Дүйсенбі, 21 Маусым 2021 09:59

Кітапханаға кітап сыйла

Кітап – рухани қазына,өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Біздің ата-бабамыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, кітап – білім бұлағы, кітап ғажап дос» – деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап біздің қайырылымдыққа, адалдыққа, әділеттілікке зұлымдықпен, күресе білуге үйретеді.

Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» жобасы аясында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің кітапханашылары Гүлзира Бидайбекова, Жадыра Саламатова «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. Әртүрлі тақырыптарда қызықты да, көркем әдеби қорын толықтыру, жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, көркем әдеби кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған акция жыл бойы жалғаспақ.  Аталған акцияға колледж оқытушылары, білімгерлері белсене қатысуда. Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы Сандуғаш Баусариева Жақыпжан Нұрғожаевтың  «Жүрегі оның жанартау» атты кітабын сыйға тартты. Кітапта Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары туралы ой-толғамдары және сұхбаттары жинақталған. Ал колледж коменданты Шырын Молдабаева Жанділдин Жұмабектің 2 томдық «Ғылым ғұмыр» кітабын, колледж хатшысы Назерке Борлыбекова   жерлесіміз,  қазақ поэзиясының  жарық  жұлдызы Тұманбай Молдағалиевтың өлеңдер жинағының бес данасын сыйға тартты. Сыйға тартылған кітаптар өз оқырмандарын табады деген ойдамыз. Қорыта келе, «Кітап ақылына ақыл сұрамайтын – ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи. Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиеттерін арттыратын да осы кітап.

 

Ж.САЛАМАТОВА,

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің кітапханашысы

Оқылды 3843 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет