқылды 1550 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Необходимо четко обозначить в…

Национальная валюта должна быть защищена на конституционном уровне. Об этом на восьмом…
Ақп 05, 2026

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда…

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов…
Ақп 05, 2026

Женское крыло AMANAT участвует в…

В Центральном аппарате партии AMANAT состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде…

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске…
Ақп 05, 2026

Светское образование в Казахстане:…

В Конституции Казахстана собираются усилить защиту светского образования. Об этом во…
Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Белгілі заңгер Жаңа Конституция…

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет