Алматы облысы көлеміндегі ауылдық мәдениеттің түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстыру мақсатында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы облыстық байқаудың байрақты бәсекесі Еңбекшіқазақ ауданына да жетіп, Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде өткізілді. Аудан әкімі Б.Ысқақ пен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Т.Ғұмаров бастаған қонақтарға аудандық этно-мәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдары таныстырылып,…