Бейсенбі, 10 Шілде 2025 10:53

Энтеровирусты инфекция дегеніміз не?

Энтеровирусты инфекция дегеніміз қоздырғышы вирустар болып табылатын ішектің жұқпалы ауруы. Ол күнделікті тығыз қарым-қатынас кезінде су, тағам,сондай-ақ ауа-тамшы жолдары (жөтел, қақырық, түшкіру кезінде), нәжіс арқылы таралады. Ауру маусымдық сипатқа ие, көктем-жаз және жаз-күз кезінде, яғни маусым аралық мезгілде күрт күшейеді. Ашық суқоймалары да осы инфекцияның таралу көздерінің бірі болып саналады.Энтеровирустар сыртқы ортаға төзімді келеді: төмен температураға шыдамды болғандықтан, тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталады, ал құбырмен келетін суда 18 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Тіпті ағып жатқан өзен суында бір айға жуық тіршілік етеді. Вирусты жоюдың тәсілі — жылыту, қыздыру, қайнату, сондай-ақ құрамында хлоры бар препараттар, ультракүлгін сәулесі бұл вирустарды тез жояды.

Энтеровирусты инфекцияның бастапқы белгілері:қызу көтерілуі (38-40˚С), әлсіздік, бас ауруы, құсу және жарықтан қорқу белгілерімен көрінеді. Кейбір жағдайларда мұрын бітіп, жөтел пайда болады. Аурудың бастапқы күндері, негізінен, қолда, аяқта, ауыз қуысында және оның айналасында бөртпе пайда болып, ол 24-48 сағаттан (кейде 8 күннен) соң жоғалып кетеді.

Мұндай белгілер байқалған жағдайда, ауру өздігінен өтеді деп күтпей, тез арада дәрігерге бару қажет. Ешқашан өз бетіңізше емделуге тырыспаңыз !

Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары жедел өтетін кез келген ішек  инфекциясына қарсы шараларға ұқсас— тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;

— тамақтан бұрын және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуып, қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтаңыз;

— жеміс пен көкөністі пайдаланудың алдында оларды жөке қолданып, соңынан қайнатылған сумен шайып мұқият жуу;

— ресми рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керек, ал шомылған кезде суды жұтпаңыз!

— жеке тұлғалардан және сатуға рұқсат етілмеген жерлерден азық-түлік сатып алмаңыз.

       Бұл дерт емделеді, дегенмен денсаулығыңыз үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтай отырып, аурудың алдын алу жеңіл болатынын есте ұстаңыз!

 

 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 705 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет