Бейсенбі, 07 Тамыз 2025 10:12

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация

Адам папилломасы вирусы (әрі қарай АПВ) – адам ағзасында кездесетін вирустар тобы, олар теріде және шырышты қабаттарда әртүрлі өзгерістер мен аурулар тудырады.

     АПВ-ның 200 ден астам түрі бар,  оның ішінде 40 түрі адамнан адамға жыныстық жолымен берілетін инфекция.  

     АПВ-ның кейбір түрлері сүйел (бородавка) немесе палиломалар пайда болуына себеп болса, кейбір түрлері жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерін, соның ішінде жатыр мойнының қатерлі ісігін шақыруы мүмкін.

    АПВ инфекциясы көбіне жыныстық жолмен беріледі,  бірақ ол тері арқылы (қарым-қатынас арқылы) да жұғуы мүмкін. Бұл вирус кең таралған және ең жиі кездесетін жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың бірі болып табылады.

      АПВ-ның кейбір қауіпті түрлері, мысалы 16 және 18 типтері жатыр мойнының қатерлі ісігімен қатар тік ішек пен ауыз қуысының қатерлі ісктерімен байланысты болуы мүмкін. Дегенімен көп жағдайда АПВ инфекциясы өздігінен жазылып кетіп жатса, кейбір жағдайда аурудың белігелері байқалмауы мүмкін.

      Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, жер бетіндегі 25 жасқа дейінгі әр бір 10 шы әйел мен ер адамның 8 АПВ жұқтырған.  

       Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойыны қатерлі ісігінің 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркелсе,  600-ден астам әйел бір жылда осы патологогиядан көз жұмады.  Біздің елде жатыр мойыны қатерлі ісігі барлық жастағы әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісігінен кейінгі кең таралған аурулардың екінші түрі болып табылады.

      Қазіргі уақытта АПВ инфекциясының алдын алудың мүмкіндігі бар, ол -ВАКЦИНАЦИЯ.

     Бүгінге қолданыстағы вакциналар АПВ- ның ең қауіпті, онкогенді 6,11,16,18 түрлеріне қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді және жатыр мойнының қатерлі ісігін алдын алу үшін тиімді болып табылады.

      АПВ –на қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 мемлекетінде оның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанды қоса алғанда осы ауруға қарсы егуде қолданылуда

     Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина Қазақстан Республикасы Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіліп, 2024 жылғы күзден бастап 11 жастағы қыз балаларға вакцинация жүргізілуде.  

       Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен онкологтардың ұсыныстарына сәйкес вакцинацияны 11 жастан бастаудың себебі осы жастағы ағзаның ерекшелігі ересек жасқа қарағанда иммундауға  тиімді және тұрақты иммунитетің қалыптасуына ықпал етеді.

     Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация ұйымдасқан түрде, мектептердің немесе емханалардың егу кабинеттерінде, тегін негізде қолжетімді.

      Егу жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан өткен, рұқсат құжаттары бар медициналық қызметкерлер тартылған.

      Вакцинацияға дәрігердің қарап тексеруінен кейін, қарсы көрсетілімдері жоқ, ата-анасының не болмаса заңды өкілінің жазбаша рұқсатымен жүргізіледі. Вакцинаны егу аралығы  6 ай болатын 2 дозадан тұрады.

      Өткен 2024 жылы (қазан, қараша, желтоқсан) ауданымызда АПВ  қарсы вакцинаның 1 ші дозасын 2763 қыз бала қабылдаған, осы балаларға вакцинаның 2 ші  дозасын салу 2025 жылдың 16 сәуір айында бастау алып, егу жұмыстары жалғасуда.

     Адам папилломасы вирусына қарсы екпе алған қыздар арасында егуден кейінгі жағымсыз көріністерге шағымданып, ауданның медициналық ұйымдарына қаралағандары тіркелмеді.

      Құрметті тұрғындар, адам папиллома вирусына қарсы вакцина жатыр мойыны обырының дамуын болдырмайтын, тиімді қорғану әдісі.

 

  

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген

 

Оқылды 374 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет