Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 17:02

Дәстүрлі форматтағы сақтық қалай?

 

Дәстүрлі форматта оқуға кіріскен оқушылардың денсаулығына қазіргі таңда бірінші мұғалім жауапты болып тұр. Білім министрлігі енгізген жаңа ережені орындауда ұстаздардың міндеті жоғары. Аудандағы білім мекемелеріндегі оқушылардың жай-күйімен танысып,  қабылданған сақтық шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндаймыз.

Жаңа оқу жылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты біршама өзгерістермен басталғаны белгілі. Оған мұғалімдер мен оқушылар да үйреністі. Күнделікті мектепке «Ashyq» қосымшасы арқылы кіріп, бетперде тағып жүруі басты шарт. Оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауын талап ету педагогтердің міндетіне жүктелсе, оны бұлжытпай орындау –  оқушының міндеті.

Ауданымызда биылғы оқу жылында 57 080 оқушы білім алуда, оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер саны – 5380.

Барлық білім мекемелері санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балалардың көп шоғырлануын болдырмау үшін олардың қоңырау мен асханаға бару уақыты әр мектепте сабақ кестесімен оқыту ауысымына қарай белгіленген. Ауданда жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус инфекциясы 6 ұстаздан анықталған. Ал 56 оқушы вирус жұқтырғаны белгілі болса, олармен білім беру ұйымдарында 536 оқушы қарым-қатынаста болған. Бұл туралы арнайы құзырлы орынға хабарланып, оқушылар мен мұғалімдер оқшауланған. Сол мектептерге толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандырылған.

«Мектепте 3 балам оқиды. Олардың қауіпсіздігін үнемі бақылап, санитарлық ережені сақтап жүруін ескертемін. 100 пайыз оқушылардың санитарлық шараларды орындап жүргеніне өз басым сенбеймін. Олардың арасында ойын баласы бар, аурудың не екенін ескермейтіні бар. Бұл тұста ата-аналар үйден баламызға бұл вирустың қауіптілігін түсіндіре беруіміз қажет. Қазақтың «сақтансаң, сақтаймын» дегені бекер емес. Тек кіші ұлым медициналық маска тағуға әрең үйренді. Балаларыма өзін де өзгені де қорғау керектігін қажетінше түсіндіріп жүрмін», – дейді ата-ана Қ.Дюсембиева.

Бұл тұста ұстаздардың да айтары бар. «Масканы мұғалімдер шешпейді. Алайда оқушылардың мұрыннан төмен түсіріп қоятын кездері болады. Бұндай жағдайда кезекші мұғалімдер әрдайым қадағалап ескертіп жүреді.  Оқушылар белгіленген жерден кіріп-шығады. Ас ішуге әр сыныптың өзінің баратын уақыты бар. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болмайды» – дейді Көктөбе  орта мектебінің ұстазы Айсұлу Алимбетова.

Дені сау ұрпақ – қоғамның қуатты күші. Балаларын сабаққа жіберіп, ауырмай келуін тілеп отыратын әрбір ата-анаға  маман кеңесін ұсынамыз. «Вирустың бүгінде балалар арасында жиі кездесуі орын алуда. Сондықтан оны жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Ата-аналар,  балаңыздың иммунитеті мықты болуы үшін алдымен дұрыс тамақтануына көңіл бөліңіз. Құрамы дәруменге бай тағамдар беріп, табиғи таза өнімдерді қолданыңыз. Жемістер мен көкөністерді пайдаланып, темір, фолий қышқылы, А, В6, С витаминдерін ішкізгеніңіз дұрыс болады. Еңбек жұмысын жасатыңыз. Үнемі қозғалыста жүріп, спортпен шұғылданғаны артық етпейді. Тамақтанар алдында қолын сабындап жууын тексеруді ұмытпаңыз», – дейді терапевт дәрігер Азамат Аубакиров.

Оқушылардың қауіпсіздігіне мектеп қабырғасында ғана емес, тасымалдайтын қоғамдық көлікте де баса назар аударылған. Тасымалдау кезінде автобус ішіне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, 21 елді мекендегі 19 мектепке 3181 оқушыға тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. Аудан бойынша бастауыш, негізгі, орта білім беру мекемелерінің оқушыларын тасымалдау мақсатында бюджеттен 158 млн 132 мың теңге бөлінген. Облыстық білім басқармасы тарапынан өткізілген конкурс нәтижесінде тасымалдау жұмыстарын Есік пен Шелек өңірі бойынша «Ақжол Агротранс» пен «Шелек Тұлпар» ЖШС ұтып алған.  Жалпы, автобустар саны – 32 болса, мектептердің балансындағы автобус саны – 16.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 1228 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Туған жерге тосын сый Ұстазға баға – ұрпаққа баға »

Соңғы жаңалықтар

Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Когулов Аскар Турсбекович 1983 жылы 26 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Бижанов…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Сарсембеков Нұрбек Жұматайұлы 1 қыркүйек 1977 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы,…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы …

Мен, Мухадиев Құдайберген Әкімханұлы 1982 жылы 21 тамыз күні дүниеге келгенмін. 2000-2004…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Сөгеті ауылдық округінің тұрғындары. Мен Дулатов Арман Бакытович, 1971 жылы 14…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Асимахынов Дастан Сайлаубайұлы, 21 қаңтар 1990 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Кеген…
Там 28, 2025

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Байтилеуов Айдын Сарсенбаевич, 1992 жылы 27 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы, Есік…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет