Жұма, 11 Маусым 2021 14:43

Ұстазға баға – ұрпаққа баға

Дүниежүзіндегі ең  абыройлы, мәртебелі, мәңгі жас мамандықтың бірі – ұстаздық. Ұстаздық ету – жүрек қалауы, шәкіртке деген шексіз махаббат, өзіңді бір сәт ұмытып, бар өміріңді  өзгенің бақытына арнау. Әр күніңді білім шамшырағын жағуға, санаңды сәулелендіруге, хақ жолында жүруге бағыттау.

«Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,

Қалса да, лездік толқындар легі жалмайды,

Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,

Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,

Ізсіз қалу – адамзат үшін жан қайғы»,

– деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы – ұлы жол. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, әркім жеке бастың қамымен кеткен бұл күнде бас шаруасын бала тәрбиесіне алмастырған ұстаз қауымын ұлықтау, сыйлау – әрбір өсер ұрпаққа бұлтартпас борыш болса керек. Жылы сөз арнап, ұлықтауға тұрарлық ұстаздың бірі де бірегейі, бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған,  мыңдаған  шәкірттерге  өмірлік бағыт-бағдар беріп, аналық мейірімін аямай төккен, аудан, облыс, республикаға аты белгілі қоғам қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы, құрметті ұстаз Бектасова Нұрхан Сүттібайқызы.

Нұрхан Сүттібайқызы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында 1939  жылы 20 қаңтарда өмірге келген. Мектеп бітірген соң жоғарғы оқу орнын аяқтап, Талғар ауданында еңбек жолын бастаған.  Білімді, іскер жас маманды екі жылдан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, одан кейін Сәкен Сейфуллин атындағы №2 мектепке директор қызметіне тағайындады. Жауапкершілігі  жоғары, талапшыл, білімді Нұрхан ұстаз аудандық депутаттар кеңесіне, одан кейін партия қызметіне шақырылған. Осы кезеңнен Нұрхан Сүттібайқызының қоғамдық және партия қызметіндегі өрлеу жолдары басталды. Ұқыпты, іскер жанды кім сыйламайды? Қызмет баспалдағымен тек қана жоғары көтеріле берген Нұрхан Сүттібайқызы 1975-1986 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының партия комитетінің екінші хатшылық қызметін абыроймен атқарғаны әлі күнге ел есінде. 1986 жылы Нұрхан Сүттібайқызы аудандағы үлкен білім ордасы атанған Есік педагогикалық училищесінің директоры  қызметіне ауысты. 18 жыл  қатарынан білім мекенін басқарып, талай жетістіктерге қол жеткізе білді. «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» демекші, тоқырау жылдарындағы қиындықтарға мойынсынбай, бейнеті көп уақыт еншісінің сынағынан да сүрінбеді. Қиын-қыстау уақытта үлкен парасаттылық пен  көрегенділік танытып, болашақ үшін  дұрыс шешім қабылдап, оң  қадамдар жасады. Оның барлығы бүгінгі болашақ қамы, колледжді, ұжымды сақтап қалып, жұмыспен қамтамасыз ету үшін жасалынған игі істер еді. Ол күндер де сарғайған парақтарша артта қалды.

Нұрхан апайдың бойында әйел адамға лайықты нәзіктікпен қатар ер азаматқа тән жақсы қасиеттері де болды. Керек кезде талапшыл, іскер, шығармашыл,  атқарған ісіне үлкен жауапкершілік танытып жүріп, жас әріптестерін де соған үйретті. Нағыз ұстаз ретінде өнегелі тәрбиесімен, талғамды киім киісімен, биязы күлкісімен, салмақты, салиқалы мінезімен шәкірттеріне де, әріптестеріне де ғибрат беруші еді. Мәдениеті мен зиялылығы, парасаттылығы мен сабырлылығы  – барлық ұжым үшін үлкен өмір мектебі болды.

Биыл Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне 55 жыл толады. «Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірттері» демекші, елу бес жылда колледж қабырғасынан жиырма мыңнан астам түлек түлеп, ел экономикасының дамуына үлестерін қосып жүр. Колледж биік белестерді бағындырып, жарқын жетістіктерге жетіп жатыр. Әрине, бұл жетістіктердің артында  ұжымды басқарып отырған білікті де білімді басшылар тұр. Соның ішінде өз  қолтаңбасын қалдырған, өзіндік сара жолы бар Нұрхан Сүттібайқызының еңбегі ерен. Өз ісіне берілгендік, шеберлік, адами қасиеттер тоғыса келіп, ұстаз мәртебесін құрайтыны сөзсіз. Біз үшін Сіздің мәртебеңіз әрқашан жоғары, Сіздің салған ізіңіз мәңгілік. Сізден тәлім алған шәкіртттер  еліміздің Туын жоғары ұстаған мақтаулы мамандар. Сіздің жасаған істеріңіз  бүгінгі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің тарихында алтын әріптермен жазылады.

 

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымы

Оқылды 3607 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет