Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2021 12:09

Логопедтің ата-аналарға кеңесі

Қазіргі қоғамда тілі мүкіс не уақытынан кеш шыққан балалар саны көп. Бала денсаулығына ана құрсағында жатқан кезден бастап көңіл бөлген абзал. Себебі, бала ағзасында пайда болатын аурулардың көпшілігі құрсақта жатқанда дамиды. Баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар сол кезден басталуы ықтимал. Тіл кемістігіндегі кей себептердің алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты.

Ата-аналардың бала тілін қызық көріп, олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес. Керісінше, бала ата-анасының сөйлегеніне қарап, сөзін түзеуі үшін әке-шеше әр сөзді анық дыбыстап айтуы қажет. Бала кішкене кезінен бастап өзге адамдардың қимылдарын қайталайтын қабілетке ие болса, оның ішінде артикуляциялық қимылдар да бар. Яғни, бала өзіне қарап сөйлеген адамның дыбыстау мүшелерінің қимылын да қайталайды деген сөз. Сол үшін баламен әңгімелескенде, оған қарата сөз айтқанда, әрбір қимыл-әрекетке мұқият болған жөн. 
Баланың сөйлеу қабілеті дұрыс жетілуі үшін келесідей кеңестерге көңіл бөлген жөн:
1. Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.
2. Бала сөзінің алғашқы үлгісі – туыстарының сөзі. Ата-аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы - бұл бірінші мектеп.
3. Ата-ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз, бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
4. Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.
5. Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер арасындағы үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.
6. Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз. Егер баланың сөйлеу дамуы тежелсе, мамандарға жүгініңіз.
7. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.
8. Баланы сөйлеу материалымен жүктемеңіз. Оқу кезінде балаға сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Оқуға арналған әдебиеттерді таңдағанда, балаңыздың жасын және оның қабылдау мен эмоционалды жағдайын ескеріңіз.


М.А БЕКЕЖАН,

Абыхан Жексембеков атындағы
орта мектептің педагог-логопеді

Оқылды 6295 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет