Жұма, 18 Маусым 2021 09:15

Қалдырған ізің мәңгілік

Адамзат баласының сан мың жылдан бергі өркениетті өмірге деген талпынысын  ұстазсыз елестету үмкін емес. Өйткені ол – ілім мен білімнің шам-шырағы. Атақты француз ойшылы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»деген екен. Міне, сондай өсер өркеннің бақытын аялаған ардақтыұстаз,білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы Нұрхан Бектасова болатын. Жақында өзі ұзақ жыл басқарған Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі кабиенттердің біріне Нұрхан Сүттібайқызының есімі беріліп, ұстаз ұлағаты ұлықталды. Бұл айтулы шара ауданынмыздағы іргелі оқу ордасының  құрылғанына 55 жыл толған  тарихи датамен тұспа-тұс келіп отыр.

Кабинеттің ашылу салатанатына марқұмның көнекөз әріптестері мен туыстары және колледж оқытушылары қатысты. Аталған кабиенттің ашылуында Нұрхан Бектасовамен бірге тоқырау жылдарының қиындығын еңсерген әріптестері оның педагогтік, іскерлік және өзгеде сан қырлы адами қасиеттерін тілге тиек етті. Білікті басшымен бірге өткізген  жылдарды сағына еске алды. Фиолсоф Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген екен. Әріптестерінің айтуынша, осы ұлы қасиеттердің барлығы Нұрхан Бектасованың бойынан табылатын. Олардың сөзінше, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерде де қажырлы еңбегінің арқасында коллледждің тәжірибелі оқытушылары мен материалдық базасын сақтап, іргелі оқу орнын нарық заманының талаптарына бағыттаған да осы Нұрхан Сүттібайқызы болатын. Адам баласының ерен жетістікке жетуге деген ерік-жігерінің қалыптасуына оның өскен ортасы мен заманы әсер ететіні шындық. Нұрхан Бектасованың тіке туысы Рая Мұсақызының сөзінше болашақ ұстаз  бала кезінен аумалы-төкпелі заман көрген үлкендерден тәлім алып, өзіндік өмірмектебінен өтіпті. Нұрхан Сүттібайқызы КСРО спорт шебері Станислав Тынысбековпен шаңырақ көтеріп, саналы ғұмыр кешіп, салиқалы ұрпақ қалды. Шараға қатысқан Сәуле Станиславқызы колледж ұжымына алғыс айтып, ағынан жарылды. Шараның қортынды сөзін сөйлеген колледж директоры Алмас Жылқыбаев басқосудың мән-маңы-зына тоқталды. Бұл ретте Алмас Ауесханұлы: «Нұрхан Сүттібайқыз  – саналы ғұмырында парасат биігіне көтерілген тұлға. Ең басысты, Нұрхан Бектасова қай қызметте жүрседе жауапкершілікті терең сезіне білді. Артына қалдырған игілікті істерінің іздері Кеңес тұсында да, еліміз егемендігін  алған жылдардан бергі кезеңдерде де дәл бүгінгідей сайрап жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Оның айтқан ақылы, жол сілтеген жанашырлығы көпшіліктің жанына демеу болғаны сөзсіз. Елі үшін қыруар іс тындырған абзал анамыздың еңбегіне қатысты енді басталған мәңгілік ғұмыры туралы бүгінгі біз ғана емес, келер ұрпақ кесек ойлар айтатыны анық»,  – дейді.

Шара соңы Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.

 Қалдырған ізің мәңгілік,

Жанымда тұрар жаңғырып...

Осынау ән ұлағатты ұстаз Нұрхан Сүттібайқызының рухына бағыштал-ғандай күй кештік.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 3445 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет