Бейсенбі, 17 Маусым 2021 10:30

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасындағы үздіктер

Екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының ауыл мектептеріндегі 5-6 сыныптың мыңдаған оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде және тұңғыш Birge Oqý онлайн мектебінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің брифингінде белгілі болды. Ұйымдастырушылар ­– ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы.

Баспасөз конференциясында ауыл оқушыларына арналған 2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының нәтижелері жарияланды.

Өңірлер қимасында олимпиада жеңімпаздарының саны бойынша Алматы (201) және Түркістан (184) облыстары көш бастады. Ал ең жоғары балға Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарының оқушылары иелік етті.

Биыл олимпиада алғаш рет онлайн форматта өтті. «Олимпиадаға 5-6 сыныптың 150 мыңға жуық оқушысы тіркелді. I кезеңге 96 мыңнан астам оқушы қатысты. Алғашқы кезеңнің нәтижесімен өңірлер бөлінісінде ең жоғары нәтиже көрсеткен 5000 финалист іріктелді. Олардың орташа балы 400 балдан 343 балды құрағанын атап өту керек. Бұл ауыл оқушыларының дағдыларының жоғары екенін көрсетеді», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

Естеріңізге салайық, «Мың бала» олимпиадасы ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және қолдауға бағытталған. Олимпиада екі жыл ішінде ауыл мектептерінің 5-6 сыныптағы 400 мыңнан астам оқушысын қамтыды. Мақсаты – ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының академиялық білімдері мен қабілеттерінің арасындағы алшақтықты азайту.

Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

«Елбасы Академиясы» КҚ баспасөз қызметі

 

Оқылды 3147 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұстазға баға – ұрпаққа баға Қалдырған ізің мәңгілік »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2026

Қаланың дамуы – тұрақты өсім мен…

Әкімдердің халықпен тығыз байланыста болуы үкіметіміздің бас-ты талаптарының бірі екені…
Қаң 30, 2026

Газет-журнал, кітап қоры – қазақтың…

Мемлекет басшысы «Оқитын ұлт болайық» дегенде, тек ұран тастап қана қоймай, биліктің ұшар…
Қаң 30, 2026

Әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет