Сенбі, 20 Қараша 2021 15:01

«Pfizer»-дің «Комирнати» вакцинасын егу тәртібі

«Pfizer»-дің «Комирнати» вакцинасын егу тәртібі Сурет интернеттен алынды

Коронавирустық инфекцияның пандемиясы басталғалы Еңбекшіқазақ ауданында  вирусты жұқтырғандар саны 5459 жетті, оның ішінде 12 мен 17жас аралығындағы балалар 386 болса, 81 жағдайда вирусты жүкті әйелдер жұқтырғандығы анықталған.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың ғылыми расталған, ұтымды амалы ол - вакцинация. КВИ-ге қарсы вакцина егілген адамға коронавирустық инфекциядан қорғайтын арнайы иммунитет береді.

Өкінішке қарай, табиғи иммунитет (аурудан кейін қалыптасқан) әрдайым инфекцияларға қарсы тұра алмайды, нәтижесінде егілмеген адамдарда ауру жұқтырған кезде сырқаттанудың және  асқынулардың пайда болу қаупі жоғары болады.

Вакциналар табиғи иммунитетті төмендетпейді. Біздің елде қолданылғалы отырған  КВИ-ге қарсы вакцинаның құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан енгізілген вакцина КВИ-мен сырқаттануды тудыруы мүмкін емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір ғана бөлігі бар. Кейіннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл табиғи вирусты танып, оны жояды.

Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы мүмкін емес және КВИ-ге қарсы вакцина алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкін емес.

Тағы да бір айта кетерлігі, «Пфайзер» компаниясының «Комирнати»вакцинада организмде бедеулік немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларға әкелетін компоненттер жоқ.Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшін қауіпсіз концентрацияларда болады.

Инфекциядан кейінгі және вакцинациядан кейінгі асқынулардың жиілігі салыстыруға келмейді.Мәселен, коронавирустық инфекциямен ауырған кезде шамамен 15% жағдайда ауру оттегі терапиясын қолдану қажеттілігімен өтеді, тағы 5%-ында пациенттердің жағдайы критикалық болып табылады. Ықтималдығы жоғары аурудың ауыр түрлері егде жастағы адамдарда және  демікпемен, диабетпен және жүрек ауруларымен ауыратын пациенттерде дамуы мүмкін.

КВИ-ге қарсы иммундаудан кейін ауыр қолайсыз көріністердің тіркелуі іс жүзінде нөлдік деңгейде. Басқа елдерде тіркеліп жатқан вакциналардың енгізілуіне күтілетін реакциялар ауыр реакцияларға жатпайды, жиілігі жол берілетін көрсеткіштер шектерінде.

Бүгінгі таңда біздің елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакцинациялау дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина саналатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады. «Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген.

ДДҰ-ның аралық деректеріне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің қатысуымен клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі осы жас тобы үшін осы вакцинаның жоғары тиімділігін және қауіпсіздігін көрсетті.

Әлемдік деңгейде жасөспірімдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын жасау ұсынылып отыр. Республикада көрсетілген контингенттерге вакцинация жүргізу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау жүргізілген басқа елдердің (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндістан, БАӘ) тәжірибесіне негізделген.

КВИ-ге қарсы вакцинация  вакцинаның медициналық ұйымдарға түсуіне байланысты басталады. Ұйымдасқан ұжымдағы жасөспірімдерді вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізіледі, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша тіркелген жері бойынша емханада жүргізілуі мүмкін. Мектептерде вакцинация жүргізу кезінде екпе алған жасөспірімдер вакцинациядан кейін 30 минут бойы медициналық бақылауда болады. Осыдан кейін егілгендер  кері сабаққа орала алады, қажет болған жағдайда (әлсіздік, температураның жоғарылауы және т.б.) сабақтан босатылып, ата-аналары алдын-ала хабарла-дырылып, үйге жіберілуі мүмкін.  Кейіннен медициналық бақылау келесі 3 күн бойы егілген жасөспірімдердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тіркелген жері бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргізіледі. 

Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:

– саламатты орта (КВИ-ді қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);

– оқушылардың медициналық араласу фактісін психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңілдейді;

– өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшін ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажеті жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспірімді мектепте вакцинациялау кезінде қатыса алады;

– аш қарынға вакцинация жүргізбеу үшін жасөспірімдерді алдын ала тамақтандыру мүмкіндігі;

– психологтың болуын және мектеп оқушылары үшін таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкіндігі;

– оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлері өз мектептерінің балаларын жақсы біледі, олардың болуы жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етеді.

КВИ-ге қарсы егуді қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезінде қатыса алады.

Профилактикалық егуді жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанын ұсынады.

Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Кейбір егілетін адамдарда вакцина тек мынадай күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін: инъекция орнының ауыруы, ісінуі, шаршағыштық, бастың ауыруы, бұлшықеттің ауыруы, буынның ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; инъекция орнының қызаруы, жүрек айнуы, құсу.

Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясында (29-бап) кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекеліне ұшыратады, балаларда КВИ ауруының қаупін және өткерген КВИ-ден кейінгі асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупін едәуір арттырады.

Адамның иммундық жүйесі күн сайын көптеген антигендермен кездеседі және олармен күреседі және қорғауды қамтамасыз етеді. Вакцина дозасындағы антигендер организмді ешқандай жолмен ауырлата алмайды және КВИ-ге қарсы арнайы иммундық қорғанышты өндіруге бағытталған.

КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу мәселелеріне қатысты шағыммен вакцинация жүргізген медициналық ұйымға немесе орталық аурухана басшылығына жүгінуге болады.

Бұдан басқа кез келген вакцинаның нұсқаулығында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі және дәрілік заттардың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымдардың мекенжайы көрсетілген, оларға қолайсыз реакциялар туралы хабарлауға болады.  

Екпе алуға учаскелік дәрігерден жолдама алу міндетті емес. Вакцинацияға «Egov» порталы арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның телефоны арқылы жазылуға болады.

Алайда, жасөспірімдерді вакцинациялау медқызметкер ақпараттандырылған келісімнің қол қойылған нысанын алғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Вакцинациядан кейін жасөспірімдерде де вакцинация паспорты жасалады.

Электрондық вакцинация паспортын «eGov mobile» мобильдік қосымшасынан жүктеуге болады. QR-коды бар қағаз тасығыштағы КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтаманы тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық ұйымнан ала аласыз.

Егулер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне егулер жүргізуге ақпараттандырылған келісім алынғаннан кейін жүргізіледі. Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Диспансерлік есепте тұрған жасөспірімдер емдеуші дәрігерден консультация және рұқсат алғаннан кейін КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жіберіледі. Жасөспірімде созылмалы аурулар болған кезде, ремиссия кезеңінде вакцинация жүргізіледі.

Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшей отырып, жасөспірімге медициналық қарап тексеру жүргізеді, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексереді және жалпы жай-күйін бағалайды.

 

М.АЗЕРБАЕВ,

Еңбекшіқазақ аудандық

Санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы басшысы 

Оқылды 2480 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет